kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Не үйрендік, не білдік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Не үйрендік, не білдік»

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Не үйрендік, не білдік»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың білімдерін жаңа ақпараттармен байыту. Жыл бойына үйренгендерін көрсете білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Өздігі мен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, қызығушылығын арттыра отырып зейінін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ауыз әдебиеті (ертегі, жұмбақ, қызықты тақпақтар) арқылы білім мен өмірді байланыстыра, ой еңбегіне бейімдеп адамгершілік қасиеттерге баулу.Мүсіндей білуге дағдыландыру.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың

іс-әрекеті:

Дәлелдеу-ояту:

Тәрбиеші: Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?

-Күннің ауа-райы қандай?

-Иә,өйткені қазір көктем мезгілі күн шуағын төгеді.Көктемде күн нұрын төгеді.

Енді күн шуағын алып тастасақ не шығады?
Балалар, сендер ертегі тындағанды жақсы көресіндер ме?

-Ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ендеше ғажайып ертегілер әлеміне тезірек барайық. Ол үшін мынандай тапсырма орындау керек: мұқият тыңдаңдар «Мен атамнан да қаштым, мен апамнан да қаштым».

-Бұл қандай ертегі?

Дұрыс «Бауырсақ ертегісі»

Бірақ, балалар бұл ертегі жаңа нұсқадағы ертегі.

Балалар муз. залға кіріп орындықтырға отырады зейін қойып тыңдап,.

-Жақсы

-Жылы

-Бауырсақ


-Жақсы көреміз


-Сиқырлы, ғажайып




-«Бауырсақ» ертегісі

Іздену – ұйымдастырушы































Музыка ойнайды.

Перде ашылып, ата мен әже отырады

Тәрбиеші: Ерте-ерте ертеде бір ата мен әже болыпты. Бір күні атасы әжесіне дәмді бауырсақ пісіріп берші деп жалыныпты.

-Ата- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

-Әже -  Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 

-Ата - Қойманың түбін қара бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші:

Кемпірі солай істейді: Әже: Екі уыс ұн таптым.

Қаймаққа шылап қамыр иледім.

Бауырсақты майға пісірдім.

Пісіп шықты, дәмді мынандай бауырсақ?

(Әже қимыл-қозғалыстар жасап балалар-

дың бастарына бауырсақты кигізеді ).

-Әже: Атасы сізге көп бауырсақ пісіріп бердім. Барлығы сүйкімді, дәмді хош иісті болып шықты.

-Ата: Көріп тұрмын. Шынымен олар сүйкімді екен. Оларды жегім де келмей қалды.Барлығымыз бір отбасы болып тұрайық. Осы кезде үйдің сыртынан шулаған дауыстар естіледі.

Барлығы сыртқа шығып қараса: (Алаңқайда қоян, қасқыр, аю таласып жатады)

Қоян: мен біріншімін

Қасқыр: мен біріншімін

Аю: мен біріншімін

Ата мен әже бірге: Әй, әй не болды қойыңдар. Неге таласып жатырсыңдар?

Аю: «Бауырсақ» ертегіде бауырсаққа кім бірінші кездескенін білмей тұрмыз, соған таласып қалдық.

Қоян: мен бірінші болғам.

Қасқыр: Біз аю екеуміз бірінші болғанбыз

Әже: Тоқтаңдар, бұл мәселені шешуге бауырсақтар көмектеседі, солай ғой, бауырсақтар?

-Аю: сендер көмектесесіндер ме?

Әже: Бауырсақтар, мына суреттерге қарап, айтыңдаршы, кім бірінші, кім екінші, кім үшінші бауырсаққа кездеседі.

Әже – Мына суреттерді рет ретімен қояйық.

Әже: қоянды қай санға тұрғызамыз?

  • Қасқырды қай санға тұрғызамыз?

Әже:

Аюды қай санға тұрғызамыз?

Ата: Жарайсындар!Дұрыс!

Қасқыр: Рахмет сендерге, бауырсақтар!

Ата: ендеше барлығымыз қызықты ойын ойнайық.

Қоян: Біз ойын ойнағанды жақсы көреміз.

Дид-ойын: «Аңды суреттеу арқылы тап»

Шарты: Бір бала ортаға шығып теріс қарап тұрады, қалғандары көрсеткен аңды суреттейді. Ортада тұрған бала жауабын айтады.

Ата: Әжесі, қарашы біздің бауырсақтарымыз қандай ақылды, тапқыр.

Жарайсыңдар!Енді аңдарға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Аңдар: Рахмет бауырсақтар, бізбен ойнағандарыңа, көңіліміз көтеріліп қалды.

Кемпір, қарашы, мен бір себет таптым.

Ашып көрейікші, ішінде не бар? Бауырсақтар, сендердің ақылдарың үшін және мейірімді жүректерің үшін аю, қоян, қасқыр сендерге бауырсақ түстес ермексазды сыйлады.

Кәне айтыңдаршы, бауырсақтың түсі, пішіні қандай?

Ата: Иә, дұрыс айтасыңдар олар сары.

Әже: Керемет, қандай әдемі, ендеше осы ермексазды алып, бауырсақтарды мүсіндейік.

Балалармен ермексазбен жұмыс жасау. Алдымен ермексазды илеу тәсілдерін жасау. Бауырсақты мүсіндеу.

Әже: Керемет, қандай ғажап болып шықты!!!

Бауырсақтар сендерге ұнады ма?

Ата: Әжесі, мынау бауырсақтарды дұрыстап жинап қой.

Енді балалар пішіндерді айырайық Пішіндерді тура,кері санайық.

Сергіту сәті:

Ендеше көңілді әуенмен билеп алайық.

Міне, ертегі де аяқталды.

Әже: Не деп тұрсын, қалай аяқталды, біз әлі бір аңды кездестірген жоқпыз ғой.

Ата: Тағы кімді ұмытып кеттік?

Әже: Менің бауырсақтарым біледі, олар

көмектесіп жібереді, кім екен ол?

Ата: Иә-ә-ә, дұрыс түлкіні ұмытып кетіппіз ғой.

Әже: Келіңдер оны шақырайық.

Ата: -Сыбырлап шықырайық, қатты шақырайық.

Түлкі келеді.

Түлкі: Естіген жоқпын, естіген жоқпын,

Мені шақырған кімдер ааааа, мен сендерді түскі асыма жеп қоям.ням-ням.

Ата бауырсақтарды қорғап: Тиіспе, жеме бауырсақтарымды.

Әже: Жарайды, түлкі, сен ондай емессің ғой!

Түлкі: Ал мен қандаймын?

Ата Бауырсақтар, түлкі қандай екенін, жылы сөзбен айтайықшы.

Түлкі: Мені мақтап қуанттыңдар ғой! Жарайды, сендерді жемеймін, бірақ менімен бір ойын ойнаңдар.

Бауырсақтар, түлкімен «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды.

Осы кезде даладан ертегі ханшайымы кіреді. Ол бірнеше тіл біледі екен.Орыс тілінде үй жануарлары мен үй құстары туралы айтады.

Түлкі: Жарайсыңдар. Мен сендерге риза болдым.Сиқырлы қазан сыйлаймын.

Балаларға сиқырлы қазанмен бауырсақ пісіріледі.Бауырсақ тарату.Балалармен бауырсақтың дәмі туралы айтады.

-Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.














-бастарына бауырсақтың атрибутын киеді.




-атаны құшақтайды.

-даладағы шуға барлығы назар аударады, қарайды.







-суретпен жұмыс жасайды.






Толық жауап:

Бірінші бауырсаққа қоян кездеседі.


Екінші бауырсаққа қасқыр кездеседі.


Үшінші бауырсаққа аю кездеседі.


Қоянды бір санға тұрғызамыз.



Қасқырды екі санға тұрғызамыз.



Аюды үш санға тұрғызамыз.





-балалар қызықты ойын ойнап, көңілденіп қалады.


-тақпақтарын айтады.



-аңдармен қоштасады.


-себетке назар аударып қарайды.



-бауырсақтың түсі сары, пішіні домалақ болады.


-бауырсақ мүсіндеуге кіріседі.



-ермексазды илеп, одан домалақ бауырсақтарды мүсіндейді.

-бауырсақтарын көрмеге апарып қояды.

-үшбұрыш, төртбұрыш,домалақ, тік төртбұрыш,шеңбер.

-би билеп сергіп алады.


-түлкіні ұмытып кеттік.





-Түлкі, түлкі.


Балалар қайталап шақырады.

-Сыбырлап:



-Қатты.




-Әдемісін, ақылдысын, қусын, жұмсақсын.



-Иә, ойнаймыз.



-Сау бол түлкі!


Рефлекстік-нәтиже

Ата: :-Бүгін, біз нені мүсіндедік?

-Қандай аңдар таласып келді?

-Соңынан қандай аң келді?

-Дұрыс айтасыңдар,енді бауырсақтар,ән салайық. Қонақтармен қоштасайық, сау болыңдар!



- Балалардың жауаптары.



-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже :

Нені біледі:Бауырсақ ертегісінің жаңа желісімен танысады.

Қандай түсініктерді игерді:Ермексазды илеу жолдарын игереді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Мүсіндеудің әдіс-тәсілін түсінеді, қастерлеу, еңбекті бағалауға дағдыланады.









№29 «Арай» МДҰ









«Не үйрендік, не білдік»

(қорытынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)



Өткізген:Ещжанова Ж.С









2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Не үйрендік, не білдік

Автор: Ещжанова Жанар Сагынышовна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Б?лме г?лдерін к?тіп ж?не баптау "
    ["seo_title"] => string(37) "bolmie-ghuldierin-kutip-zh-nie-baptau"
    ["file_id"] => string(6) "244442"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445942818"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Не ?йрендік,не білдік"
    ["seo_title"] => string(24) "nie-uiriendik-nie-bildik"
    ["file_id"] => string(6) "303908"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457622253"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?орытынды саба?: "Біз жыл бойы не ?йрендік?""
    ["seo_title"] => string(44) "k-orytyndy-sabak-biz-zhyl-boiy-nie-uiriendik"
    ["file_id"] => string(6) "330680"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464349781"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Біз не ?йрендік? "
    ["seo_title"] => string(17) "biz-nie-uiriendik"
    ["file_id"] => string(6) "176547"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424437280"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Біз не ?йрендік "
    ["seo_title"] => string(19) "biz-nie-uiriendik-1"
    ["file_id"] => string(6) "176558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424438465"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства