kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі балаларға арналған конспектілер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекемеде берілетін сабақтар бойынша, балаларға арналған конспектілер. Осы конспектілерге сүйеніп, балаларға тәлім -тәрбие береміз. Балалардың ой-өрістерін дамытамыз. Балалардың сабаққа деген қызығушылқтары артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларға арналған конспектілер.»

Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 25.11.2019 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Дүйсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Таным».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: Жаратылыстану

Тақырыбы: Тема: Subject: «Қыс келді»

Мақсаты: Цель: Goal: Табиғаттағы қыс мезгіліндегі өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру. Қызығушылықты, есте сақтауды, зейінділікті, сөйлеуді дамыту. Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.
Билингвалды компоненмент: қыс-зима,қар-снег.
Сөздік жұмыс: қар, қыс, аппақ.

Шеңберге мен шақырамын,

Мейіріммен бас қосуға.

«Өзін-өзі тану» пәні

Көмектесер достасуға.

Жұмбақ

Шанамен зырғып желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі)

2.Негізгі бөлім:

(суреттер көрсету)

Қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады.

Қар жауады.

Қардан аққала жасаймыз.

Аязды күндері біздің терезелерімізге аяз

сурет салады.

Оны қырау дейді.

Қыс мезгілі суық болса да, өте көңілді.

Тыңдайды.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз

Шапалақ біз соғамыз

Сарт-сарт-сарт

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топылдатып басамыз

Топ-топ-топ,

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Шанамен зулаймыз

Зу-зу-зу,

Қимылмен көрсетеді

Балалар бүгін біз К.Нүсіпбеков ағамыздың «Суретші қыс» деген өлеңімен танысамыз.

Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып.

Тазарып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

(Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.)

Ойын: «Шырша, қоян, бүр»

Мақсаты: белгі бойынша қимылдар жасап, көңілдерін көтеру.

Шырша-қолдарын созады

Қоян-секіреді

Бүр-отырады

Тыңдайды.

Қимылмен көрсетеді:

Өлеңді тыңдайды

3.Қорытынды:
қыста күн қандай болады?

қардан балалар не жасайды?

терезеге суретті не салады?

Балалар жауап береді

Қорытынды:

Өлеңді жатқа айта білуге жаттықты. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.

Қыс мезгілі өте суық мезгіл екенін түсінді.


























Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 26.11.2019 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Шығармашылық».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: Аппликация

Тақырыбы: Тема: Subject: «Бауырсақ»

Мақсаты: Цель: Goal: шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету, жұмысты соңына дейін бітіруге дағыдыландыру, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру; балалардың шығармашылық ойын дамыту.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: «Бауырсақ» ертегісінен суреттер, желім, сулық, үлестірмелі материалдар
Билингвалды компоненмент: бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг
Сөздік жұмыс: бауырсақ, дөңгелек,домалау.


Балаларға жұмбақ жасырады:

Атасынан да қашты

Апасынан да қашты

Өзінің домалақ басына

Жоқ боп кетті бір күні

- Балалар Бауырсақ жоғалмапты, мінекей ол ( ойыншықБауырсақты көрсетеді)

- Бауырсақпен амандасайық, балалар. Балалармен бірге ойыншық бауырсақпен амандасады.

-Бауырсақ мұнда қалай келдің?

Бауырсақ:

Мен атамнан қаштым

Әжемнен де қаштым

Мен олармен бірге

Болудан жалықтым

- Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың?

- Ме ойнағанды қатты жақсы көремін. Атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір-бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық. Сендерге ойнаған ұнай ма, балалар?


- Бауырсақ сен жолда шаршаған боларсың? Бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?


-иә, шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмадым. Неге екенін білмеймін.


Балалар Бауырсақ неге тоқтай алмады?


Сөздік жұмыс: домалау,

Балалар , баурсақпен ойын ойнайық


«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны. Үстелде әртүрлі геометриялық пішіндер және суреттер тұрады

Балалар соған ұқсас пішіндерді табады

Ал сен, Бауырсақ тексересің


- Бауырсақ неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе? Домалақ дөңгелейді. Сен жалықпасын деп, біз саған өзіміз жасаған аппликацияларды бауырсақтарды сыйға тартамыз.


Билингвальді компонент: бауырсақ- колобок, дөңгелек- круг Балалар аппликация жасау үшін бізге не қажет?

Үлестірмелі материалға назарларын аударды.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді


-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз , желімдейміз

-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай? Мен неге осы түсті таңдадым?

- Сары шаршынын бұрыштарын әдемілеп қайырып, дөңгелектеп қиямыз.

-екінші жағынажелім жағып , суреттегі жолға желімдейміз.

-ал оны не күтіп тұр?

-бұған бірдене жетіспей тұрған сияқты


-жұмысқа кіріспес бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік


Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық


Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталады

Бауырсақ шыршаның артына тығылып, қашып кетеді

Жол бойында жүгіріп, ән шырқайды

Атамнан да қаштым

Апамнан да қаштым

Түспедім мен ауызға

Ас болмадым тағыда

Бауырсақпын осындай

Аяқталды ертегіміз

Сәтті болды күніміз!

Бауырсақ балаларға рақмет айтады.

Балалармен қоштасады

Қорытынды:

 бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек қияды, қарындашпен немесе фломастрмен аппликацияларды толықтырады;

домалақтың бұрышы болмайтындығын , еркін домалайтындығын;

қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады, сулықты қолданады







Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 27.11.2019 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сәрсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: Денешынықтыру

Тақырыбы: Тема: Subject: «Ақ қоян отыр»

Мақсаты: Цель: Goal: Сөмкелерді оң және сол қолдарыңызбен көлденең нысанаға лақтыру.

Екі аяқтың орнынан ұзақ секіру.

Көлденең нысанаға лақтыруда балаларды жаттықтыру.

Көздің дамуына, қозғалыстардың үйлестірілуіне, кеңістікті шарлау қабілетіне ықпал етіңіз.Балаларды бір жерден ұзақ секіруге үйрету.

Ойын «Ақ қоян отыр»

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: қоян суреттері,үйлестірмелі материалдар.
Билингвалды компоненмент: қоян-заяц,сәбіз-морковь.
Сөздік жұмыс: қоян, сәбіз,жіп.

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады. «Көжектер». Педагогтің соңынан қосарланып шағын топпен жүру, «жүгіру» деген белгі бойынша жүгіру. «Көжектер» қалай жүгіреді?

Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Шеңбер бойы тұрғызып, жарпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығулардың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру.

-қойылған заттардың арасымен «ирелеңдеп» еңбектеу. 1,5 м қашықтықта.

«Үш аю» қимыл-қозғалыс ойыны.

Қортынды бөлім:

«Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер» ойыны.

алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеу.

берілген белгіге көңіл аударып, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін.

жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.

Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 29.11.2019 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Жұма

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: Денешынықтыру

Тақырыбы: Тема: Subject: «Тауық пен балапандар»

Мақсаты: Цель: Goal: бір-біріне допты домалатуды үйрету. Допты домалату кезінде қолдың қозғау күшін, қимыл үйлесімділігін, ұсақ сезім мүшелерн дамыту.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі:  ұсақ резеңке шарлар, ұзын жіп, доптар.
Билингвалды компоненмент: тауық-курица.балапан-цыпленок.
Сөздік жұмыс: тауық, балапан,құстар.


Педагог төмендегіі тапсырманы орындатады.

Сап-тізбекте бірінің соңынан бірі дағдылы, аяқты тырпылдатпай басып жүру. Бірнің соғынан бірі жүру, жүгіру. «Тауық пен балапандар» қимылын бейнелей жүру.

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығулардың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Тура жолмен жүру және жүгіру.

-Бір-біріне доп домалату.

«Аттар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Қорытынды бөлім.

«Не естіледі?» қимыл-қозғалыс аз ойыны.

бір-біріне допты домалатуды.

допты домалату кезінде қолдың қазғау күшін.

педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау, белгі бойынша тоқтау дағдыларын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейінгі балаларға арналған конспектілер.

Автор: Рамазанова Эльмира Жумартовна

Дата: 03.12.2019

Номер свидетельства: 530007

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Конспект по воспитанию детей"
    ["seo_title"] => string(32) "konspiekt_po_vospitaniiu_dietiei"
    ["file_id"] => string(6) "420637"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1496694623"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Нурова Зауре Жумаровна "
    ["seo_title"] => string(24) "nurova-zaurie-zhumarovna"
    ["file_id"] => string(6) "187538"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525340"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Бастауыш сынып о?ушыларына білім беруде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-bilim-bierudie-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "187546"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525754"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства