kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің сүйікті ойыншықтарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тіл дамытудан ашық сабақ.Ортаңғы топта балалрмен ашық сабақ көрсетім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық қартасы.

Ортаңғы топқа арналған.

Тәрбиеші: Исалина А.С.

Білім саласы: Коммуникация

Таpayы: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Мақсаты:

Білімділігі Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру. 
Дамытушылығы: Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік  қорларын  дамыту .
Тәрбиелілігі: Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .

Билингвалды компонент: ойыншық - игрушка, доп - мяч, қуыршақ - кукла.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері,көбелек.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекегі

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірлерінің қолдарын ұстап жылы сөздерін ай­тады.


Іздестіру-

ұйымдастыру

Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.

Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа баламыз!

Иіліп сәлем береміз!

Біз әдепті баламыз!

«Көбелек гүлге қонады» ойыны
Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Көктем мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?

4.Балалар біз қайда келдік?

5.Балабақшада сендер не істейсіндер?

6.Немен ойнайсындар?

Балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз.

Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.

- Бұл қандай пішін?

- Пішінің түсі қандай?
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың

(Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, пирамида т. б)

- Жарайсыңдар, дұрыс

Тәрбиеші;Қыз балалар қандай ойыншықпен ойнауды ұнатады?
Тәрбиеші ;-Дұрыс айтасыңдар .Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар екен.Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?

Құыршақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Милана

Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Тәрбиеші ; Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі?
Али

Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін

1.Матадан жасалған .

2. Пластмассадан .

3. Резинадан.

4. ағаштан

5. темірден жасалған  ойыншықтар.

Сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білесіндер.

Ойын ; « Сиқырлы қапшық ».  ( ішінде ойыншықтар)           
Ойын  шарты ;  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар .  Алған  ойыншықтар неден жасалыңғаның айтасындар.

Д/о « Не артық?».  Ойын  шарты ;  Суреттеге не артық салыңғанын тауып, атын атап айту керек.

Сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білесіндер.

Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақтарды айтып беріндерші
Даша
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.

Карина
Кесе - шыны пияла,
Оларсыз шәй құя ма.
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.

Фархат

Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.

Амир

Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін

Сергіту сәті
Тікірейіп екі құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Секірем деп үстелден,

Құлап жүрме мысығым.

Дидактикалық ойын: « Ғажайып  қорапша ».

Балалар мен енді жұмбақ жасырамын егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Төрт аяқты, екі көзді.

Өзі жансыз жүреді.

От пен майдан жемі бар,

Құрыш болат жүрегі. (Автомобиль)

Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )

Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған.(домбыра)

Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып берейін.
«Қуыршақ» 
1. Әй, қуыршақ, қуыршақ,
Жуынбайды жуынсақ.
Беті қолдың батпағын
Елең қылмай жатқаның
- Қашан адам боласың?

- Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?

- Өзіміздің сүйкті ойыншықтармыз туралы айттық

-Сүйкті ойыншықтарымызға арнап ән айтып берейк

- Бұл - текше.






Ойын шартын

мұкият тындап сұрақтарға жауап береді



Жыл мезгілі көктем.

Көктемде 3 ай бар

Күн жылы

Біз балабақшаға келдік.

Біз ойнаймыз

Ойыншықтармен ойнаймыз









Дөнгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақша.

Қызыл, сары, көк, жасыл

Қуыршақ,доп, машина,пирамида




Балалар; қуыршақпен .










Балалар; машинамен ойнайды .













Ұқыпты,сыңдырмаймыз,жұлмаймыз, лақтырмаймыз, таза ұстаймыз






































Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексті-

дәлелдеу

Қорытынды: Ән "Ойыншықтар"

- Осымен, балалар біздің сабағымыз аяқталды.

- Қонақтармен қоштсайық

- Қош сау болыныз!!!
Балаларды мақтап, мадақтау

Балалар ән айтады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегінің көптеген түрлерін білу;

Қандай түсініктерді игерді: ұқыптылықты игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегі кейіпкерлерін сахналауды біледі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Менің сүйікті ойыншықтарым

Автор: Исалина Алия Сансызбаевна

Дата: 13.11.2016

Номер свидетельства: 358419

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Сүйікті ойыншықтарым"
    ["seo_title"] => string(22) "suiikti_oiynshyk_tarym"
    ["file_id"] => string(6) "384567"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485528989"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мені? с?йікті ойыншы?тарым"
    ["seo_title"] => string(26) "mieninsuiiktioiynshyktarym"
    ["file_id"] => string(6) "318276"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460547062"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Аудандық семинарға ашық сабақ «Менің сүйікті ойыншықтарым»"
    ["seo_title"] => string(58) "audandyk_seminarga_ashyk_sabak_menin_suiikti_oiynshyktarym"
    ["file_id"] => string(6) "499870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1550219230"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Технологический карта.Менің сүйікті ойыншықтарым."
    ["seo_title"] => string(51) "tekhnologicheskii_karta_menin_suiikti_oiynshyktarym"
    ["file_id"] => string(6) "500796"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1550735485"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«Сүйікті ойыншықтар»"
    ["seo_title"] => string(22) "suiikti_oiynshyk_tar_2"
    ["file_id"] => string(6) "446042"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513957212"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства