kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка технология карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? теххнологиялы? картасы

Білім беру саласы: Шы?армашылы?

?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? т?рі: Музыка

Та?ырыбы: «Атамны? киіз ?йі»

Ма?саты: ?уенді со?ына дейін ты?дау?а, таныс ?уендерді ажырата білуге, ?нді же?іл ?ндете айту?а ?йрету. Тембрлік есту ?абілетін дамыту. Киіз ?й туралы т?сінік беру, домбыра аспабымен таныстыру, ерекшеліктерін ??ындыру.

К?рнекілік: жайлауды?, киіз ?йді? суреттері, домбыра аспабы.

С?здік ж?мыс: киіз ?й, домбыра, к?й.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка технология карта»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің теххнологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Атамның киіз үйі»

Мақсаты: әуенді соңына дейін тыңдауға, таныс әуендерді ажырата білуге, әнді жеңіл әндете айтуға үйрету. Тембрлік есту қабілетін дамыту. Киіз үй туралы түсінік беру, домбыра аспабымен таныстыру, ерекшеліктерін ұғындыру.

Көрнекілік: жайлаудың, киіз үйдің суреттері, домбыра аспабы.

Сөздік жұмыс: киіз үй, домбыра, күй.


Оқу іс – әрекетінің кезңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды қарсы алып, «Марш» (Л.Хамиди) әуеніне жүруді ұсынады.

Бір, екі, үш, төрт,

Аяқты нық басайық.

Бір, екі, үш,төрт

Асулардан асайық,

-деп әуен сипатын бере, ырғақты сезіне қозғалуларын бақылайды. Балалар жайлаудың суретін көрсетіп,

«Жайлау таңы» (Л.Хамиди) әуенін тыңдатады.

Балалармен «Жайлауда» атты әңгіме сұхбат жүргізеді.

-Жайлауда не көрдің?

-Жайлау қайда болды?

Әуеннің сипатын беруге тырысып, тізелерін көтере, нық басып жүреді.


Екпіннің тез және жай түрін қимылмен көрсетеді. Жайлау туралы әңгімеге қосылып, сұрақтарға жауап береді, қызығушылықтары артады.





































































-Дұрыс айтасыңдар, жайлау тау қойнауында, табиғаты әсем жерде болады.

Атамызды қуантып,

Жайлауға біз барамыз.

Құлыншақпен шабамыз,

Бұған жетер шамамыз,

-деп «Құлыншақ»

(Е. Тәшенов, Ә. Тәжібаев) әнінің екпінімен құлыншақ шабысын келтіріп жүруді ұсынады.

-Міне, атамыздың киіз үйіне де келдік. Қараңдаршы, қандай әдемі! (Суреттен немесе слайдтан көрсету.) Залға ата киімін киген педагог кіреді.

-Амансыңдар ма, қарақтарым! Жоғры шығыңдар!

Балалардан жайғасып отыруларын сұрайды.

Педагог: «Киіз үйде не бар екен, көрейікші»-деп үйдің ішкі жабдығы бейнеленген суретті көрсетеді. Киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын көрсетіп, атап айтуларын сұрайды (сандық, бесік, үстел, сырмақ, қамшы, көрпе, т.б)

-Ал мына төрде ілулі тұрған біздің ұлттық аспабымыз – домбыра. Бұл аспап кімнің ұйінде бар?

Дауысы бар, үні жоқ.

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағында аз бұра.

Бұл не?

Домбыраның сүйемелдеуімен ән айтады, күй ойнайды. Домбыра ағаштан жасалады. Екі құлағы, ұзын мойны, шертіп ойнайтын екі ішегі бар,-деп мағлұмат береді.

Оңқолым ішекті қағады.

Сол қолым пернені табады.

Халық күйі «Кеңес»-ті орындап береді немесе ұнтаспадан тыңдатады.

-Домбыраның даусы қандай?

-Домбырада қалай ойнайды?

Балалардан қимылмен көрсетуді сұрайды (имитация әдісімен).

Ән тыңдау: «Домбыра сазы» (И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров).

Балалардың мұқият тыңдауын сұрайды. Сұрақтар қойып, шығарма туралы әңгімелейді.

-Әннің сипаты қандай?(жігерлі, ашық, т.б)

-Сендерге ән ұнады ма?

Дауыс жаттығуы: «Домбыра үні»

Дығы – дығы, дың – дың,

Домбырада ойнаймыз.

Дығы – дығы, дың – дың,

Ішектерді қағамыз,

Пернелерін табамыз

Ән үйрену: «Домбыра» (Ж.Тұрсынбаев, А.Асылбеков). балалардың ән сөздерін дұрыс, анық айтуын қадағалайды.

Аспаптың сүйемелдеуінсіз ырғақты шапалақпен көрсетіп, сөзін буынға бөле жаттауға машықтандырады.

Ойын ойнайық: «Киіз үй». Тәрбиеші балаларды ойынға шақырады.

Дөңгелене тұрайық,

Киіз үйді құрайық,

-деп ойынның мәтініне сәйкес қимылдарды көрсетіп, бақылайды.

«Құлыншаққа отырып», шаттана шауып, шеңбер бойымен жүреді. Екі қолдың жұдырығын түйіп, үзеңгіден ұстаған болып, қолдарын алға созады. Тізені серпе көтеріп, жеңіл жүгіреді.






Атамен амандасып, кілемге жайғасып отырады.

Киіз үй ішіндегі жиһаздарды, заттарды көріп, атап айтуға тырысады.












Домбыра туралы естіп, білгендерін әңгімелейді. Жұмбаққа ойланып жауап береді, шешуін табады.


Балалар домбыра үнін естіп, елеңдейді. Күйді түсініп тыңдауға талпынады.










Әнді зейін қоя тыңдап, қызығушылықтары артады. Композитор И.Нүсіпбаев туралы түсінік алады. Әннің сипатын ажыратып, әңгімелейді.



Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтауға үйренеді.

«Дығы – дығы, дың – дың»

Сөздерін бірге қайталайды.

Жаңа әнді тыңдап, сөздеріне мән береді. Әннің авторлары туралы естіп біледі.. әуенді ырғақпен шапалақтап, екпінін сезіне көрсетеді.


Шеңбер бойымен тұрып, ойынға көңілдене қатысады.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Атамызға рақмет айтып қоштасайық.

-Атаның киіз үйі қандай екен?

-Қандай заттарды көрдіңдер

-Қандай аспаппен таныстық?

-Домбырада қалай ойнайды?

-деген сұрақтар қойып, оқу іс – әрекетін қорытындылайды. Балаларды құлыншақ шабысымен топтарына шығарып салады.

Сұрақтарға көңілдене, зор ықыласпен жауап береді.




Қоштасып, «Құлыншақ» әуенінің ырғағымен шауып шығып кетеді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді соңына дейін тыңдауды, нақышына келтіре айтуды, таныс әуендерді ажыратуды.

Игереді: музыканы тыңдап, домбыра аспабымен танысады.

Меңгереді: домбыра аспабының үнін ажыратуды, күйді тыңдай білуді. Әнді жеке және хормен орындай алуы.






Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Біздің Алматы»

Мақсаты: әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге, салыстыруға әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландыру. Әнді көңілді , ашық дауыспен таза орындауға үйрету. Туған жеріне , қаласына сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекілік: «Алматым» атты сурет көрмесі немесе слайд , тролейбус макеті

Сөздік жұмыс: Алматы, Алатау, көлік , троллейбус


Оқу іс – әрекетінің кезңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Үнтаспада «Алматым» әні орыдалып,жетекші балаларды қарсы алады.

-Балалар,бүгін біз әсем қала Алматыны аралап қыдырайық.

Гүл жайнаған атырабы

Алты қырдан шақырады

Көңілге нұр төккен қала –Алматы,

Көктем қала, көркем қала Алматы.

(М. Әлімбаев)

-Қала өте үлкен.Сондықтан да көлікке отыруды ұсынамын.Қандай көлікке отырамыз, жұмбақтың шешуін табыңдар:

Дыз-дыз етіп жүрегі

Сымнан ұстап жүреді

Өзіне адам мінеді

Ол не , ал кім біледі?

Балалар әуен ырғағымен кіріп, «Сүйікті Алматым» атты сурет көрмесін немесе слайдты тамашалайды. Алматы туралы білетін тақпақтарын айтады. Қаланың көрікті жерлері туралы әңгімелейді. Жасырылған жұмбақ шешуін табуға тырысады


Ұйымдастырушылық -ізденістік






















Балаларға троллейбус макетіне жалғастыра қойылған орындықтарға отыруды ұсынады.

Бәрі:

Дыз-дыз етіп жүрегі

Сымнан ұстап жүреді

Бип –бип!

-Абай даңғылының бойымен жүріп келеміз. Қандай әдемі үйлер! Міне, циркке де жеттік. (Суретін көрсетеді)

-Циркте не көруге болады?

Сендерге цирк ұнай ма?

Әуенді қимыл:

«Күлдіргіштер» (Д.Кабалевский) биінің қимылдары көрсетіліп, балалардың қайталауы сұралады.

-Көліктен орын аламыз. Балаларға троллейбусқа отыруды ұсынады.

-Алдымызда -Республика сарайы. Мұнда түрлі ән кештері, концерттер өтеді. Халық келіп ән тыңдайды, демалады. Біз де сүйікті қаламыз туралы ән тыңдайық.

Ән тыңдау: «Алматы» (Е.Хасанғалиев,

Троллейбустан орын алып, жайғасады. Жүргізуші тағайындалады. Өлең жолдарын қайталайды.Суреттерге слайдқа қарап, әңгімелеуге, көргендерін айтуға тырысады. Күлдіргіштер қимылын көрсетіп шаттанады.



Көлікке қайта отырып, көңілді әндетеді


Республика сарайының суретін тамашалайды


әнді тыңдап, түсінгенін,мазмұнын айтады



ән көңілді, әдемі



































А.Асылбек)

-әнде Алматы қаласы туралы не айтылады , әннің сипаты қандай? –деп балаларды әңгімеге тартады

- Қала көшелерін аралап, қызықтадық. Енді көңілді әнге кезек берейік. «Дауыс жаттығуы: Жоғары –төмен»

Гүл –гүл жайнап бәріміз

Кіреді біздің сәніміз

Әдемі де әуенді

Ән салайық бәріміз

Ән үйрену: «Біз өмірдің гүліміз» (Б.Ғизатов, Ә.Дүйсенбиев) әнін орындап ,ән сипатын ажыратуды, ән мәтінін әңгімелеуді сұрайды. Ән ырғағын шапалақпен көрсетіп, әуенге ілесулерін қадағалайды. Әннің көңіл күйін бере шаттана, жарқын айтуға машықтандырады.

Ойын: «Жұбыңды тап!» (орыс халық әуені)

Ойынды 6,8 жұпқа бөлініп ойнайды. Шығарма бөлімінің ауысуына көңіл бөлуді, әуеннің басталуы мен аяқталуына сай бірге қимылдауларына мән беріп, қадағалайды.

Көңіліміз көтереліп,

Ойын ойнап, биледік

Қаламыздың көшесінде

Серуендеп көп жүрдік

- енді троллейбусқа отырып, бақшамызға оралайық ,- деп көлікке отыруды ұсынады.




Дауыс жаттығуын нақшына келтіріп айтады. Қолдарын жоғары көтеріп,төмен түсіріп әуенмен бірге қозғалады



әнді бірге қосыла айтуға тырысады. Ән ырғағын шапалақпен көрсетіп, әуенен қалыспауға, сөздерін есте сақтауға үйренеді. Ұлдар өздеріне жұп таңдап, қыздарды ойынға шақырады. Музыка ырғағын тыңдап, бірге қозғалып, ойын шартын сақтауға машықтанады







Троллейбусқа отырып, әндетеді

Рефлексиялық - түзетушілік

Бақшамызда арайлы

Кү н шуағы тарайды

Апайлар мен балалар

Қол бұлғап бізге қарайды


-сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

-қандай көшелермен жүрдік

- қандай көлікке отырдық?

- қайда бардық? Нелерді көрдік?

Жауаптарын тыңдап, балаларды мадақтайды. «Менің Алматым» тақырыбына сурет салуға тапсырма береді





Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қалаға жасаған саяхатты естеріне түсіреді. Қуана қоштасып шығады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуен екпінін сезіну, әнді сипатына сәйкес айту, әуенді таза айта білуді;

Игереді: музыканы тыңдай отырып, көлікте жүруді, әуенге сәйкес қимыл жасауды, түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды;

Меңгереді: сүйікті қаласы туралы , сәулетті жерлері туралы біледі, әңгімелей алады, әнді нақышына келтіре айтуды






Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің теххнологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Мақсаты: табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге баулу. Алдын ала қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелесу.

Көрнекілік: қалалардың көрнекті жерлерінің , еліміздің сұлу табиғатының көрінісін бейнелейтін суреттер, слайдтар. Түрлі түсті жалаушалар.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.


Оқу іс – әрекетінің кезңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

«Марш» (А.Затаевич) әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі,үш!

Бойға жинап күш

Шынығамыз таңертен

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең

Тізені жоғары көтере нық басып , арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады.




Тізелерін көтере, мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады


Ұйымдастырушылық -ізденістік






















Балаларға түрлі түсті жалаушалар береді. «Жалаушамен би»

(Е. Брусиловский) орындалып, би қимылдарын көрсетеді. Жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғауларын бақылайды. «Марш» (А.Затаевич)қайта ойналып, балаларға әуен екпінімен жүруді ұсынады. Маршпен адымдап жүреміз. Ержетіп, өсіп келеміз! –деп марш екпінімен жүріп, орындықтарға оытруларын сұрайды.

Қалалардың, еліміздің сұлу табиғатын бейнелейтін суреттерді көрсетеді. Балаларды суретке қарап әңгімелеуге , ойларын толық жеткізуге дағдыландырады.

Жайнаған сансыз қаласы

Жайқалған жомарт даласы

Ел-Отан біздің кең байтақ

Отанның біздер баласы

(Қ.Шаңғытбаев)

Балалрдан Отан, туған жер туралы білетін өлеңдерінсұрап, белсене қатысқан балаларды мақтайды.

Отан –менің ата-анам

Отан - досым, бауырым

Отан- өлкем, астанам

Отан- туған ауылым

(С.Оспанов)

Жалаушаларды ұстап, 4-5 қатарға тұрады. Көрсетілген би қимылдарын қайталайды. Жалаушаны желбірете жоғары көтереді, оңға, солға бұрылып , бірге қимылдауға тырысады. Марш екпінін сезіне жүреді. Суреттерге назар аударып, қызыға қарайды.

өздері білетін қалалар немесе өзі туған ауыл, қала туралы әңгімелейді



балалар жатқа білетін тақпақ өлеңдерін жарыса айтады, бір-біріне қошемет көрсетіп, қол шапалақтайды. Тақпақты қайталап айтады. Жаттауға талпынады. «Менің Отаным» атты слайдтты немесе сурет көрмесін тамашалайды































  • Кең-байтақ Отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылай жырлайды.

Ән тыңдау: «Отан-ортақ үйіміз» (Д,Ботбай, Е.Өтетілеуұлы)

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

-Ән мазмұнында не туралы айтылады?

-Сен өз Отаныңды жақсы көресіңбе ?- деген сұрақтар қою арқылы балалардың Отан туралы түсінік –ұғымын кеңейте түседі.

Дауысымыз әдемі

Шықсын созыла

әндетейік енді біз

Бірге қосыла

Дауыс жаттығуы: «Алтын күн». Дауыс ырғақтарына мән бере тыңдалады.

Ән үйрену: «Менің Отаным» (Ө.Байділдаев, Б.Ысқақов)

әнді таныстырып, балалар композиторы Ө. Байділдаев туралы әңгімелейді, суретін көрсетеді. Әнді орындап, сипатын, мәтінін әңгімелеуге ықпал етеді.

-Ән не туралы?

-Сендерге ән ұнады ма?

Бірге айтуды ұсынады?

Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Тақия тастамақ»





Әнді ықыласпен тыңдап, әсерленеді. Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді. Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысады






Дпуыс жаттығуын бірге бастап, бірг аяқтап, дауыстарын соза әндетеді. Терең тыныс алып, жаттығуды еркін айтуға дағдыланады. Композитор Ө.Байділдаев туралы мағлұмат алады. Әннің сипатын ажыратып мазмүнын әңгімелейді


Тез жүгіріп , ойында жеңімпаз атануға талпынады

Рефлексиялық - түзетушілік

Балаларға шеңбер бойымен жайғастырып отыруды ұсынады.

-Туған жерің қандай?

-Қай қалада тұрасың?

-Отан туралы қандай тақпақ білесің?

Балаларға сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекіту

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындап білуді;

Игереді: әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді, әнді әуенмен айтуды;

Меңгереді: әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды




















Білім беру саласы: Шығармашылық

Күні :

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Қыс өрнегі»

Мақсаты: әнді сезіммен , нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап білуге үйретуді жалғастыру. Таныс шығармаларды ажырата білуге , еске сақтауға дағдыландыру.Балаларға арналған аспаптарды игеруге машықтандыру.

Көрнекілік: «Қысқы ойындар» суреті, маракас, бубен, барабан, қоңырау аспаптары

Сөздік жұмыс: шырша, полька, вальс


Оқу іс – әрекетінің кезңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

«Полька» әуені орындалып, балалар шеңбер бойымен полька жүрісімен секіре баып жүреді. Польканың адымын жеңіл секірулерін қадағалап үйрету. Балалардың назарын далаға аударып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. «Қысқы пейзаж» көрмесімен суреттер көрсетеді.

Қалыңдасын қары бұл

Келсін аяз мықты ма?

Қарсы аламын бәрібір

Сағыныппыз қысты да

(Ә. Қайыржанқызы)

-Қыс мезгілі кімге ұнайды, неліктен ұнайды? –деген сұрақтар қою арқылы қызығушылықтарын арттырады.

Бір аяқтан келесі аяққа әуен ырғағымен жеңіл секіреді. Ұлдардың қолдары белдерінде , қыздар көйлек етектерінен ұстайды. Суреттерді қарап, әңгімелеуге тырысады.






Қыс мезгілі ұнайды

Қызықт ойындар ойнаймыз


Ұйымдастырушылық -ізденістік






















әуенді қимыл: «Көңілді полька» (И.Штраус)

орындалып би қимылдарын көрсетіп қайталауларын сұрайды.


Музыка жетекшісі қыс көрінісін бейнелейтін суретті көрсетіп өлең жолдарын оқиды

өстіп міне қыс түсті

бола қалды дала аппақ

қар лақтырып үсті-үсті

балалар жүр далақтап


Қимылды ойын: «Шана тебеміз»

-Сендерге қыста ойнаған ұнай ма?

-Қандай ойындарды ұнатасыңдар?

«Қысқы ойындар» суретін көрсетеді.

Музыка тыңдау: «Біз шадыман баламыз»

(Ә.Бейсеуов, С.Қалиев)

-әннің көңіл күйі, сипаты қандай?

-әнде не туралы айтылған? Деген сұрақтар қою арқылы ән мазмұнын ұғынуларына ықпал етеді

-балалар сендерге жұмбақ жасырып, тапқырлықтарыңды сынайын.


Екеуден қол ұстасып, жеңіл секіреді, қол шапалақтайды




Суретті қарап қызығушылықтары оянады. Не көріп тұрғанын баяндайды




Қар атысып ойнайыз, шанамен сырғанаймыз




Балалар әнді ықылас қойып, тыңдайды. Ән өте көңілді, әдемі сазды. Ойнап жүрген балалар туралы қар жамылған дала туралы


Қыста жерді жауып кетеді

Ал көктемде ағып кетеді

(қар)

Жаздай тынығады

Қыстай зымырайды

(шана)

Әндетейік жаттығып,

Асықпайық аттығып,-

Деп балаларды дауыс жаттыүуына дайындайды.

Дауыс жаттығуы:

«Қыс»

Аппақ күміс бар әлем ля-ля-ля

Зымыраймыз шанамен , ля-ля-ля

Н.Аманжолов



Жаттғуды бірнеше рет айтқызып, балалардың дауыс ырғақтарын қадағалайды.

Дауысымыз әдемі

ән шырқайық біз енді


Ән үйрену: «Ақша қар » (Қ,Қуатбаев, Қ.Ыдырысов)

Әннің мәтінін оқып беріп, түсінулеріне ықпал етеді. Композитор Қ.Қуатбаев туралы әңгімелеп береді. Әнді айтып мәтінге сәйкес қимылдарды көрсетеді. Балалар қайталап қимылдарын бірге орындау

Ойын : «Қай аспапта ойнаймын?»


