Тосын сәт: Топқа қоян кіріп келеді. Ол өзінің аурып қалғанын айтады.
Болалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Маған орманға барып, ертегілер еліндегі Айболит дәрігерді тауып алу керек, ал мен ертегілер білмеймін. Маған көмектесіңдерші.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Балалар қоянмен бірге жолға шығады. Ал енді жолдарды қысқарту үшін сіздермен ойын ойнайық.
Ойын: «Ғажайып текше» деп аталады. Мен текшені қазір лақтырамын. Қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қандай ертегіде кездесетінін айтуымыз керек. (ойын ойнап келе жатып сиқырлы үйшіктерге кездеседі) - Балалар қараңдаршы қандай әдемі үйшіктер. - Ашып көрейікші, ой мына есіктер ашылмайды ғой. - Енді оларды қалай ашамыз? - Балалар мына жерде жұмбақтар жазып қойыпты, қане шешіп көреміз бе? - Ия жұмақты шешіп көрейік. - Мүмкін шешуін тапсақ, сиқырлы есіктер ашылатын шығар. Жұмбақ. Мұрны бейне түйме Үсті толған ине (кірпі) Түрі көмірге ұқсайды Қалбалақтап ұшады (қарға) Қыста ұйықтайды Жазда ойнайды (аю) Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (қоян) Жұмбақтың шешуін тапқан кезде сиқырлы үйшіктен қоян, аю, кірпі, қарға шығады. - Балалар, бұлар қай ертегінің кейіпкерлері? - «Алма» ертегісі Аңдар: Жарайсыңдар балалар, қазір біз сендерге «Алма» ертегісін сахналап берейік.
Сергіту сәті:Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Мінеки, алдымызда тұрған кім екен? Балалар бұл Айболит дәрігер деп жауап береді.Қоянның неге ауырып қалғанын сұрайды. Ауырмау үшін не істеу қажеттігін балаларға айтады. Билингвалдық компонент: қоян-заяц, ертегі-сказка денсаулық- здоровье
Жеке жұмыс: Айлана, Алина біз қайда келгенімізді қайталап сұрау.
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалар қоянмен қоштасып, топқа қайтады. Қайда барғандарын айтады, кімге көмектескендерін естеріне түсіреді.