Музыка әуенімен топқа ұлттық киім киген балалар кіреді. Сәлеметсіздерме! Доброе утро! Good morning ! Guten Tag ! Шаттық шеңбер: Армысыздар ! Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын ! Деніміз сау болсын! -Балалар бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келді. Бүгінгі оқу іс- әрекетінде біз көктем мезгілінің ерекшеліктері мен ауа- райының құбылыстарын және көктем мерекесі «Наурыз » туралы айтамыз. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі ? Көктем- весна- sprin -Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады? -Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? Суреттермен жұмыс: -Балалар мына суреттерде жылдың қай мезгілінің құбылыстары бейнеленген? -Ал енді осы суреттер бойынша әңгіме құрастырайық. -Көктем мезгілінің айлары қандай? -Қазір көктемнің қай айы? Дұрыс балалар қазір наурыз айы. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «Нау» - жаңа , «руз» - күн деген сөзінен алынып жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді екен. Ежелгі салт – дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22 күні қарсы алған екен. Бұл күнді « Наурыз мерекесі » деп атайды. Наурыз мерекесіне ел- жұрт ерекше дайындық жасайды. -Балалар наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз? Ендеше біз әжемізден наурыз көженің қалай дайындалатынын сұрайық. Ол үшін әжемізге қонаққа барамыз. Балалар әжемен амандасады. Әже: Амансыңдарма балалар ! Тәрбиеші: Ұлпан әже балаларға наурыз көженің қалай және қандай тағамдардан дайындалатынын түсіндіріп бересіз бе? Әже: Әрине балалар түсіндіріп берейін, балалар наурызкөжені- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ұлы ас. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен жасалынады екен. жеті түрлі дәмге айран, қатық, қысқы соғымның еті, бидай, тары, күріш, тұз жатады. Осы дәмдермен наурыз көже жасалынады екен. Рахмет әже сіздің арқаңызда біз наурызкөженің қалай дайындалатынын білдік. Әже: Ал балалар, енді сендер маған наурыз мерекесіне тақпақ, айтып бересіңдерме? 1-ші бала Төгіліп шуақ жайдары, Құбылтып құстар сайрады, Жамағат түгел жиналып, Наурыз тойын тойлады. 2-ші бала Наурыз тойы елдің тойы, Көктем тойы- төлдің тойы. Ән айтайын күні бойы, Жақсы көрем наурыз тойын. 3-ші бала Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де. Бар дәстүр мен салтымыз. 4-ші бала Малдар төлдеп, қой қоздап Сүттен бұлақ ағызған, Жаңа жылдың сипаты Басталыпты наурыздан. Әже: Рахмет балалар көп жасаңдар, тәртіпті бала болыңдар! Енді менің сендерден сұрайтын көмегім бар еді сендер маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Әрине әже біз сізге көмектесеміз. Әже: Менің дайындап қойған текеметім бар еді соны әшекейлеуге көмек керек. Тәрбиеші:Балалар ендеше бәріміз әжеміздің текеметін әшекейлеуге кіріспей тұрып шамалап серігіп алайық Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Қосып едік екеуін Болып шықты он саусақ Балалар текеметті әшекейлеуге кіріседі. Әже :Балалар сендер маған үлкен көмек көрсеттіңдер! Сендерге көп рахмет! Тәрбиеші: Балалар енді әжемізге рахметімізді айтып бізде қоштасайық. Сау болыңыз! Балалар біз қайда бардық? Міне балалар, біз бүгін Наурыз мерекесі туралы білдік. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт- дәстүрімізбен таныстық, білдік. Енді осымен сабағымызды аяқтаймыз. Сабақты қортындылау, балаларды мадақтау. |