Бубен, маракас, қоңырау, барабан аспапатарында ойнауды ұйымдастырады. Ойналған аспаптың даусын ажыратып атын атауды, аспапата ойнап көрсетуді сұрайды


«Біз өмірдің гүліміз»

(Б.Ғизатов) әнінің әуеніне аспапатарда ойнап үйрету. (СД «Ақжелкен» жинағынан)

Жасырылған жұмбақтарды ойланып шешеуін табуға тырысу



Жұмбақ жауаптарын тауып айту


Жаттығу айтуға орындықтарға жайғасып отыру.


Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтайды, тыныс алуды, созып айтуды үйренеді



Әнді зейін қойып тыңдап, мазмұныны түсініп , әңгімелеуге еске сақтауға тырысады. Композитор туралы біліп, суретін көредіү Шеңбер бойымен қол ұстаса жүре ән әуенін үйренеді, қайталайды. Балалар ойынға белсене қатысып, қызықты әсер алады.Аспаптардың даусын ажыратуды үйренеді. Ұнаған аспапатарлы ырғақты сезіне ойнайды

Рефлексиялық - түзетушілік

Торғайлар тон киеді

Аяз беттен сүйеді

Жиналып ап бар бала

Тұрғызамыз қар қала

(Н.Аманжолов)


-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгіліндегі қандай ойындар ойналады?

Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала

Мұрны сәбіз , үп-үшкір

Көзі көмір, қап-қара

(С.Қалиев)

Балаларға аққаланың суретін салып келуді тапсырады







Қыста суық, аяз болады

Біз қалың ким киеміз

Қар көп жауады

Коньки , шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз

Қардан аққала жасаймыз

Бізге қыс мезгілі


Күтілетін нәтиже:

Біледі: таныс шығармаларды ажыратуды, еске сақтауды, ән мәтінін әңгімелеуді

Игереді: балаларға арналған музыкалық аспапатарда еркін ойнауды, даусын ажыратуды, ырғақты сезіне білуді;

Меңгереді: әнді сипатына сай нақышына келтіре айтуды, ойынға белсене қатысуды























































Білім беру саласы: Шығармашылық

Күні :

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Қазақстан -кең байтақ елім»

Мақсаты: әнді тыңдап сезне, білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру дыбыс биіктігі , тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Еліне туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру

Көрнекілік: Қазақстан Рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері немесе слайд пойыз макеттері

Сөздік жұмыс: Қазақстан,герб, ту,гимн, рәміз


Оқу іс – әрекетінің кезңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

«Қазақстан» Қ.Есмұратов, Х. Балшабеков»

әнін ойнатып балаларды көңілді қарсы алады. Балаларға жалаушалар таратып беріп, әуенді қимылға шықарады.

Босқа қарап тұрмаймыз

Ән айтамыз,жырлаймыз

Жалаушаны көгілдір

Оңды-солды бұлғаймыз

әуенді қимыл:

«Жалаушамен жаттығу»

(Е.Брусиловский)

Орындалып балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді

Жаттығуды бірге жасап ,жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды.Біздің еліміз, өз гербі , туы, әнұраны бар егеменді ел


Рәміздер туралы түсінік беріп өлеңдер оқу




Балалар қуана келісіп жалаушаларды алады, дұрыс ұстауға талпынады




Жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды


Рәміздердің суреттерін көріп , әңгімелеу Үйренген тақпақтарын айтып ір-біріне ризашылықтарын білдіре қол шапалақтап қошемет көрсету


Ұйымдастырушылық -ізденістік






















Біздің Қазақстанымыз кең байтақ жері бар өте үлкен мемлекет. Әдемі қалалары бар, табиғаты сұлу, таулары, өзендері көрікті (Суреттер, көрнекілік көрсету) Қазақстанымыз туралы ән орындап беру.

Музыка тыңдау: «Қазақстан» (С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұмабаев)

әннің сипаты қандай?

әнде не туралы айтылған- деген сұрақтарқою арқылы балдарды әңгімеге тарты


Сендерді Қазақстанымызды аралап, танысуға саяхатқа шақырамын. Пойыз макеті қойылып, вагондардан орын алу ұсынылады. Паравозға машинист тағайындайды. «Пойыз» (Ж.Тұрсынбаев, А.Асылбек) әнінің ырғағымен вагондар қозғалады.

Суреттерді тамашалап , қызығушылықтарын артады. Әңгімені қызыға тыңдайды. Әнді бар ынталарымен тыңдап, ән мәтінін түсінуге тырысу.



ән көңілді, әдемі

әнде Қазақстанымыз туралы айтылады



көңілді пойызға жайғасып отырғызу

әнді тыңдап , ырғағымен қимылдрды көрсетуге талпыну



Балалар әуен ырғағымен вагон дөңгелектерінің қозғалысын қолдарын шынтақтан бүгіп қимылдатып көрсетулерін сұрайды, еркін қозғазғалады.

Біз Шымкент қаласына жақындап келеміз. (қала суретін немесе слайд көрсету) Шымкент- жасыл желекті, әдемі қала. Пойыздан түсіп, демалып, көңіл көтерейік.Көңілді ән тыңдайық

«Бөбектер әні» (Е.Тәшенов, О.Көлжанов) орындалады. Әнді мұқият тыңдауларын сұрайды.Әуен

ырғағын шапалақпен көрсетіп,есте сақтауға үйретеді

Саяхатымызды жалғастырамыз деп пойызға қайта отыруды ұйымдастыру

Балаларға дөңгелектер қимылын көрсетіп, қайталауды ұсынады. Келесі станса Түркістан қаласы!-деп хабарлайды. Үнтаспадан Р.Рымбаеваның орындауында Түркістан әні жіберіледі. Жетекші балаларға қала суретін тамашалауды ұынады .

Саяхат әрі қарай жалғасады Міне Астанаға да келдік (суреттер көрсет)

Көшелері әдемі, биік үйлер көп екен. Ал мынау жарқырап тұрған «Бәйтерек» кешені –деп таныстырады

Би: «Кел, билейік!» биін (СД «Ақжелкен» жинағынан ) билеуге шақырады







Қала суретін тамашалайды,таңырқайды. Пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады,демлады. Әнд тыңдап, әуеніне қосылуға талпынады. Ырғақты шапалақпен дәл көрсетуге тырысады

Пойызға қайтадан отырып сапарларын жағастырады


Түркістан қаласының суретін көріп, тамашалайды. Әнді тыңдап, әсерленеді. Көңілді пойызбен саяхаттарын жалғастырады. Балалар жарқын дауыспен пароваз даусын қуана салады


Астананың сәулетті көшелерінің суреттерне таңырқай қарайды. Қуанады


Би қимылдарын ырғақпен орындау

Рефлексиялық - түзетушілік

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

-Қай мемлекетте тұрасыңдар?

-Қандай қалаларға бардық?

-Кімге қай қала ұнады?

деген сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау


Балалар естіп-білгендерін ,көргендерін айтып жауап береді. Қуанышты күйде қоштасып шығады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді сезіне тыңдауды, мәтінін әңгімлей білуді, әуеннің тембрін ажыратуды

Игереді: жалаушалармен еркін жаттығулар жасауды, ойын саяхатына белсене қатысуды, ән әуенін, ырғағын шапалақпен келтіруді

Меңгереді: мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстан туралы мәліметтерді ұғынуды
















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка технология карта

Автор: С?йеуова Камшат Бисенбай?ызы

Дата: 24.12.2015

Номер свидетельства: 269835

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Вокальная музыка- технологическая карта урока"
    ["seo_title"] => string(46) "vokalnaiamuzykatiekhnologhichieskaiakartauroka"
    ["file_id"] => string(6) "321259"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461247067"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Технологическая карта урока по английскому языку в соответствии ФГОС  второго поколения. "
    ["seo_title"] => string(98) "tiekhnologhichieskaia-karta-uroka-po-anghliiskomu-iazyku-v-sootvietstvii-fgos-vtorogho-pokolieniia"
    ["file_id"] => string(6) "131960"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416250797"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "технология "
    ["seo_title"] => string(14) "tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "188906"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426771989"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Конспект урока во 2 классе "Картинки с выставки""
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-uroka-vo-2-klassie-kartinki-s-vystavki"
    ["file_id"] => string(6) "294527"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455650594"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(217) "Интегрированный урок (технология + музыка) в 7 классе. «Ноябрьский образ в пьесе П.И.Чайковского. Куклы-обереги на Руси» "
    ["seo_title"] => string(127) "intieghrirovannyi-urok-tiekhnologhiia-muzyka-v-7-klassie-noiabr-skii-obraz-v-p-iesie-p-i-chaikovskogho-kukly-obierieghi-na-rusi"
    ["file_id"] => string(6) "147611"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419436816"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства