а) ?тілген ертегілерді еске т?сіріп, білетін ертегілердегі ?рекеттерді ?ыс?аша айтып ?ту, жа?а ертегіні? мазм?нын ты?дау?а ?ызы?ушылы?ын арттыру.
?) Ертегіні? мазм?нын ??гімелеу, ойлау ?абілетін, с?здік ?орын, м?нерлеп с?йлеу да?дыларын арттыру.
б) Досты??а, ?йымшылды??а, бауырмалды??а т?рбиелеу, жа?ымды ж?не жа?ымсыз ?рекеттерді сезіне білуге, шынды??а, ?ділеттілікке, е?бекті ба?алай білуге, с?юге, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«ОУД Ертегі »
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Торғай мен түлкі».
Мақсаты:
а) Өтілген ертегілерді еске түсіріп, білетін ертегілердегі әрекеттерді қысқаша айтып өту, жаңа ертегінің мазмұнын тыңдауға қызығушылығын арттыру.
ә) Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, ойлау қабілетін, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру.
б) Достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, шындыққа, әділеттілікке, еңбекті бағалай білуге, сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: ертегі, кейіпкерлер.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің бейнесі (түлкі, торғай, ит).
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Жылулық шеңбер. Армысың, асыл Күн! Армысың, асыл Жер! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым! | Балалар шеңберде тұрып лебіздерін іс -қимыл арқылы білдіреді. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | Ертегімді бастайын Қиялдап бір тастайын. Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде Жас данышпандар болыпты «Айгөлек» тобында. Ерте, ерте, ертегі Ертегі сыр шертеді Ертегіні жақсы айтқан бала Мақсат – мұратына жетеді. Педагог ертегіні оқып береді, ертегі айтылып болысымен түлкі мен торғайдың іс – әрекеттеріне құрылғанын айта отырып: сұрақ – жауапқа жұмыстану. Түлкі не істеді? Оның жасаған әрекеті қандай? Ал, торғайдың әрекеті туралы не айтар едіңдер? Досына солай етуге бола ма? Ит қандай әрекет жасады? Нағыз дос деп кімді айтуға болады? Сендер қалай істер едіңдер? Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Себеттерге салайық. Ешкі мен лақтар қайда тұрады? Ешкі тоғайға не үшін барды? Ешкі тоғайға кеткенде кім келді? Лақтар қасқырға есікті неге ашпады? | Балалар қойылған сұрақтарға толық дұрыс жауап беруге тырысты. Орындарынан тұрып бойларын сергітеді. Балалардың жауабы. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Қортынды: Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтау. | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегінің мазмұны мен жан – жануарларды атауларын.
Қандай түсініктерді игерді: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.
Меңгерген дағдыларды мен іскерліктері: шығарманы зейін қойып тыңдауды.