Мотиватциялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Ағаш, бұта, жасыл шөп, Жайқалып өскен гүлдер көп, Рахмет саған, қайырымды жер. Бізге берген таза ауа көлеңкені, Жапырақ жидек пен жемістер, Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер. Жапырақты жұлмаймыз, Бұтақты біз сындырмаймыз. Су құямыз қараймыз, Аялаймыз, қорғаймыз. | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену - ұйымдастырушы | Слайд бойынша тәрбиешінің әңгімесі: Балалар, бүгін біз жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар мен жидектер туралы әңгімелейміз. (суреттерін көрсетіп, түр-түсі туралы балаларға сұрақ бере отырып таныстырады). Саңырауқұлақтар жазық далада, ағаштардың түбінде өседі. Жидектер бұталарда, ағаштың түбінде өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардан әр түрлі тамақ жасауға болады. Жидектерден тосап, шырын жасауға болады. Сонымен бірге саңырауқұлақтар мен жидектердің арасында жеуге жарамсыздары да болады, яғни олардан сақтануымыз керек. Біздің танысатын саңырауқұлақтар мен жидектер Маңғыстау даласында өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар- қозықұйрық, түлкішек. Оларды тағам жасағанда қолданалады, себебі дәрументерге өте бай. Сонымен қоса олардан әр түрлі емдік дәрілер жасайды. Маңғыстауда кездеседі. Ал, жеуге жарамсыз-шыбын жұт. Ол өте улы. Бойында шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндіктерді өлтіретін қасиеті бар. Байқаңдар балалар ол улы және жеуге жарамсыз. Жеуге жарамды жидектер-итмұрын, тұт. Біздің қалада да бұл жидектер өседі. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Тұттың жемісінен сусын, шырын алуға болады. Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақтар мен жидектер» Шарты: Саңырауқұлақтар мен жидектерді ажырату, топтастыру. Сергіту сәті: Әне, аюдың апаны, Жатыр онда дәу аю. Жайлап басып барайық, Саңырауқұлақ, жидекті, Білдіртпей біз алайық. Ұйықтап жатқан аюды, Оятып біз алмайық. Қозықұйрық Өседі жота, жазықта, Бойында көп дәрумен. Ел құмар жеуге ас, азық та, Жасайды одан дәрі де. Түлкішек Қолданады емге де, Ауырса бауыр егер де, Түлкішекке құрт түспес, Дәмді ас ол жегенде. Шыбын жұт Өлтірер уы шыбынды, Көп түрін жеуге келмейді. Шикізат көзі ол, табиғи, Дәрілер жасап емдейді. Итмұрын Жабайы раушан дейді екен, Итмұрынды ел кейде. Піседі екен жемісі, Қараша айы келгенде. Тұт Өсірер тұт ағашын Баптар «жібек құрты» үшін. Жібек мата жасауға, Көйлек тігер жұрт үшін. Саусақ ойыны: «Саңырауқұлақтар» Шынашығым орманға бар! Шылдыр шүмек, саңырауқұлақты тап! Ортан терек, тазалап ал! Балаң үйрек, қуыра сал! Бес бармағым, барлығын жеп! Өсіп қапсың толып | Слайдқа назар аударып, тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды. Саңырауқұлақтар мен жидектерді топтастырады. Сергіту сәтін орындайды. Саңырауқұлартар туралы өлең жолдарын тыңдайды. Саусақтарын көрсету арқылы саусақ ойынын ойнайды. |