Мотивациялық қозғаушы | Таңғажайып сәт! Күз падишасының келуі. — Балалар бізге қонаққа күз падишасы келді. — Кәне, сәлемдесейік. — Сәлеметсіз бе! Хош келдіңіз! Күз падилшасы: — Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер, бүгін тамаша екенсіңдер!Балалар, мен – күз падишасымын . Сендердің «Күзгі сыйы »туралы білетіндеріңді естідім. Әрі күз мезгілін қалай ұнайтындығын байқап көруге келіп тұрмын. Мен сендерге тапсырма әкелдім. Осыны орындап берсеңдер, мен сендерге күзгі сыйлығынан тамаша бір сый тартамын. — Балалар, сіздің тапсырмаңызды орындайды. Күз туралы өз білімін, өнерлерін аямайды. Күз падишасы келіңіз, төрлетіңіз! Сіз отырып балалардың білімін бақылап көріңізші ! | Балалар қызығушылық танытады Күз патшайымымен амандасады Балалар қуанады, көңіл-күйлері көтеріледі |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Өлең оқу Шолып едім бақшаны Көкөніс біткен көңілді Жасыл, сары, қызыл – көк Сан алуан көкөніс Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап — Өлең не жайлы екен ? — Бақшада не өседі? — Бақта нелер өседі ? — Көкөкністерге нелер жатады ? — Жемістерді ата ? Сурет бойынша әңгіме құрап, әңгімеге ат қою. Сұрақ – жауап арқылы балалардың сөздік қорын, тілін жаттықтыру. — Балалар күз падишасы мына сурет не туралы салынған екенің және оның қалай атауға болатының түсінбей көңілі жабырқанды қане көмектесейікші. Күз падишасы : Балалар, рахмет ! Сендерге күз мезгілі қатты ұнайды екен Күз келгенде бақшадағы көкөністер, бақтағы жемістер жиналады. Көкөністерден қысқа сақтауға түрлі салаттар, шырындар дайындайды. Жемістен түрлы тосаптар, шырындар жасайды.Көкөніс- адамның ағзасының өсуіне, дамуына пайдалы түрлі заттарға бай.Жемістер – адамға өте пайдалы, бақта өседі. Дидактикалық ойын: «Дәмін татып, ажырат» Шарты: Балаларға күзгі сыйлықтан жемістер мен көкөністерді араластырып, бір баланың аузына салып көрсету; | Балалар өлеңді мұқият тындап отырады Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Балалар берілген суретке назар аударады, сұрақтарға жауап береді. Балалар көмектеседі
Балалар күз патшайымын мұқият тындап отырады.
Қай жемісті не көкөністі дәмін татып көрсе, сол жемістің дәмін, түрін, пішінін сипаттап береді. |
Рефлексивті түзеуші | — Балалар, біз бүгін біраз еңбек еттік. Күз падишасының берген тапсырманы бәрін жақсы орындадындар, бізге күз падишасы көп жемістерін үйлестіреді. Осының бәрі еңбектің нәтижесі — Міне осындай еңбек ету арқылы жемістерден дәм татайық. | Судан аттап өтсең Мұны аты – еңбек Ағаш басына шықсаң өрлеп Мұның аты – еңбек Жеміс жинап терсең Мұның аты – еңбек Табиғатқа қамқорлық, Бұл ғажайып – еңбек. |