| ТАҚЫРЫБЫ: Отан деп соғады жүрегім | | Мектеп/МДҰ: | | |
| | | | | | | |
| Күні: | | | Педагогтің аты-жөні: | | |
| Сынып/топ: | | | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар |
| | | | | | саны: |
| ҰОҚ оқытылу | 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау |
| мақсаты | 0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана |
| | | білу | | | |
| | | 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру | | |
| | | 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып |
| | | жеткізу | | | |
| Күтілетін нәтиже | Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды |
| | | дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, |
| | | белгілер қолданып жеткізеді. | | |
| | | Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра |
| | | алады. | | | |
| | | | | | |
| | | Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда |
| | | әдептілік сөздерін қолдана біледі. | | |
| Тілдік мақсат | Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады,сөздік |
| | | қорын кеңейтеді. | | | |
| | | Көптілділік: Отан – Родина – Motherland | | |
| | | Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: | | |
| | | Отан, Қазақстан | | | |
| | | Пікір алмасу сұрақтары: | | |
| | | Біздің еліміз қалай аталады? | | |
| | | Еліміздің елордасы қай қала? | | |
| | | Еліміздің қандай көрікті жерлері бар? | | |
| | | | | | |
| Өткен ҰОҚ алған білім | Мамандықтар туралы білімі бар. | | |
| | | | | | |
| | | Жоспар | | |
| | | | | | |
| Жоспарланған уақыт | | Жоспарланған іс-әрекет | | Ресурстар |
| | | | | | |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл | | Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, педагогпен | | |
| күй орнату. | | қосылып өлең жолдарын қайталап айтады. | | |
| 0-2 минут | | Отан деген - Атамекен, | | |
| | | Отан деген - туған жер. | | |
| | | Отан - ана, Отан - үлкен, | | |
| | | Қазақстан - туған ел! | (Ермек Өтетілеуұлы) | | |
| ІІ. Мақсатты болжам. | Педагог «Отан – анаң, қамқоршың», «Отан деп | | |
| 3-5 минут | | соғады жүрегім» сөздерінің мағынасын түсіндіреді. | | |
| | | Балалармен бірге талқылайды. Балалар өз болжамда- | | |
| | | рын айтады. | | | |
| | | Педагог қорытынды жасайды: Отанын сүйе білмеген | | |
| | | адам бақытты бола алмайды. Өйткені атақ та, даңқ та, | |
| | | бақыт та, бақ та Отанды сүюден басталады. | | |
| ІІІ. Тақырып бойынша | Әліппе-дәптермен жұмыс: | | Әліппе-дәптер |
| жұмыс. | | 1-тапсырма. Сен Астана қаласында болдың ба?Саған | |
| 6-27 минут | | бәрінен де не ұнады? Әсеріңмен бөліс. Суретте қандай | |
| | | орындар бейнеленген? | | |
| | | | | | | |
| | Педагог әрбір қаланың өз эмблемасы, символы | | |
| | болатыны жайлы ой қозғайды. | | |
| | - Астана қаласының символы не? | | |
| | - Бәйтерек туралы не білесіңдер? | | |
| | Әліппе-дәптермен жұмыс: | | |
| | 2-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Боя. | | |
| | Сергіту жаттығуы: | | |
| | Төскейде жел еседі, | | |
| | Төбемнен бұлт көшеді. | | |
| | Туған жерім мен үшін | | |
| | Көк майсасын төседі. | | |
| | «Кім Отан туралы көп мақал айта алады» | | |
| | конкурсын өткізу. | | |
| | Көптілділік: Отан – Родина – Motherland | | |
| | Әліппе-дәптермен жұмыс: | Әліппе-дәптер | |
| | 3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер. | |
| | | |
| | «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпта | | |
| | әңгіме құрастыр. | | |
| | Педагог балаларды біздің Отанымыз – үлкен | | |
| | ел. Елімізде барлық халық тату-тәтті, келісімде | | |
| | өмір сүреді деген ұғымға келуге жетелейді. Біз өз | | |
| | Отанымызды сүйіп, қорғауға тиіспіз. | | |
| | Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіру. | | |
| | Отан | | |
| | Отан - сенің ата-анаң, | | |
| | Отан - досың, бауырың. | | |
| | Отан - өлкең, астанаң, | | |
| | Отан - аудан, ауылың. | | |
| | Отан осы, достарым, | | |
| | Көңілде мұны түйе біл. | | |
| | «Отан» деп өс, жас қауым, | | |
| | Оны ардақтап сүйе біл. (Бүркіт Ысқақов) | | |
| | | | |
| IV. ҰОҚ | Педагог қорытынды жасайды, балаларды | Әліппе-дәптер, түрлі | |
| қорытындысы. | марапаттайды. | түсті қарындаштар | |
| Рефлексия. | (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап | | |
| 28-30 минут | қорыту. | | |
| | Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен | | |
| | бояуын сұраңыз: | | |
| | Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; | | |
| | Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары | | |
| | қарындашпен; | | |
| | Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – | | |
| | жасыл қарындашпен. | | |
| | | | |