Ұйымдастыру-шылық – ізденушілік Рефлекстік - түзету | -Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? Ертегілер сендерге несімен ұнайды?балалар портреттегі суреті көрсетіп, таныстыру. Балалар бұл Ы.Алтынсарин аталарыңның «Мақта қыз бен мысық» атты ертегісімен танысамыз. Балаларға ертегіні оқып беріп, түсінгендерін сұрау. Ертегі кім жайында екен? Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?Мақта қыз бен мысықтың бір-біріне жасағандары дұрыс па? Ертегіні суреттеп көрсету. Балалар сендерге осы ертегіні рөлдерге бөліп ойнағыларын келе ме? Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өсіп толамыз, күнге қарап табынып, көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз, Бір отырып, бір тұрып, Жаттығулар жасаймыз. Балалармен жұмыс: «Мысықтың қатыққа жету жолын тап». Әр балалаға үлестірмелі құралдар таратылады. Мысықтың қактыққа жету жолын сызықтар арқылы көрсетеді. Жұмбақ: Өзі жап-жас мұрты бар, Ет пен сутке ұмтылады. Тастамайды жылы үйді, Түкті тоны шұп-шұбар? Қорытындылау: Балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Ертегі авторы кім? Ертегі сендерге ұнады ма? Сабаққа қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. | Балалар жауап береді. Балалар автордың өмір баянымен таныстырылады.Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ертегіні мазмұндап, айтып береді. Балалар сұрақтарға жауап береді. Мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар жұмысын тиянақты орындауға тырысады. Жұмбақтың шешуін табады. Қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді. |