Ұйымдастырушы – ізденушілік | Балалар біздің республикамыз қалай аталады? Иә, балалар біздер Тәуелсіз Қазақстан республикасында тұрамыз.Әр тәуелсіз мемлекеттің өз рәміздері болады. Біздің мемлекетіміздің де Әнұраны, Елтаңбасы,Туы бар.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ал еліміздің президенті кім? Балаларды сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқату. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов Балалар есімізде сақтап қалайық. Әнұран туралы өлең білемізбе? - Балалар, мынау біздің еліміз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. - Балалар тудың түсі қандай? Тудың түсінің көк болу себебі көк түс аспан түстес, яғыни аспанымыз ашық болсын деген мағынада. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы күн көзі бейніленіп, бар халық күннің шуағына бөленсін деген мағынада. Ал қыран құс еркіндіктің белгісі.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың авторы Шакен Ниязбеков ағамыз. - Ту туралы өлең білемізбе? Ал мынау балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Ал қанатты тұлпар тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың белгісі.Бір шаңырақтың астында тәту- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет – бейнесін паш етеді.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.Елтаңба туралы жырымызды айта қояйық: Сергіту сәті: Бір шаңырақ астында, Тату- тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да Бірге сайран құрамыз. Достықты үлгі санаған, Бір үйде біз тұрамыз. Қалған ата- бабадан, Бірлік асыл мұрамыз! Құс ұясыз, Жыртқыш інісіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды, Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға сол қайғы,- деп ақын ағамыз Мұғағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз.Өйткені мемлекетіз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. | Қазақстан. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Балалар кеуделеріне қолдарын қойып, әнұранды патриоттық сезіммен шырқады. Кәусар: Әнұраным жан ұраным Айтар әнім,сөйлер сөзім Туған жерім сағынарым Жүрсем егер дүние кезіп. Көк, көгілдер. Шыңғыс: Туымызға көгілдір Біз қарамай өтпейміз Сол көк тудың астында Көгереміз, көктейміз. Балалар елтаңба туралы түсінік алды. Айкөркем: Шаңырақтың шаттығы Асқақтатып тұр мұны Елтаңбасы елімнің Елдің тыныш тірегі. |
Жетекші – жөндеуші | Балалар,Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдің басқа мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер.Ол үшін терең әрі жан- жақты білімді болу міндеттерің. Бүгін айтылғандай әр адам өз елін, өз елінің рәміздерін танып, біліп оларды қастерлейік.Ұлттық биіміз «Қара жорға» биін билейік. | Балалар өз Отандарын сүйетінін айтып, Рәміздермен толық танысып,оларды қастерлеп жүруге уәде берді. |