Бірінші кіші « Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 15.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Шахаманова К.Н.
Білім беру саласы:«Таным»
Пән:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып:«Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Міне күзде келді
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту
Оқыту: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар қараңдаршы ағаштар тербеліп тұр, бізде ендеше ағаштар сияқты тербеліп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Суретпен жұмыс:
Суретте күз мезгілі, кімдерді көріп отырсыңдар? Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам
Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.
Бірінші кіші « Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Оқыту: Балаларды әр түрлі көлемді көкөністерді сопақша пішінді үшкір қылып салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
2. Негізгі бөлімі
Балалар менің қолымда не көріп отырсыңдар? Дұрыс сәбіздер, үлкен және кіші сәбіздер. Сәбіз бен аналарымыз әжелеріміз не істейді, тамақтарға салады, балалар бізге қонаққа қоян келіпті қоян бізде сәбізді жегенді өте жақсы көреді ендеше қояндарға арнап сәбіздің суретін саламыз. Балаларға көмектесу арқылы балалар сәбіздің суретін салады. Қоянға арнап тақпақ айтып берейік
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ , сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы ,қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
3.Қорытынды
Балалар қоянға арнап сәбіздің суретін салады, салған суреттерін көрсетеді, балаларды мадақтау.
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 18.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Шахаманова К.Н.
Білім беру саласы:«Таным»
Пән:Құрастыру
Өтпелі тақырып:«Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Күзгі орман
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп – баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы ой – өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.
Оқыту: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар қараңдаршы ағаштар тербеліп тұр, бізде ендеше ағаштар сияқты тербеліп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Суретпен жұмыс:
Суретте күз мезгілі, кімдерді көріп отырсыңдар? Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.