kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар бізді? досы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  этот уроку я проводила в дошкольному группу. в этом уроке рассмотрено про экологии, хранение природу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар бізді? досы»




«№11 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ







Тәрбиеші:Тунгатова А.Б.










Семей

2014-2015



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні: 14.01.2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз».

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін

кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну,

сөздік қорын байыту. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге

машықтандыру.Жауапкершілік сезімін ояту.

Тәрбиелік: Балаларды құстарды қорғауға,оларды қоректендіріп тұруға үйрету.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі: Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекіліктер,ойын, Көрнекіліктер: Слайд арқылы көрсету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

I Шаттық шеңбері.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ.Сабағымызға көптеген қонақтар келіпті. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

  • Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
    Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
    Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
    Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сіздермен болған тек мен ғана емес,шуақты күнде қуанып тұрғандай. Ендеше біз бір бірімзге күлімсіріп,алақандарымыздың жылуын байқай отырып сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді және жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсы көтеріңкі көңіл күй тілейік! - Жақсы ,рахмет балалар! Барлығымыз орынымызға жайғасып отырайық.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Құстар - біздің досымыз» деп аталады

Балаларға слайд көрсету арқылы сұрақ қояды.



Шаттық шеңберін жасайды.








- Біз тағы да біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз
Құшып күннің шуағын
Көрісерміз қуанып.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, қонақтар?
Сіздерді көрсем қуанам.




Балалар қонақтармен амандасып, орындарына отырады.



Балалар слайдқа қарап жауап береді


Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар біз бірінші өткен сабағымызды еске түсіріп алайық.

-Айтыңдаршы сендер неше жыл мезгілін білесіңдер?

-Атап беріңдерші?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз бойынша өтетін тақырыбымыз «Құстар- біздің досымыз»деп аталады

Айтыңдаршы сендер құстың не екенін білесіңдер ме?

-Қандай құстардың түрлерін білесіңдер?

Ғажайып сәт: Осы кезде топқа Дымбілмес кіреді.Қолында айыратқыш пен сіріңкесі бар.

Дымбілмес: -Балалар, менің атым Дымбілмес. Сендер неге жиналып отырсыңдар, жүріңдер тоғайға барып от жағып , тамақ істеп, мына айыратқышпен құстарды атайық , қызық болады.

-Балалар, от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға бола ма?

-Өте дұрыс от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға болмайды.Өрт болған жағдайда ағаштар өртеніп, құстардың ұясына зиян келеді.

-Дымбілмес сен отыр «Құстар-біздің досымыз» деген тақырыптағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатыс.Құстар жайлы біздің балаларымыз не біледі екен, көр.

Дымбілмес: жарайды.

Балалар, біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз?

Құстардың бізге қандай пайдасы бар?

Олар немен қоректенеді?








Құстар жайлы қандай тақпақ білеміз?











































Сергіту сәті

Сергіп қалдыңдар ма, онда іс-әрекетімізді жалғастырайық. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ең алдымен келетін,
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс?
Орманда жоғары 
Ағашқа қонады,

Тұмсығын балға қып

Тоқ-тоқ соғады.Бұл не?

Қонып алып талға, қарқылдайды не?

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. Бұл қай құс?

Көктемде құстар келгенде,
Еркін самғап ұшсын,-деп, мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,-деп,қайсы құсты мақтаймыз?

Жем көрсе,

Шықылықтап қалтандайды,

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды.

II. Шығармашылық жұмыс.



Дидактикалық ойын

«Не, қалай, дыбыстайды?»

Тәрбиеші құстардың дыбыстарын компьютерден қосады.


Дымбілмес:- Балалар, сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер, мен көп нәрсені үйрендім рахмет сендерге. Мен де енді құстармен дос боламын. Сау болыңдар.

Сау бол, Дымбілмес.

Ал балалар, сендер шынында да құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер Өте тамаша.Енді біз іс-әрекетіміздің соңында қонақтарымызға «Ақ көгершін» әнін орындап берейік.


Балалардың жауаптары тыңдалып,

тәрбиеші қорытынды жасайды.



Балалардың жауаптары тыңдалады.



















Жоқ,құстарды атуға, ұясын бұзуға, тоғайда от жағуға болмайды.












-Жем шашамыз, ұя жасаймыз.

-Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.

-Тамақ қалдықтарымен, егіс даласындағы зиянкестермен, шыбын-шіркей,құрт-құмырсқамен қоректенеді.


Бекзат:

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа

Еркенже:

Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз қолдаймыз

Ұя жасап құттықтап

Біз оларды қорғаймыз

Аиша:

Аспанда самғайды

Тырналар тізіліп

Біреуі қалмайды

Қатардан тізіліп

Аружан:

Ұя жасап тақтайдан

Талға апарып байладым

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын


Біз қамқоршы баламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем-су беріп қыс бойы

Балапанын бағамыз

Аружан :

Қауіп-қатер жоқ алды

Малту керек оғанда

Жұмыртқадан шыға сап

Жүгіреді тоғанға

Демейді жаз,күз еді

Балдыр,жалбыз үзеді

Сол жүзгеннен сол үйрек

Мұз қатқанша жүзеді


Балалар іс-қимылмен көрсетеді.







(Қараторғай )



(Тоқылдақ )


(Қарға)


(Қарлығаш)





(Көгершін)




(Сауысқан)

Балалар әр түрлі пішіндерден кұстың ұясын кұрап, желіммен жапсырады.


Балалар дыбысынан құстарды ажыратып айтады






Сау бол Дымбілмес.





Балалар хормен айтады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту

  • Балалар біз қандай құстарды білеміз ?

  • Біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.


Қонақтарға сау бол айтады.


Нені білу керек: Құстарға көмек көрсету керектігін.

Нені игерді: Құстардың түрлерін, дыбыстарын ажырата біледі.

Нені біледі: Құстар туралы жұмбақтар шеше біледі. Түсті қағаздан құстардың

ұясын жасай біледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
??стар бізді? досы

Автор: Тунгатова Айжан Бакытбековна

Дата: 26.05.2016

Номер свидетельства: 330515

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "ашық сабақ:құстар-біздің достарымыз"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk_sabak_k_u_star_bizdin_dostarymyz"
    ["file_id"] => string(6) "371424"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482166622"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "??стар-бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(20) "kustarbizdindosymyz3"
    ["file_id"] => string(6) "329330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463918614"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""??стар бізді? досымыз" "
    ["seo_title"] => string(26) "k-u-star-bizdin-dosymyz-10"
    ["file_id"] => string(6) "224658"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1439029911"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы: «??стар – бізді? досымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "196656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428081050"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства