Мотивациялық-қозғаушы | Шаттық шеңбер Армысың көк аспан, Армысың жер ана, Армысың атын күн, Армысың балабақша,дос-жаран! | Шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтады. Армысың көк аспан, Армысың жер ана, Армысың атын күн, Армысың балабақша, дос- жаран! |
Іздену-ұйымдастырушы | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -дұрыс айтасыңдар. -Балалар, ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырамын. Күн жарқырап тұрғанын, шөптердің өскенін айтамын. Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызамын. Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіңдеп жап-жасыл түске енетінін, құстар келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіремін. -Балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасаймын. -Балалар мына суретке қараңдаршы жарқыраған күн, ұшып жүрген көбелектер мен ара бейнеленген. -Балалар мына суретте не жетпей тұр? - Жасыл шөп Дұрыс айтасыңдар балалар Балалар барлығымыз күн, шөп сөзін үш тілде қайталайықшы күн- солнце-the sun, шөп-трава- grass Содаң соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып беремін. Балалар суретімізді салмас бұрын барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық Сергіту сәті. Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді) Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады) Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды) Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады) Жарайсыңдар, рахмет балалар. Орнымызға отырайық. Алдымыздағы суретте бейнеленген жасыл шөпті қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетемін. Шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назарын аудартамын. Түп жағын салғанда қылқаламды батырыңқырап, ал шөптің басына қарай қылқаламның ұшымен ғана бояу жағу тәсілін орындап көрсетемін. Шөптерді көбірек салсаңдар суреттегі аралар, көбелектер бізге де қонаққа келеді деп қызықтырып қоямын. қ/о: «аралар мен гүлдер» шарты: барлығы орындарында отырады. Аралар деген кезде орнымыздан тұрып екі қолымызды жайып бір орында ұшамыз. Ал гүлдер деген кезде барлық балалар аралар сияқты гүлге қонып орындарына отырады. | -көктем мезгілі Күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаш бүршік жарады т.б. Терезе алдына жақындап күннің жарқырап тұрғанын айтады. Жарқыраған күн, көбелектер мен ара ұшып жүр
Жасыл шөп күн- солнце-the sun, шөп-трава- grass
Сергіту сәті. Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді) Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады) Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды) Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады) Қолдарына таратылып берген суретте шөптің ұзындығы-қысқалы екеніне көңіл бөледі. Түп жағы жуандау, ұшына қарай жіңішкере беретінін түсінеді. Шөптің салу тәсілімен танысқаннан кейін қолдарына қылқаламды алып, бояуға батырып алып, төменен жоғары қарай салады
Ойынды шарты бойынша қызығушылықпен ойнайды |