kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің сүйікті ойыншықтарым " (екінші кіші топ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға арналған қызықты сабақ. Бүлдіршіндер үшін,жас ерекшелігі ескерілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің сүйікті ойыншықтарым " (екінші кіші топ)»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.

Мақсаты: Балаларға сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеу, оларға сипаттама беру, ойыншықтарына таза, мұқият болуға үйрету. Сөздік қорын молайту, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру.
Тәрбиелік. Ойындар ойнату арқылы достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер. Түрлі-түсті ойыншықтар, слайд.
Әдіс-тәсіл. Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: — Қыс мезгілі деп жауап береді.
Тәрбиеші: — Қыс мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
Балалар: — Қар жауады, Қыста күн суық болады, аязды, ызғарлы болады,– деп жауап қайтарады.
Қардың түсі қандай? Ақ.
Қыс мезгілін жақсы көресіңдер ме?
Қыс айлары несімен қызықты, қандай ойын ойнайсыңдар?
Шана, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.
Сұрақ-жауап:
Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
— Үйде қандай ойыншықтарың бар?
— Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар жауап береді.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?
Балалар: Ойыншықтармен ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар өте көп.
Балалар ойыншықтар резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалады. Кішкене балаларды немен ойнатады? Ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Сылдырмақты жаңа туған балаларға арнап алады. Баланың ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Ежелгі Грекияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Балалар соның куәсі болуға «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барамыз ба?
Қ/ойын: Топқа «Бұл ненің дыбысы» ойын (көлік, ұшақ, сылдырмақ)
Немен барсақ болады? Мен сендерге көлік дыбыстарын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.
Мынау ненің дауысы, дұрыс, дұрыс емес/ұшақ, машина, поез/ Балалар сендер пойыз дауысын таптыңдар, олай болса жылдам барамыз. Ал бәріміз пойызға отырайық.
Ал паровоз баста алға, Бәрімізді басқар да, Пыш-пыш, біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік, Гу-гу гуілде, қалып қойма бәрің де.
Балалар жолсерік билет тексереді. Балалар қайда барасыңдар? Ойыншықтар әлеміне барамыз. Олай болса билеттерің қайда? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, соған жауап берсеңдер «Ойыншықтар әлеміне» саяхаттаймыз.
Жұмбақ шешу.
Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау.
Ежелгі заманда ойыншықтарды саздан, ағаштан, сүйектен және металдардан жасаған. Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар, баланың қолына түскесін, әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан күйдіріп жасалған. Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Дүкен сөрелеріндегі неше түрлі ойыншықтар көп. Қазақстанға ойыншықтар30-ға жуық елдерден әкелінеді.
(Менің ойыншықтарым) Ойыншықтармен амандасайық.
Сергіту сәті:
Балалар, қараңдаршы, қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы?
Балалар: көлік, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік, мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады: қатты, жұмсақ.
Тәрбиеші: Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз? Сендер мына қуыршақтардың өнерін көріп тамашаладыңдар. Енді сендер ойыншықтар туралы тақпақтар білсеңдер айтып беріңдерші.
Балалар: Иә.
— .....  айта ғой.
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
........
Сылдырмақ – сылдырмақ
Тұрады әр кез сылдырлап.
Сылдырмақ – сылдырмақ
Бір сәт тұршы сыбырлап.
....
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.

...............
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
...........
Сөйлемейсің сен неге тілің жоқ па, қуыршақ?
..................
Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
..............
Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
..........
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
..............
Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
........
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын-сауық құрыңдар.
Аю туралы кім тақпақ біледі.
— Аю қандай? Үлкен, маймақ.
— Аю нені жақсы көреді?
— Балды.
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық.
Қоян туралы кім тақпақ айтады?
Ұзын құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы, қырлы жерлермен,
Ытқып, ытқып жүгірді.
— Ал мынау не?
— Қуыршақ.
— Қуыршақ қандай? Әдемі
— Қуыршақты ұстап көрейікші.
— Қуыршақ қатты.
-Қуыршақ туралы тақпақ.
-Ал мынау не? – Доп.
Доптың пішіні қандай? Кім айтады?
— Дөңгелек.
— Түсі қандай? – Көк.
— Доп туралы тақпақ білесің бе?
Мұқамбетқали айта ғой.
Добым – добым домала
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды
Жек көремін оныңды.
...........
— Ал мынау не? (мұнара)
— түстері қандай? (қызыл, сары, көк)
Қане, осы мұнараны құрастырып ойнайық.
.........
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін
Кім мұнараны тез, шапшаң, дұрыс құрастырады. (2 бала шығару). Кәне балалар, осы ойыншақтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!
Ойыншықтар әлемінде түрлі ойыншықтар өте көп екен.
Сендерге ойыншықтар рахметтерін айтуда. Олар өз өнерлерін көрсетті.
Ойыншықтар әлемінің тапсырмасы бар, соны орындасаңдар, ұшаққа мінгізіп жібереді екен.
Дидактикалық тапсырма. «Кім жылдам» сурет құрастыру (көлік, доп, қуыршақты киіндіру)
«Ғажайып қоржын» ойыны: Бұл не? (бір- екі баланың көзін жұмып ойыншықтарды ажыратып айту).
Ойыншықтар неден жасалады? Сендерге саяхат ұнады ма? Ойыншықты қалай ұстау керек?
Тіл ұстарту жаттығуы
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайын,
Келе ғой дос, ойнайық.
Өздеріңе ұнаған ойыншықтарың бар ма? Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білдіңдер, ойыншықтар қандай болады? Ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек. Балалар топтағы ойыншықтар ренжіп қалар, қайтайық. Сендерге көп- көп рахмет.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ойыншықтардың аттарын атауды.
Болу керек: көрнекіліктер, жасалу түрін, ойыншықтар.
Үйрену керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.

Қосымша 

Жұмбақтар

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)

Ойыншықпенен денеміз,
Шынығамыз өсеміз.
Жылдан жылға бір жылға,
Үлкен болып өсеміз.

Мынау, ойыншық әлемі,
Ойыншықтары әдемі.
Таңдап алып біреуін
Бөпеме алғым келеді.
Сынып қалса бір жері
Жөндеп бергім келеді.
Жылатпаймын бөпемді
Үлкенмін ғой себебі.

Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ)

Төрт аяқты, екі көзді,
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жемі бар,
Құрыш болат жүрегі. (Автомобиль)

Жүйіткіген дәу үйінде,
Жүйрік деп ел сүйінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус)

Кеудесі толған күш,
Табаны толған тіс. (Трактор)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің сүйікті ойыншықтарым " (екінші кіші топ)

Автор: Джунусова Куляш Капиятовна

Дата: 08.11.2017

Номер свидетельства: 437744

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Сүйікті ойыншықтарым"
    ["seo_title"] => string(22) "suiikti_oiynshyk_tarym"
    ["file_id"] => string(6) "384567"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485528989"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "К??ілді старттар ойыны мен ?лтты? ойындар. "
    ["seo_title"] => string(44) "kon-ildi-starttar-oiyny-mien-u-lttyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "237677"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444372758"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""К??ілді старттар ойыны мен ?лтты? ойындар""
    ["seo_title"] => string(46) "kon-ildi-starttar-oiyny-mien-u-lttyk-oiyndar-1"
    ["file_id"] => string(6) "269740"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450894753"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""К??ілді старттар мен ?лтты? ойындар""
    ["seo_title"] => string(38) "kon-ildi-starttar-mien-u-lttyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "269741"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450895191"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Ашы? саба?. Та?ырыбы «К??ілді старттар ойыны мен ?лтты? ойындар»"
    ["seo_title"] => string(55) "ashyksabaktakyrybykonildistarttaroiynymienulttykoiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "286610"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454357073"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства