kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Құс хананы мекендеушілер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Балаларға үй құстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Құс хананы мекендеушілер»»


Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.12.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Туған өлкем»

Топ: II – кіші тобы

Тақырып: «Құс хананы мекендеушілер»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу.

Дамытушылық: Жанды нысанды сипатта білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту

Оқыту: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін анықтау жəне кеңейту.

Педогогикалық технологиялар: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, көрнекілік

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, құс қауырсыны, май, тамшуыр (пипетка), тақырып бойынша суреттер.

Билингвалдық компонент:  тауық – курица

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Педагог өлең оқып, оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Тауық пен тары 

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

Ə. Табылды

Таң əлі атқан жоқ, Маңай əлі қараңғы.

Əтеш ерте оянып, Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денесін, Қанаттарын қағады.

Ку-ка-ре-ку – тұр-тұрлап, Оятады баланы.

Балаларға бірнеше бөлікке бөлінген суреттерді жинап, онда ненің бейнеленгенін анықтауды ұсынады.

Негізгі бөлім: Неліктен бұл құстарды үй құстары деп атайды?

Құсхана немесе құс ауласы деген не?  (Бұл  жерде  адам  тауық,  қаз,

үйректерді    өсіреді).    Адам    бұл

құстарды не үшін өсіреді? Неліктен      бұл      құстар      қалада мекендемейді? Адам оларға қалай күтім жасайды?

Үй құстарының балапандарын қалай атайтынын сұрайды. Əліппе- дəптердегі тапсырманы орындау (қарындаштың көмегімен сызып қосу).


Ойланып, қаз бен үйректің ұқсастығын айтуды ұсынады.

Бұл құстарды бір сөзбен – суда жүзетін құстар деп атауға болатынын түсіндіреді.

Педагог қаздың сирағының суретін көрсетеді.

– Міне, суда жүзетін құстардың аяғы осындай болады.

Өзекті сұрақ: адам қаздың аяғына ұқсас заттарды  қайда пайдаланады? (Суға жүзгенде аяққа киетін ласт (ескекаяқ), қайықтың ескегі). Суреттерін көрсету.

Балаларды тəжірибе жасап көруге шақырады.

Қорытынды жасайды:  құстармен де осылай болады. Олардың қауырсындары майланып тұрады, сол себепті суланбайды. Қаз, үйректердің үстіне су жұқпайды, тамшылары шашырап кетеді.

Ал тауықтың қауырсындары майланбайды, олар суға түссе, су болады. Сол үшін де үрпе-түрпесі шығып тұрған адамға «суға түскен тауықтай» деп айтады.

Сергіту сәті

Шөжелерім (музыкалық үзіліс) (Балалар əн айтып, педагогтің қимылдарын қайталайды).

Шеп, шеп, шөжелерім,

Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!Мамық жүнді шөжелерім,

Нəзік үнді шөжелерім.

«Кім қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

Ойланып, адамға үй құстарының əкелетін пайдасы туралы айтуды ұсынады. Əліппе-дəптердегі суретті қоршап сызу.

Қорытынды:  қарым-қатынаста педагог жағдайға қарай рефлексияның келесі түрлерінің бірін қолданады:

дене күші (үлгердім – үлгермедім); сенсорлық (көңіл күй: қолайлы – қолайсыз);

зияткерлік (Нені түсіндім? – Нені түсінбедім? Қандай қиындықтар болды?).






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Құс хананы мекендеушілер»

Автор: Сеилова Айгерим Амангельдыевна

Дата: 20.12.2018

Номер свидетельства: 491901

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Күләш Ахметова "Астана""
    ["seo_title"] => string(24) "kul_sh_akhmietova_astana"
    ["file_id"] => string(6) "392968"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487346432"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "9 саны мен цифры "
    ["seo_title"] => string(18) "9-sany-mien-tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "139654"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417771870"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства