Просмотр содержимого документа
«"Мейірлік-асыл қасиет". Сабақ.»
Тақырыбы: «Мейірлік - асыл қасиет» Мақсаты: Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. - өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту; - мейірбандылыққа тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: үнтаспа, гүл шоқтары,смайлктер,тауық пен балапандардың маскалары. Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге
Всем,всем добрый день!
Здравствуй солнце золотое!
Здравствуй матушка земля!
Гуд монинг,гуолд сан,
Гуд монинг май френуз.
Сәлеметсіздерме!-Здравствуйте-Гудмонинг!
Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасайымыз. Бұл әлемнің ауасы өте таза. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, нұры бізге қонып, жан - дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді! Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар. Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның көзінен көруге,іс-қимылынан табуға болады. Ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. Әңгімелесу Педагог жаңа оқу іс-әрекеттті таныстыру мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді. «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер? - Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен. - Адамзат ненің мейіріміне бөленген? - Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші: «Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (Әр бала айтады)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі, Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім Қол ұшын бер жетімдерге жылаған, Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған. Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен Мейірімді ана сіңірген бойға, мойында, Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру (гүл құрайды) (Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік, достық. мағыналарын түсіндіру) Ертегі: «Сары тауық пен балапандары» Балаларға мейірімділік мәнін түсіндіру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Ертегі: «Сары тауық пен балапандары»
-Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп,ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр жауып кетті. (жаңбыр даусы естіледі) Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес. Сары тауық қатты састы. Осы кезде: ( Шөжелерін қос қанатының астына алып,бауырына басты. )
-Тауық: балапандарым тоңып қаласыңдар,келіңдер қанатымның астына алайын.
-Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Осы кезде ана айла жасап :
-Сен ең үлкенісің , қарындасың тоңып қалады кезектес.
-Балапандарын кезектестіріп бір-бірден сыртта ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды.
-Тауық:Сен ең кішісісің шықпай-ақ қой тоңып қаласың.
-Балапан: Оны неге шығармайсыз?
-Тауық: ол тым жас қой.
-Балапан: Жас болса қайтеді,кезегі келгенде ол да шықсын.
-Тауық: Ауырып қалады. Кішкентайымызға қамқоршы болуымыз керек емес пе? Қане мұның орнына кім барады?
-Балапан: Мен.
-Мен барайын
-Кезекті маған беріңіз
-Мен қалам ба сонда?
-Тауық: Қатесін түсінген сен барғаның жөн.
-Сары тауық қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Кенет күн ашылып ана жүрегіндей жадырады.
Балалардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады. . Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? . Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді? . «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? . Күннің көзін неге ана жүрегіне теңеп отыр? . Сендер үшін өмірде ең мейірімді жан кім? Балалар жауабы тыңдалады. Дәйексөз: Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді. « Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығының мәнін түсіндіреді. - Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген. Сергіту сәті:
Күнге қарап қолымды
Бір,екі,үш деп санайын
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын
Хылы-жылы жүзбенен
Маңдайымнан сипайын
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлаймын
Ыстық алақаныммен Қолыңды бер қысайын
Құшақтасып алайын
Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізедді:
- Күлімдеген күн мейірімді! - Кіршіксіз ақ қар мейірімді! - Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді! - Аяулы анам мейірімді!
Балалар смайлктер арқылы өздерінің көңіл-күйлерін белгілейді.
Тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар,аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Көзімізді жұмайық.Күн нұры төбелеріңізден өтіп кеуделеріңізге қарай барады.Бұл күн сәулелері бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімдерін таратады.Барлық жақсы сезімдеріміз жүрегімізге жиналды. Өйткені ол мейірімді жүрек.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Көзімізді ашамыз.Ал енді қонақтармен қоштасып,тобымызға барамыз.
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 2а сынып
Тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
Қамқорлық жасауға жетелеу;
Мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, бояу, шар , жүрекшелер
Шаттақ шеңбері:
Ж. Әділжанқызы
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Әңгімелесу
Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс
В.Осеева
Жай ғана әжей
Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
Бұл оқиғадан не үйрендің?
Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?
Дәйексөз
«Табиғаттағы барлық жылу-күннен
Өмірдегі барлық жылу-адамнан»
М.Пришвин
-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.
Тапсырма
Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Ойын-жаттығу. «Көмек»
Сен досыңмен көлге шомылуға бардың Кенет досыңның «құтқар» деген даусын естідің? Сен не істер едің?
Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?
Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы тілектің адам өмірінде маңызы болатын болса, достарыңа қандай жақсы тілектер айтар едіңіз?
Жағдаяттарды талдау
Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...
Сергіту сәті «Мейірімді жүрек»жүректі жұбату.
Жүректі қуанту
1-2-3-4-5
Күн шығады келекес
Күн сәулесі төгілді
Балалар жүр көңілді.
6-7-8-9-10
Күн қарайды бізге оң
Біз ержеттік еркелеп,
Мектепке келдік еркелеп.
Жаңа ақпарат
Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарыңа, табиғаиқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Ойланайық, пікірлесейік
Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!
Ақылшы ұстазым-өлеңін топпен орындайды.
Дәптермен жұмыс
Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазыңдар.
Тренинг.
А4 қағазға үлкен етіп жүрек саламыз, сол жүректің ішіне гүлдің суретін саламыз сол гүлдің ішіне үйдегі адамдардың есімін жазамыз.
Оқып үйренейік
Қайырымдылық
М. Сүндетов
- Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
- Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма?
Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Бекіту сәті
Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
Менің жылы жүрегіме рахмет!
Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
Менің жан-жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
Мен әрқашан қайырымды боламын!
Мейірімділігім менің-асыл қасиетім!
Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!
Жүректен жүрекке
Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев
Дос болайық бәріміз!
Мектеп №41 ОМ Мерзiмі: 3.03.2015 №25 Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттері: қайырымдылық,адамгершілік,мейірімділік,кішіпейілдік. Мұғалім: Жанаева Нұргүл Класс –3 «а,б» Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту; -мейірбандылыққа тәрбиелеу; Оқулық,дәптер, Үнтаспалар,слайд. 1.Ұйымдастыру бөлімі: Салемдесу. 5 Т. Тыныштық сәті.(4 мин) Су патшалығына саяхат 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сары тауық пен балапандары» Сұрақ қою -Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді? -«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? -Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? -Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер? 3.Дәйексөз. «Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы 2 рет ұлдар, 2 рет қыздар, барлығы хормен бір рет қайталайды.
-Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында. 4.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. «Жақсылық пен Жамандық». Мысал ертегі. Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара. Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы. - Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі. Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап: «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!» - Ненің таңбасы, ата? - Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын. Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді. Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып: - Қайсысы дейсің, балам?.. Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді. 5. Сергіту сәті Күнге қарап қолымды Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/ Қарап тұрған көршіме Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/ Жылы - жылы жүзбенен Маңдайыннан сипайын /сипау/ Жылы - жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/ Ыстық алақаныммен Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/ Амандасып өзіңмен Құшақтасып алайын /құшақтасу/ 6.Шығармашылық жұмыс. Тапсырма: Суреттерге қараңдар. -Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің. -Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің? - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар Дәптермен жұмыс 1-Тапсырма Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар 2-Тапсырма «Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар 3-Тапсырма «Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар. Қортындылау Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік. 7.Топпен ән айту. «Айгөлек» Көлдей шалқып жас өмір, Тасып жатқан шағында Кемерінен шалықтап, Асып шатқан шағында Ойын ойнап, ән салмай Өсер бала болар ма Күміс күлкі көрмей ол Кемеліне толар ма. Айгөлек ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Айдай толған кезімде 3 рет Би билеймін дөңгелеп. Асыл сөздің ұстасы- Ақын болар ұрпақпыз Өнер, білім, еңбекке, Жақын болар ұрпақпыз Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз, Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпақпыз. Айгөлек ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Айдай толған кезімде 3 рет Би билеймін дөңгелеп. 8.Үйге тапсырма. «Жан Ана» оқып келу. 9.Тыныштық сәті. Мұғалім: Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...бүгінгі сабақтан түйгендерімізді жүрекке сақтап алайық.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №226 Мерзiм 11.02.2015ж № 23 сабақ Тақырып: Мейірімділік асыл қасиет Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бақыт, сыпайлылық, мейірімділік, кішіпейілділік, қайырымдылық Мұғалiм: Тулегенова Айжан Сынып 4 В Оқушылар саны - 21 Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсы сөз арқылы, жақсы ой, сезім арқылы сүйіспеншілік құндылығын жүректерінен оята отырып, мейірімділікке, сыпайылық пен қамқорлық жасау керек екендігін ұғындыру.
Міндеттері: - жақсы сөз, мейірімділік, сыпайлылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру; - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; - жақсы сөз айтуға, мейірімділікке, сыпайлылыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Ескертулер
2. Үй тапсырмасын тексеру 48 беттегі 9 тақырып. М.Төрежанов "Сары тауық пен балапандары" мәтінін оқып келу 3. Дәйексөз. "Мейірімділікті анадан үйрен" Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. 4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйлығы) Сыйқырлы сөз Мультфильм «Просто так»
- мультфильмде қандай кейіпкерлерді көрдік? - баланың жүзі қандай еді? - бала есекке не сыйлады? - есек күшікке гүлін ұсынғанда қандай сезімде болды? - гүл алған күшіктің жүзіне не ұялады? - қонжықтың әркеті қандай? - қонжық жемісін түсіріп алғанда қандай көңіл күйде болды? - қонжық тиынға гүлді қалай сыйлады? - мультфильмдегі кейіпкерлердің орынанда адамдар болса, олар бір-біріне жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болады?
- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір - бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру. Оқушыларды төрт топқа бөлемін. 1-топ: Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді. 2-топ: Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы. 3-топ: Емханаға келген науқас пен дәрігер арсындағы диалог. 4-топ: Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.
6. Топпен ән айту. МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ,АҒАЙЫН
1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын!
2.Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар!
4. Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек. Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де, болса деп!
5.Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып. Қаратайық Құбылаға жүздерді, Таратайық адамзатқа жылылық! 7. Үй тапсырмасы. 53 беттегі 10-сабақ "Екі дос" мәтінін оқып келу. Ел аузынан 8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.