Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін түсіндіру.
Тәрбиеші. Қазақстан туған өлкем,
Жер көп сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белге сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Балалар біз сендермен бірге бүгін ойындар ойнаймыз. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма? Екі топқа бөлініп жарысқа дайындалайық, енді өзімізді таныстырып өтейік.
1 – топ: «Табиғат»
Ұраны: Табиғатты сүйемін,
Көркіне бас иемін.
2 – топ: «Жасыл желек»
Ұраны: Ажарлы туған өлке атырабым,
Жайқалған жасыл желек жапырағың.
Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Ендеше табиғат жайында балалардың сөздерінен байқап көрейік.
1 - бала. Өзім тұратын туған жерімнің тазалығын сақтаймын.
2 - бала. Мен ағаш еккенді ұнатамын, жасыл желектерді күтемін.
3 - бала. Табиғат аясында демалуды суға шомылғанды ұнатамын.
Тәрбиеші. - Енді, балалар, ойынға да кезек келді, сендер табиғатты аялай білесіңдер ме? Ендеше бәріміз бірге табиғатты қоқыстардан сақтайық.
1 - Ойын «Табиғатты аялайық» Балалар барлығы бірігіп қоқыстарды жинайды
2 - Ойын: «Кім жылдам?» Балалар екі топқа бөлініп кезектесіп кедергіден өтіп жарысады.
3 – Ойын «Гүлдерді жинау» Жіпте тізіліп ілініп тұрған гүлдерді балалар кезекпен келіп үзіп алулары қажет. Әр жинаған гүл өздеріне ұпай ретінде қосылады.
4 - Ойын «Жаңбырдан қорған» Топ басшысы қолшатырды ұстап командасындағы балаларды бір-бірден мәреге дейін жүгіріп апаруы қажет.
Топтық би «Самал жел» жапырақтармен би. Балалар жапырақтарды қолдарына ұстап тәрбиешімен бірге қайталап би қимылдарын орындайды. Сайыстың соңында жарысқа қатысқан балалар мадақталады.