Балалардың көңіл күйін көтеру, қыстайтын құстар туралы білімдерін арттыру, тақырып бойынша ән айтуға, қимыл жасауға, кейіпкермен қарым қатынасқа түсуге, саусақ ептілігін жетілдіруге үйрету.
2.Құстарға арнап баспа тәсілімен жем суретін- нүктелер салу, бірден үшке дейін санау, құстарды, олардың түстерін атау.
3. Құстарға қамқорлық жасауға, топпен жұмыс істеуге, табиғат дыбыстарын тыңдауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құстармен мереке.»
«Борас орта мектеп-бақша»КММ
«Құстармен мереке»
ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Орындаған А.Б. Сагадиева
Бесқарағай 2018ж
Таным: Қоршаған ортамен танысу. Шығармашылық.
Тақырыбы: «Құстарға жем шашайық».
Мақсаты:
1. Балалардың көңіл күйін көтеру, қыстайтын құстар туралы білімдерін арттыру, тақырып бойынша ән айтуға, қимыл жасауға, кейіпкермен қарым қатынасқа түсуге, саусақ ептілігін жетілдіруге үйрету.
2.Құстарға арнап баспа тәсілімен жем суретін- нүктелер салу, бірден үшке дейін санау, құстарды, олардың түстерін атау.
3. Құстарға қамқорлық жасауға, топпен жұмыс істеуге, табиғат дыбыстарын тыңдауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Кішкене шырша, қоян, аю, түлкі- ілінетін ойыншықтар, әр балаға құстар жемсауытқа қонып отырған суреттер, сары бояулар, мақта оралған таяқшалар, шүберектер, табаққа салынған кәмпиттер.
-Балалар, біз өткенде қандай мереке өткіздік? Ортаға шырша қояды. Аяз ата, Ақша қар келіп еді ғой. Біз не істеп едік?
Балалар Жаңа жыл мерекесін еске алады.
Тәрбиеші: Жылтырайды қаршықтар,
Шыршамыз тұр жараса.
Мерекеге жиналдық
Үлкен, кіші ,бәрі де.
Ортаға кел, балалар,
Көңілді ойын ойнайық,
–Деп балалардың естеріне түсіреді.
-Ал енді шыршаны безендірейік.
3. Сергіту сәті: Балалардың қолындағы ойыншықтарды бір бірден шыршаға іле бастайды. Қоянды іледі де, музыка ырғағымен қимылын қайталауды сұрайды. Балалар шыршаны айнала секіріп жүгіреді.Музыка сүйемелдеуімен орындалады.Тәрбиеші кезекпен аюды, түлкіні іледі, балалар қимылдар жасайды, жылтырлар ілінеді.
4.Құстардың үні естіледі.
Тәрбиеші:- Балалар, бұл ненің дауысы?
Балалар:- Құстардың.
-Шыршаға қараңдаршы, бізге құстар келіпті. Сендер оларды танисыңдар ма, қане, атайықшы. Шыршада ілулі тұрған қорымда отырған құстарға балалардың назарын аударады.
Балалар құстарды атайды: Торғай, суық торғай, сары шымшық.Тәрбиеші:- Ия бүгін құстардың бір түрі- торғайлар туралы айтамыз. Тақпақтар оқиды.
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
5. Тәрбиеші:- Балалар, күн суық, құстарға жем берейік. Ол үшін үстелдегі қағаздағы жем салатын ыдыстар бейнеленген суреттерге сары бояумен жұмсақ таяқшалармен басу арқылы дақтар- жем салайық. Тәрбиеші үлгі суретке сары дақтар салып көрсетеді.
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Балалар сурет салуға кіріседі, тәрбиеші көмектеседі. Жұмыс барысында көңілді әуен естіліп тұрады.
6. Тәрбиеші: Балалар, сендерге неше құс ұшып келген, санайықшы. Жеке- жеке бірнеше баланың суретіндегі құстарды санатады (1-3). Балалар құстарды санайды, атайды.
7. Құстар туралы ән орындалады. Балалар шеңберге тұрады.
Кішкентай торғайым, ұшып келдің бе?-2рет (Қолдарын сермейді)
Кішкентай торғайым, жем берейік пе?-2рет (Алақанды екінші қолдың саусақтарымен түртеді)
Кішкентай торғайым, ән саласың ба?-2 рет чик-чирик, чик-чирик (қос алақандарын ауыздарына тақайды).
8.Ойын ойнатылады. Мяу-мяу-мяу- деген дыбыс естіледі. Бөлмеге мысық-кейіпкер келеді: «Мен құстарды ұстап ойнағанды жақсы көремін».
Тәрбиеші: -Балалар, сендер құстар болыңдар, ал мысық сендерді ұстауға тырысады, сол кезде сендер орындық-ұяларыңа қонып үлгеруге тырысыңдар. Баяу әуенмен мысық ұйықтап отырады, балалар-торғайлар қыдырып жүреді, жылдам әуенге мысық құстарды қуалайды. Ойын 3 рет қайталанады. Құстарды ұстай алмаған мысық кетіп қалады.
9. Сабақ қорытындысы: Тәрбиеші балаларды шырша түбіне шақырады. Қорымдағы дәндер суретін көрсетіп, балаларды мадақтайды.
-Біз бүгін қандай торғайларға жем бердік? (балалар атайды)
-Күн суықта торғайларға қандай көмек көрсеттік?(жем бердік)
- Балалар, құстар сендерге ризашылығын білдіріп, сыйлықтар әкеліпті, шырша түбінен табаққа салынған кәмпиттерді балаларға ұсынады.