Мотивациялық – қозғаушылық | -Қазір жылдың қай мезгілі ? -Күз мезгілі екенін қайдан білеміз ? -Қандай көкөніс түрлерін білесіңдер ? -Күз мезгілі несімен ұнайды? -Күз мезгілінде барлық жан – жануарлар қысқы дайындалады .Тиіндер жаңғақтарын жинаса , кірпілер індеріне саңырауқұлақтар тасып алады . -Ал адамдар күзде қалай еңбек етеді ? | -Қазір жылдың күз мезгілі . -Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз .Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі, күн суытады . Жемістер, көкөністер күз мезгілінде көп болып піседі . -Сәбіз , қияр , қауын , қарбыз , асқабақ , қызылша . -Күз мезгілі жомарттығымен , мырзалығымен ұнайды . -Еккен егіндерін жинап алады , көкөністерді тұздап , жемістерден тосап қайнатады . Түскен жапырақтарды жинап , бау – бақшаны тазартады . |
Ұйымдастырушылық ізденістік | - Балалар , бағана мен сендерге айтып өттім . Күз мезгілінде адамдар , жан-жануарлар қысқа дайындалады . Мына суретке назар аударыңдаршы . Демонстрациялық құралмен жұмыс Педагог күз мезгілнің суретіне қарап әңгіме құрайды: -Күз мезгілі , бақтың іші сап – сары алтындай жарқырап тұр.Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр . - Жапырақтардың түстері қандай ? - Бақта кімдер жүр ? - Бақтағы балалрға ат қояықшы? -Бақта балалар не істеп жүр ? -Балалар жапырақ теріп жүріп нені көрді ? -Кірпінің үстінде не бар ? -Балалар , кірпі де қысқа дайындық жасап , қысқы азығын жинап жүр . Педагог « азық » сөзінің мағынасын түсіндіреді . Азық – тамақ , қорек . Айдар мен Жәмила « әне , кірпі , кірпі кетіп бара жатыр »,- деп айғайлайды . Кірпі жүруін жылдамдата түсті . Айдар мен Жәмиланың көзі кірпінің үстіндегі алмаға түсті . - Алманың түсі қандай? - « әне, үстіндегі алманы қара » , - деді Жәмила Айдарға . -Кірпінің үстіне алма қайдан түсті ? -Иә , бақтағы алма ағашынан түскен еді . Билингвальды компонент : кірпі – еж, алма – яблоко , қауын – дыня , асқабақ – тыква , қарбыз – арбуз , сәбіз – морковь . -Балалар , менің суретке қарап құрған әңгімеме ұнады ма? -Енді сендер « Күз » тақырыбына шығармашылық әңгіме құрап беріңдер . -Иә ,сенің әңгімеңнен сенің еңбекқор екеніңді байқадық .Әңгімеңе көп рахмет . Сергіту сәті : Шөп үстімен жүреміз : сырт – сырт . Тас үстімен жүреміз :тырс – тырс . Шалшық сумен жүреміз : шолп -шолп , Жолдарменен жүреміз . топ – топ . -Сөйлеу үшін бізге не керек № -Әңгіме айту үшін сөз керек екен . Сөз – дыбыстан құралады .Әңгімелесу арқылы бір – бірімізге қарым – қатынас жасаймыз . « Сөйлемей көрейікші » ойыны : « Үндемес ойыны » . Педагог : « Орындарыңнан тұрыңдар деп ымдайды » , - деп ымдайды . -Міне , көрдіңдер ме , сөзсіз өмір өте қиын.Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды . Кейбір сөз ұзақ дыбысталады , кейбіреуі қысқа дыбысталады . -Балалар ,қысқа сөзде дыбыс аз болады , ал көп дыбыс ұзақ сөзді құрайды . -Кәне « кірпі » , « жапырақ » сөздерін байқап көрейік . « Жемістер мен көкөністер жинау » дидактикалық ойынын өткізу . Ойын шарты : балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып , екі себетке жинайды . Дәптермен жұмыс . Дәптердегі № 1 тапсырма бойынша орындалады . Жеке жұмыс жүргізеді . | Балалар бар ынтасымен тыңдайды. -Жапырақтардың түстері сап – сары -Бақта балалар жүр . -Айдар мен Жәмила деп ат қояды . -Бақта балалар жапырақ теріп жүр . -Кірпіні көрді . -Кірпінің үстіне алма бар . Балалар тәрбиешінің артынан қайталайды . -Алманың түсі қып – қызыл , пішіні домалақ . -Бақтағы алма ағашынан түсті . Балалар қайталайды . -ия , ұнады . Балалар өз ойларынан әңгіме құрастырып айтады . -Біз жексенбі күні бау – бақшадағы жемістер мен көкөністерді жинадық . Анам жемістерден тосап жасады . Әкем қураған жапырақтардан тырмамен тырмалады . Мен анам мен әкеме көмектестім .Өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстар жасайды . -Сөйлеу үшін бізге тіл керек , ауыз керек . Тып – тыныш отырады . Біразы тұрады .кейбіреуі тұрмайды . Қолдарымен созып көрсетеді . -Кірпі – қысқа дыбысты сөз . Берілген тапсырманы орындауға әрекет жасайды . Дәптердегі тапсырманы , жапсырмалар арқылы өз жүйектеріне жапсырады . |