Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Не қалай дауыстайды?
Мақсаты: Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: құстың суреттері, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: торғай, әтеш.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді.
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Балалардың көңілін суретке аударып, балалардан сұрайды:
-Мынау не?
-Ол қандай құс?
-Түсі қандай?
-Торғай үй құсы ма, дала құсы ма?
-Қайда ұшады?
Балалар күлімдеп, қуана тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар суретке қызыңға қарап, тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Сиқырлы сәт. Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Балаларды тыңдауға шақырады. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық қаз, торғай, тауық, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз дейді.
-қаз «қаңқ-қаңқ» деп қаңқылдайды, қайталатады.
-Торғай «шық-шық-шық» деп, шықылдайды.
-Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді.
-Тауық «қыт-қыт» деп, айтқыздырып қайталатады, үйретеді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қане қанат жазайық.
Торғайларға ұқсайық,
Ұшып-ұшып алайық
Дидактикалық ойын:
1. «Дауысын сал!» Құстардың суреттерін таратып береді.
Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады.
Қимылды ойын :
2. «Түлкі мен құстар».
Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады.
Құстардың дауысына таңғалып қуанышпен, қызыға тыңдайды. Ойыншықтарға қызыушылық танытады.
Балалар дауыстарын салып қайталайды.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойынды қуана ойнайды. Дауыстарын салуға құлшынады.
Түлкіге ұсталмауға тырысады.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын бағалайды.
Ғай-ғай – торғай,
Ә-ә- теш. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстарды ажырата алуды;
Игереді: құстар туралы жалпы түсініктері болады;
Меңгереді: құстардың дауысын салуды біледі.