kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені қоршаған әлем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар қоршаған ортамен тығыз байланысты.Тілдерінің дамуына қоршаған ортаның рольі  өте маңызды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені қоршаған әлем"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:07.02.2018

Білім беру саласы:Әлеуметт

Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу

Тақырыбы: Арнайы көлік.

Мақсты:Ортанғы топ: Арнайы көліктің түрлерімен таныстыру (өрт сөндіру көлігі, алғашқы көмек көрсету көлігі және т.б.).

Ересек топ: Көліктің түрлері туралы біліктерді кеңейту.

Міндеттері: Ортанғы топ: Байқағыштықты, есте сақтау қабілетін дамыту. Бірін – бірін мұқият тыңдауға үйрету.

Ересек топ: Көліктің түрлері туралы біліктерді кеңейту

Полингвальді компонент: көліктер-машины-a car, өрт сөндіру көлігі-пожарная машина- fire engine, алғашқы көмек көрсету көлігі-машина скорой помощи-ambulance

Билингвальді компонент:

Көрнекті құралдар: карточкалар, қарындаш, қалам салғыш, тәрелке,

 бағдаршам, билет түрлері, аяқталмаған суреттер;  

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,

І. Кіріспе

Балалар қарандаршы бүгін бізге дымбілмес келіпті. Кәне, барлығымыз амандасайықшы!

Ал, сіз бізге сонау жақтан қалай жеттіңіз?

(Дымбілмес өзінің қандай көліктер арқылы жеткенің жұмбақ арқылы жасырып айтады.Шешімдерін табу арқылы бүгінгі тақырыпты ашамыз.)

ІІ. Негізгі бөлім

 Балалар кейіннен қонаққа өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады.

         Ұшақ                                      Кеме

Бұлттар менен көктегі,   Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан.   Дүниені кездім жалықпай

Озып шығам құстарды,   Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын.    Мен боламын қайықтай.

 

              Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

 Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.

Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.

 (ұшақ, зымыран, жүк машина)

 

Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.

 

Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

 

Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»

 Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:

 

         Бағдаршам

 Ашса кезек үш көзін,

 Айты деп үш сөзін:

 Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

 Жүрме жолға таласып.

 

«Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оны бағдаршам арқылы дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

ІІІ.Қортынды

Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің сабаққа қатысқанымызды бағдаршам арқылы бағалауды үйретеміз. Қызыл – сабаққа қатыспадым,

Сары – сәл ғана ат салыстым,

 Жасыл – сабаққа өте жақсы қатыстым.

Соңында Дымбілмес, жүк машинасының ішінде тұрған сыйлықтарын береді.

+

-













































































































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:10.01.2018

Білім беру саласы:Әлеуметт

Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсты:Ортанғы топ: Суретке қарап мазмұнымен таныстыру..

Ересек топ: Мазмұны бойынша әңгімелесу

Міндеттері: Ортанғы топ: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту және олардың тіршілігін сипаттап дағдыландыру

Ересек топ: Сурет бойынша әңгімелету.Жануарларға қамқорлық жасауды тәрбиелеу

Полингвальді компонент: Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Билингвальді компонент: Жабайы жануарлар - дикие животные-wild animals , аю – медведь-bear , қоян – заяц-hare .

Көрнекті құралдар: Жануарлардың суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,

І. Кіріспе

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз .

ІІ. Негізгі бөлім

Қалқиып ұзын құлағы ,

Елеңдеп қорқып тұрады .

- Өзі айлакер , өзі қу ,

Жүрген жері айқай шу .

-Өзіне болған қорған ,

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң - қорбаң .

Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді .

Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апнында ұйықтағанды жақсы көреді .

Бұл не балалар ?

Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз

Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды .

Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды .

Биллингвальды компонент :

Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ?

Ал ең кішкентайы қайсысы ?

ІІІ.Қортынды


+

-















































































































Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:13.09.2017

Білім беру саласы:Әлеуметт

Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу

Тақырыбы: Менің отбасым – менің жақсы достарым.

Мақсты:Ортанғы топ: Өз отбасының мүшелеріне қамқор болуға үйрету.

Ересек топ: Өз отбасының мүшелеріне мейірімдік сезімдерін сөзбен білдіруге үйрету.

Міндеттері: Ортанғы топ: Сөйлеу белсенділігін арттыру. Өз отбасының мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу

Ересек топ: Ой – өрісін дамыту. Адамгершілікті, көпшілікк меірімділікке тәрбиелеу

Полингвальді компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.

Билингвальді компонент: Отбасы-семья-afamily, әке-папаdad, ана-мама-mama.

Көрнекті құралдар: Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,

І. Кіріспе

Жылулық шеңберіне жиналу.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне, мен!

Доспын енді сенімен.

Балалар, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар жылулық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталып айтады.

Балалар өз ойларын айтады.

ІІ. Негізгі бөлім

Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

-Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, әке, әжелерің аналарың айтады екен.

-Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?

-Онда бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?Балаларды екі орталыққа бөлемін.

Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып,өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.

Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып,отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады(әңгімелесу барысында амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)

Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Д/о: «Жылулық тілегі»

Ойынның шарты:ойынға қатысушы барлық балалар ата,апа,ана,әке,ағаның,ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.

Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып теңеу сөз,жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.

ІІІ.Қортынды

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, теңеулер айтады. Мысалы:

-Мен сені қатты жақсы көрем.

-Сен менің қошақанымсың.

-Жұлдыздай жарқырай бер.


+

-




































Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:11.10.2017

Білім беру саласы:Әлеумет

Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу

Тақырыбы: Жолдағы қауіпсіздік.

Мақсты:Ортанғы топ: Жолдағы тәртіп ережелерін білу.

Ересек топ:Далада және жаяужолшада тәртіп ережені білуге ықпал ету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Міндеттері:Ортанғы топ: Балаларда жүретін бөлік, ось сызығы жайлы біліктерді қалыптастыру

Ересек топ:Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Байқағыштыққа, өз өміріне сақ болуға тәрбиелеу

Полингвальді компонент: Балабақша-светафор-traffic ligha,жол-дорода-road,

Билингвальді компонент: Балабақша-светафор,жол-дорога,

Көрнекті құралдар: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер ,

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,

І. Кіріспе

Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
 Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

ІІ. Негізгі бөлім

Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
 Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
 Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
 

Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары  – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем  баспа  алға !
Сары  көзін ашқанда ,
Қарап қалма  аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте  бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

ІІІ.Қортынды


+

-
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мені қоршаған әлем"

Автор: Жунусова Ляйлым Жанаевна

Дата: 18.03.2018

Номер свидетельства: 462463

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "«Мені ?орша?ан ?лем» "
    ["seo_title"] => string(22) "mieni-k-orshag-an-liem"
    ["file_id"] => string(6) "175867"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424334148"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жаратылыстану "Бізді қоршаған әлем""
    ["seo_title"] => string(34) "zharatylystanu_bizdi_korshagan_lem"
    ["file_id"] => string(6) "519723"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1568527645"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған әлем. Бағдарлауды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(80) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_bizdi_k_orshag_an_liem_bag_darlaudy_uirieniem"
    ["file_id"] => string(6) "375140"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483458244"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Бізді қоршаған әлем Бағдарлауды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(47) "bizdi_k_orshag_an_liem_bag_darlaudy_uirieniemiz"
    ["file_id"] => string(6) "449829"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515921344"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Бізді қоршаған әлем""
    ["seo_title"] => string(19) "bizdi_korshagan_lem"
    ["file_id"] => string(6) "544440"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1585236163"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства