Мотивациялық қозғаушылық кезеңі. | Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Барлықтарың амансыңдар ма!» Әр бала белгіленген уақыт ішінде балалардың максималды санымен қол берісіп амандасып шығуы тиіс. Мұнда басты назар қолды мейірімділікпен қысқанға, адамның көзіне қарай отырып өзіңнің атыңды атауға аударылады. | | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастыру Іздену кезеңі. Ойын. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын. Мақал-мәтел. | Назарды сұраққа аудару: бір-бірімізді не үшін бақылаймыз? Мүмкін нұсқаларды таңдау: • Танысу үшін. • Бақылап үйрену үшін. • Кіммен отыруды таңдау үшін. • Бір-бірін жақсы білу үшін. • Өзіңді білу үшін. Топтағы балалар несімен ұқсас және бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Балаларға адамның дене мүшелері бейнеленген суреттер ұсынылады, сол суреттер бойынша бақылау тақырыбын болжамдайды. Сабақ соңына дейін қол жеткізілетін мақсатты анықтайды. (Оған рефлексия кезеңінде қайта оралады). Бұл кезеңде барлық ақпараттар көздерін еске түсіруі қажет. Бұл сабақта «Мен өзім» ақпарат көзіне назар аудару. Өзіне айнадан қарау ұсынылады. Өмірде бәрінен де ең қымбаты – адам екеніне баса назар аударту. Өлең оқуға болады: Айнам менің асыл ғой, Тек шындықты айта ғой. Бұл әлемде ең қымбат, Бәрінен ең сымбат Кім екенін айта ғой. Көңілімді жайлай ғой! Сөйлеп кетті айнасы: Әркімге-ақ қымбат баласы, Қолындағы данасы. Балалардан айнадан қандай дене мүшелерін көріп тұрғандарын сұрау. Кестемен жұмыс. Біздің денеміз қандай мүшелерден тұрады? Балаларға дене мүшелерінің жұмысы туралы белгілі заттарды айтқан соң, «Адам» сұлбасын жасауын ұсыныңыз. Ұғымдар: сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы. Динамикалық кідіріс. Қуыршағым, тыныш тұр, Дәрігер аю, дұрыс тұр. Қызыл добым, секірме, Мазамды көп кетірме. Ал дөтілдек мәшинем, Ұзап кетпе қасымнан. «Не істей алатынын айт және көрсет!» ойыны Педагог дене мүшесін айтады, балалар оны көрсетеді және оның не үшін керек екенін айтады. Қол – бірдеңені алады, ұстайды, көтереді, түсіреді, басқа жерге қояды, бірдеңені немесе біреуді көрсетеді, шапалақтайды… Аяқ – тұрады, жүреді, аттап өтеді, секіреді, тебеді… Қорытынды жасауды ұсынады: дененің әрбір мүшесі өзінің жұмысын атқарады. Педагог дене мүшелерінің қозғалысымен денені шынықтыруға ұсыныс жасайды. Ұжымдық қорытынды: Денсаулықты сақтау үшін. Өзекті мәселелер («Мен өзім»). Педагог «Біз бәріміз әртүрліміз» ойыны барысында адамдар несімен ерекшеленетінін анықтауды ұсынады. Допты лақтыра отырып, оны ұстаған балаға жоспар бойынша өзі туралы айтып беруін ұсынады. Балалардың болжамдар айтуына түрткі болады Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Дене мүшелерін атайды (оның ішінде жұп мүшелер: екі көз т.б.) 2-тапсырма. Төртбұрыш ішіне дене мүшелерінің суреттерін салады. Олардың атқаратын қызметін айтады. | Айна. «Адам» сұлбасы. Дене мүшелерінің суреттері бар карточкалар. доп | Дене мүшелері туралы жекелеп айтады.олардың атқаратын қызметі жайында баяндайды. Балалардың болжамдар айтуына түрткі болады Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Балалардың суреттерін бояйды. Жаттығуды жасайды Дене мүшелерін атайды (оның ішінде жұп мүшелер: екі көз т.б.) 2-тапсырма. Өзі туралы айтып береді Төртбұрыш ішіне дене мүшелерінің суреттерін салады. Олардың атқаратын қызметін айтады. |
Рефлексивті түзету | Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, сабақтың басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау | Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар. | Өз ойларын айтады |