kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен ғарышкер боламын»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен ғарышкер боламын.Біз қазір аспан әлеміне барамыз кәне бәріміз көздерімізді жұмып,көз алдарыңа аспанды елестетіп,аспан әлеміндле жүргендей боламыз.Біз аспанда ұшып әдемі жұлдыздарды көріп әлде бір әдемә әлемге келгенедейміз,әдемі жұлдыздар,ай жер домалақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен ғарышкер боламын»»















АШЫҚ ОҚУ ІС-ҚЫЗМЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: «Мен ғарышкер боламын»

8 (ортаңғы топ)





























Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:Білімділігі:Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.

Дамытушылығы:Балалардың сөздік қорларын байыту.

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,ой қозғау,көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойын,сұрақ-жауап,қорытынды.

Көрнекілігі:слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер,ғарышкерлер суреттері.Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:балаларға ғарышкерлер туралы мен тақпақтар жаттату.

Жылулық шеңбері:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

(Балалар шеңберге жиналып,қызығушылықпен айтады).

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

-Көктемнің неше айы бар?Айларын атаңдар.

-Сәуір айында қандай мереке бар,естеріңе түсіріңдерші?

-ия,бұл сәуір айында үлкен мереке бар.Ол –ғарышкерлер күні деп аталады.

-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

-Ғарышкерлер дегеніміз-олар ғарышқа ,аспан әлеміне ұшатын адамдар.

-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

Тосын сәт.

Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.

Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.

-Біз ,қазір балалар ,аспан әлеміне барамыз.Кәне ,барлығың еркін отырып,көздеріңді жұмып,көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып

елестетіңдер(үнтаспадан музыка әуені естіледі).Біз ұшаққа отырып,аспанға көтерілдік.Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр.кенет аспан әлемінде ай көрініп,жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады.Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық.Денеміз тоңғандай болды.Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды.Ол құс ғарыш кемесі-зымыран екен.Енді біз(балалар көздерін ашады).Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

-Мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар,шоқ жұлдыздар бар.Аспан әлемінде 9 ғалам бар.Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады.Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

Жұлдыз:Балалар мен сендерге жұмбақтар бар екен ,жұмбақтық жауабын тауып көреміз бе?

(Балалардың жауабы)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(Күн)



Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.(Жұлдыз)



Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз(Зымыран)



Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да,күндіз жоқ.(Ай)



Жарайсыңдар балалар!

Олай болса балалар зымыран,күн,жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады?

Аспан әлемінде

Жарайсыңдар балалар.

-менің де сендермен қоштасатын уақытым болды.Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын.Балалармен қоштасады.

Балалар сау болыңыздар.

Тәрбиеші:Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

-Балалар бізге кім келді?

Жұлдыз:

Ия балалар біз аспан әлемінде жүрміз.

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Ия,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.(зымыран суреті мен макетін көрсету).Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.

Бейнетаспа арқылы әңгімелеу.(суреттерін көрсете отырып)

Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет»Восток»ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.1991 жылы Қазақстаннан ағаш ғарышқа ұшқан ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров ұшты.Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты.Олар ержүрек, батыр,халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.Үшінші болып Айдын Айымбетов 2015 жылы ұшты.

Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ол Қазақстанның Қызылорда облысында

Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан.Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп,арнайы білім алады.Ғарышта адам демалатын ауа жоқ,көлеңке жағы қатты суық,күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен.Ғарышкерлер үстіне арнайы киім киеді.Ол скафандр деп аталады.Ғарыш кемесінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнай киіммен жүре алады екен.

-балалар,біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой.Қәне, есімізге түсірейікші.

Бүгін Юрий ағаның,

Ұшқан күні ғарышқа.

Мен аспанға қараймын,

Мен ғарышкер боламын.(Али)



Мақтанышы даламның,

Байқоңырдың құшағы.

Ұрпақтары ғаламның

Осы жерден ұшады.(Ажар)



Күлімдейді күміс күн,

Құштарында көз тігіп.

Кемесіне ғарыштың,

Байқоңырда кезігіп. (Дудар)



Байқоңырдан ұшқанға,

Барлық әлем қарады.

Дос құшақтар аспанға,

Көтеріліп барады. (Баян)



Қазақстанның тұңғыш ғарышкері

«Тоқтар әубәкіровке»

Алтын бесік тербеткен,

«Байқоңырдан»аттандың.

Ең алғашқы қазақтың

Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,

Бүгінгінің баласы

Мүмкін олар ертең-ақ,

Ізбасарың болады. (Саян)



-Балалар,сендер ғарышкер болғыларың келе ме?

Сергіту сәті әнмен: «Мен ғарышкер боламын»

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру.Зымыран туралы әңгімелеу.

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-қызметін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?

-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

-Неге арнайы киім киеді?

Оқу іс-қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр,зымыран,қазақтың тұңғыш ғарышкерлері,ғарышкерлер киімі туралы;

Нені түсінеді:Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев А.Айымбетов туралы мәліметтерді;

Нені меңгереді:Ғарыш әлеміне арнай ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықта өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Мен ғарышкер боламын»

Автор: Сулейменова Аманбиби Кузенбаева

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453276

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Конспект Экология негіздері Тақырыбы: "Мен ғарышкер боламын""
    ["seo_title"] => string(59) "konspekt_ekologiia_negizderi_takyryby_men_garyshker_bolamyn"
    ["file_id"] => string(6) "551609"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1590586581"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын."
    ["seo_title"] => string(32) "takyryby_men_garyshker_bolamyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "510859"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1558169581"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын."
    ["seo_title"] => string(30) "takyryby_men_garyshker_bolamyn"
    ["file_id"] => string(6) "510857"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1558169305"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тақырыбы:«Мен ғарышкер боламын»."
    ["seo_title"] => string(32) "takyryby_men_garyshker_bolamyn_2"
    ["file_id"] => string(6) "546320"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586706750"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»"
    ["seo_title"] => string(32) "takyryby_men_garyshker_bolamyn_3"
    ["file_id"] => string(6) "546342"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586709800"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства