Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
№6 орта мектеп жанындағы шағын орталық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «От – біздің досымыз, әрі жауымыз»
Тобы: Ортаңғы тобы
Өткізген: Исмагулова М.О.
Мұнайлы ауданы
Білім беру салалары: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «От – біздің досымыз, әрі жауымыз»
Мақсаты: Балаларды оттың қай уақытта дос, қай уақытта жау екенін көре білуге үйрету. Абай болу және өзін қорғау сезімін, қиын сәтте қол ұшын созған адамдарға алғыс білдіру сезімін тәрбиелеу. Өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру. Оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. Өрт кезіндегі балалардың өзін - өзі ұстау ережелерін автоматты қалыпқа дейін жетілдіру.
Көрнекіліктері: Слайд, өрт сөндіру балоны, өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру құралдары.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Әуенмен балалар залға кіріп, бір сызық бойына тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа тәрбиешілер келген. Қәне, қонақтармен амандасайықшы.
Балалар: Саламатсыздар ма?!
Тәрбиеші: Балалар, біз қонақ келсе қуанамыз ба?
Балалар: Қуанамыз!
Тәрбиеші: Қалай қуанамыз?
Балалар: Алақай! Қуанышты жүзбен!
Тәрбиеші: Олай болса балалар, қонақтарға қалай қуанатынымызды айтып жеткізейікші:
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын кез келді.
Күлімдейді күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына жерде от жанып тұр ғой! Оттың жылуы қандай керемет!
Балалар: От қараңғы кезде жарық болады.
Осы кезде есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңыздаршы, есік қағылғандай болды ма? Қазір мен қарайын.
Ішке өртсөндіруші кіреді.
Өртсөндіруші: Саламатсыздар ма, балалар?!
Балалар: Саламатсыз ба, өртсөндіруші ағай!
Өртсөндіруші: Саламатсыз ба, апай?! Апай, балалар, сіздер оттың пайдасын айтып, мақтап отырсыздар. Дұрыс, «от –біздің досымыз, әрі жауымыз».
Тәрбиеші: Қалай сонда?
Өртсөндіруші: Отты дұрыс пайдаланбаса бір сәтте ол бізідң жауымызға айналады. Қазір мен сендерге түсіндіріп берейін. Мына суретке қараңдаршы.
Слайдпен жұмыс жүргізіледі.
Өртсөндіруші: Балалар, мына құралдар менің көмекшілерім. Өрт сөндіру құралдарының маңызы туралы кім айтады?
Өртсөндіруші: Жарайсыңдар, балалар! Бұлардың бәрі менімен бірге мына бір әдемі үйде тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, шаршап қалған болсаңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті орындалады.
Тәрбиеші: Ой – ой – ой, балалар, өртсөндіруші ағайдың үйі жанып жатыр. Енді не істейміз? Қарап тұрмайық, өрт сөндіруге көмектесейік.
Балалар: Үлкендерге айту керек.
Өртсөндіруші: Рахмет, балалар, сендердің өрт сөндіру қауіпсіздігі ережесін білгендерінің арқасында, үйімді сөндіруге көп көмек бердіңдер. Қәне, балалар, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Сюжетті – рөлдік ойын: «Мен болашақ өртсөндірушімін»
Мақсаты: Балаларға өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін үйрету. Өртсөндіру көліктерінің маңызын түсіндіру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.
Өртсөндіруші: Балалар, мен сендерге қатты риза болдым. Әдемі де, әдепті балақайларға өзімнің сыйлығымды берейін. Алыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздер көп нәрсе үйрендік. Өртсөндіруші ағаймен күніміз көңілді өтті.Әрқашанда бізбен бірге болыңыз!
Ән : «Әрқашан күн сөнбесін» орындалады.
Өртсөндіруші мен балалар қонақтармен қоштасып, әуенмен залдан шығып кетеді.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт