Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару, ашық сабақты хабарлау.
Өткен сабақты пысықтау.
Өткен әріптерді еске түсіріп әндетіп айту.
Р дыбысы бар сөздер айту. Мысалы: Радио, ара, тара, қар, жар т.б
3. Жаңа сабақ. Шаттық шеңбері
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәрі ақ тілек.
Балдырғанның тапсырмасын орындау.
1-тапсырма: Жұмбақ шешу.
Тастан тасқа секірген,
Ұзын, салпаң құлақты.
Қойдан маза кетірген,
Кім білмейді.... ?
Жауабы (лақ)
- лақ
- лақ дегенде қай дыбыс бірінші естіледі?
- Л дыбысы
- лақ қай малдың төлі? Қалай дыбыстайды?
- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?
- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік
- неше буын бар?
- сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар?
Л дыбысы мен таныстырып, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу
Л дыбысы дауыссыз
Л әрпінен келетін сөздер айттыру
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Буындарды хормен оқыту. Піл, лимон, балық суреттерін көрсетіп түсінік беру. Бұл сөздерді буынға бөлеміз. Піл, ли-мон, ба-лық. Л дыбысы сөздің басында ортасында, соңында келеді.
3-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрау. Отбасы мүшелеріне л дыбысынан басталатын ат қойыңдар.
Қай мезгілді көріп тұрсыңдар?
Суретте кімдер бар?
Оларға ат қойыңдар
Өздеріңнің отбасы мүшелеріңнің арасында л дыбысынан басталатын туыстарың барма?
4-тапсырма. Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
5-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Балапан дәптеріндегі л дыбысын жазу. Кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады. Лақ, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстық талдау жасап л дыбысының орнын ажыратады.
6-тапсырма. «Жалғасын тап» ойыны
Ойын шарты: берілген буындарға басқа буындар қосу арқылы жаңадан сөздер жасау
АЛ, ТА, ЛИ, БА, ЖАЛ т.б
4. Сабақты бекіту.
- бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- л дыбысы дауысты ма?
- л дыбысын қай текшеге саламыз?
5. Үйге тапсырма. Кітаптағы сөздерді оқып келу.
6. Қорытындылау. Балалардың білімдерін геометриялық фигуралармен бағалау. (жұлдызша-5, төрт бұрыш-4, үш бұрыш-3)