kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О дыбысы ж?не ?ріпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы Петропавл ?аласы "?уырмаш" ша?ын орталы?ыны? ?аза? тілі м??алімі Аманжолова Тана Тастан?ызы. 1 санат,  е?бек ?тілі -18  Мектепке дейінгі балаба?шада 2 жыл ж?мыс істеймін.Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан саба? ?лгісі. Б?л саба?та балалар О ?ріпімен танысып, д?рыс айту?а да?дыланады. Жа?а с?здерді ?йренеді.  ?ай с?здерде о дыбысы барын аны?тайды. Та?па?тар жаттайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О дыбысы ж?не ?ріпі »

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы

«Қуырмаш» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

Аманжолова Тана Тастанқызы

Тақырыбы: “ О ” дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

- О дыбысы мен әрпімен таныстыру. Балаларға білім беріп, олардың ой - өрісін, есту, есте сақтау қабілетін, белсенді қызығушылығын дамыту;

- Имандылыққа тәрбиелеу. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.

Міндеті:

- Балалардың сабаққа деген қызығушылығын туғызу;

- Өткен жаңа сөздерді еске түсіріп, қайталау;

- Жаңа тақырыппен таныстыру;

- Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту;

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, практикалық, сөздік.

Көрнекіліктер: Хат, О әрпінің таңбасы, ойыншықтар, «орамал», «торғай» бейнеленген суреттер.

Қолданылатын құра - жабдықтар: текшелер, доп, сөйлем сызбасы, тақта, магнит, «Балапанның жазу дәптері».

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер.

- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын және бүгін бізге топқа қонақтар келіп отыр. Ал, қане, бәріміз дөңгелене шаттық шеңберге тұрайық, бір - бірімізбен амандасайық:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

- Жақсы балалар енді дөңгеленіп отырайық. Балалар қараңдаршы бізге «Әліппе» елінен хат келіпті. Өзі қандай үлкен және ауыр екен. Не деп жазып жібергендерін көрейік пе? Жақсы қазір ақырын ашайын:

« Сәлеметсіңдер ме, даярлық «А» тобының балалары! Біз «Әліппе» елінің патшасы Дауыссыз дыбыс және ханшайымы Дауысты дыбыс сендерге қуанышты хабар жеткізбекпіз. Бүгін сендерге сабақтың соңында сыйлық жібереміз. Бірақ бұл сыйлыққа сендер лайықтысыңдар ма? Оны мына тапсырманы орындасаңдар ғана көз жеткіземіз»,- деп жазып жіберіпті.

- Қараңдаршы патша мен ханшайым жазып жіберіпті. Сыйлықты алайық. Ол үшін тапсырманы орындаймыз ба?

- Қандай болсын тапсырманы, орындамай қоймаймыз.

Қайталау.

- Жақсы, онда 1 - тапсырма. «Балалар сендер қандай таппақтар білесіңдер?»

- Балалар бұл енді оңай тапсырма. Қане өткен сабақтардағы әріптерді қайталап есімізге түсірейік:

1. Аяулы ару – Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Алқызыл апорт алмасы. (А әріпі).

2. Пай - пай, пілдің күштісі - ай,

Піл пайдалы үйреткен,

Пара - пар ол кранға,

Бөренені сүйреткен. (П әріпі).

3. Соңында ол айдың да,

Соңын да ол тайдың да.

Тұрады ол ортада,

«Айбын» менен «айдында». (Й әріпі).

4. Айырға аздап ұқсайтын,

Сабы жоқ, бірақ ұстайтын,

Тарақты еске салатын,

Қайсы әріп, кім бар табатын? (Ш әріпі).

5. Түсі сары сүйкімді,

Дәмі қышқыл бір түрлі.

Ащы дей де алмайсың,

Шекерсіз жей алмайсың. (Лимон. Л әріпі).

6. Ас біткеннің анасы,

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған, қарашы. (Н әріпі).

7. Ұқсайды өзі шалғыға,

Елестет көз алдыңа.

Кәне, ойланып табайық,

Болды екен бұл қай әріп. (Ғ әріпі).

8. Бастайды ол «таңды»да,

Бастайды ол «талды»да.

Келіп тұрған қай әріп,

«Тау» мен «тастың» алдын да?(Т әріпі).

9. «Уық» деген немене?

«Уыз»жегің келе ме?

Қай әріптен атаулар,

Басталып тұр атаңдар. (У әріпі).

10. Бір әріп бар,

Кей бала,

Дұрыс айтпай бүлдірген,

Тыңдап тұрған айнала,

Жолдастарын күлдірген. (Р әріпі).

Жаңа тақырыппен таныстыру.

- Өте жақсы, 1 - тапсырманы орындадық. Келесі тапсырманы оқиық. 2 - тапсырма. «Әліппе» елінің ханшайымы Дауысты дыбыс былай деп жазыпты: «Балалар бүгін сендер жаңа бір дыбыспен, әріппен танысу керексіңдер».

- Таныссақ танысайық. Жаңа әріппен танысу үшін орнымызға отырайық.

- Қолыма бірнеше ойыншықтарды алып:

- Балалар мынау не?

- Балалардың жауабы.

- Жалпы атауы қалай?

- Ойыншық.

- Жақсы, « ойыншық» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

- «О» дыбысынан.

- Дұрыс, «О» дыбысынан. Кәне барлығың менің аузыма қараңдаршы, «О». Ал енді өздерің айнаға қарап айтып көріңдер. «О - о - о» жақсы, дыбысты не істейміз?

- Дыбысты естиміз, айтамыз.

- Ал, «О» дыбысын қалай айтып тұрмыз?

- «О» дыбысын әндетіп, созып айтып тұрмыз.

- Жақсы, егер біз оны әндетіп айтсақ ол қандай дыбыс?

- Дауысты дыбыс.

- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

- Қызыл текшемен.

- Енді оның әріп таңбасымен танысайық. (Тақтаға О, о таңбасын іліп қою). Қараңдаршы О әріпі неге ұқсайды (дөңгелекке, шеңберге)? Әріпті не істейміз?

- Көреміз, жазамыз.

- Қалай ойлайсыңдар біз 2 - тапсырманы орындадық па?

- Балалардың жауабы.

- Онда келесі тапсырмаға көшейік.

Ойын.

3 - тапсырма: « «О» дыбысына сөз ойлау керек».

- Бұл тапсырманы орындау үшін «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық, ол үшін кілемнің үстіне дөңгелене отырайық.

- «Сөз ойла, тез ойла» (доппен).

- Балалардың жауабы.

Сергіту жаттығуы.

Біз орманға келе жатырмыз. Күн 

жарқырап тұр. Ағаштар қозғалып тұр. Қоян секіріп бара жатыр. Алаңда көп гүлдер өсіп тұр. Кәне жинап алайық. Гүлден жұпар иіс аңқып тұр иіскеп көрейік.

Жақсы серігіп алдық. Енді орманнан бақшаға оралайық.

Дыбыстық талдау.

- Ал, балалар келесі тапсырманы қарайық. 4 - тапсырма. «Орамал, торғай сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар».

Балалар текшелермен дыбыстық талдау жасайды.

- Бұл тапсырманы да орындадық, өте жақсы.

Сабақты қорытындылау.

Шаттық шеңберде отырып.

- Балалар бүгін біз қандай әріппен таныстық?

- Балалардың жауабы.

- Жақсы. Енді әліппе елінен келген О дыбысы туралы өлеңді жаттайық:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады,

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары?

- «О» әрпінен.

- Бұл өлеңді тағы қайталап жаттаймыз.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О дыбысы ж?не ?ріпі

Автор: Аманжолова Тана Тастан?ызы

Дата: 27.09.2015

Номер свидетельства: 234036

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашы? саба? "Ф дыбысы ж?не ?рпі""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakfdybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "298116"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456295261"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства