Просмотр содержимого документа
«Ойын - сайыс: "Каля - Маля" »
«Каля - Маля» ойын сайысы.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, қонақтар бүгінгі «Тұлпар» мектепалды даярлық тобымен ұйымдастырып отырған «Каля – Маля» ойын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Сиқырлы бояулар тобы
Қылқаламдар тобы
Бұл сайыста сендер көңілді ойындар ойнап, сурет салып жарысасыңдар.
Балбөбек, балалық шақ балдырған,
Келер күндер шығар сенің алдыңнан.
Елге тұлға , ұлан болшы балақан,
Биікке ұшар суретші болшы балдырған
Жүргізуші: Олай болса, балалар сайысымызды бастайық. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
Жұмбақ шешу.
Суретті боя
Қатесін тап
Суретті аяқта
Кім жылдам?
Сурет көрмесі
Жүргізуші: 1 кезең: Жұмбақ шешу. Шарты: Балалар жұмбақтың шешуін шешіп, суретін салады.
Қорбаң – қорбаң етеді, Орман оның мекені. Тәтті балға тойып ап, Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)
Қызықтырып әркімді, Суда жүрет жалтылдап. «Б» әрпінен басталатын, Сол жәндіктін атын тап. (Балық)
Кейде көрсең орқтай,
Кейде көрсең табақтай. (Ай)
Жүргізуші: 2 кезең: «Суретті боя»
Берілген суретті ретімен бояп шығады.
Жүргізуші: 3 кезең: «Қатесін тап»
Суреттердің қатесін тауып, дұрыс бояп шығады.
Жүргізуші: 4 кезең: «Суретті аяқта»
Берілген суретті аяқтап салады.
Жүргізуші: 5 кезең: «»Кім жылдам?
Сурет салуға қажетті заттарды доппен секіріп тасиды.
Жүргізуші: 6 кезең: Сурет көрмесі: «Менің бақытты әлемім»
Балалар өз еріктерімен сурет салады.
Жүргізуші: Балалар бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңа көп рахмет.