Мектепке дейінгі мекеме балаларына сабақ беру жоспары
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка
Тақырыбы: «Бесік жыры»
Мақсаты: балаларды қазақтың салт- дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Ата-анасын сыйлай, қастерлей білуге баулу. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін музыка тілімен жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілік: Бесік, бесік жабдықтары, қуыршақ.
Сөздік жұмыс: Бесік
Шаттық шеңбер
Қуан, шаттан, балақай!
Жарқырайды аспанда күн, алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге сәлем беріп,
Тілейік бақыт баршамызға осындай.
Балалар бүгінгі ауа райы қандай?
Жылдың қай мезгілі?
Біздің ұлтымыз қандай?
Дұрыс айтасыңдар балалар біздің ұлтымыз қазақ, біздің өз салт- дәстүріміз, әдет- ғұрпымыз бар. Біз бүгінгі оқу қызметімізде «Бесік жырын» өтеміз.
Бесікті кім біледі, бесікке жатып көргендерің барма?
Дұрыс айтасыңдар балалар аналарымыз бізді кішкене кезімізден бесікке бөлеп ұйықтатар алдында «Бесік жырын» айтқан екен.
Ән тыңдау:
« Әлди, әлди, бөпем-ай»
(Б. Аманжол, Г.Аманжол)
Қуыршақты төсегіне жатқызып, «Бесік жыры» айтылады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ананы қастерлей білу керектігін.
Игереді: Бесік жырының әуенін ажырата білуді.
Меңгереді: Әуен ырғағына сай қимыл жасауды.
Дәулетхан Зіпа
«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі
Сағабүйен ауылы