Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды Барлық істі атқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған. Тосын сәт: Қолында су құйғышы бар Дария қыз қонаққа келеді. Балалармен амандасып, анасының өзіне арнап әдемі гүл алып келгенін, бірақ қалай күту керегін және гүлдің қалай аталатынын да білмейтінін айтады. -Олай болса, балалар, біз Дарияны бөлме гүлімен таныстырайық. | Шаттық шеңберін орындайды. Назарын қонаққа аударады. Сәлемдеседі, оны тыңдайды. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Гүлдермен танысамыз Бөлме гүлін таныстырып, әңгімелейді. Гүлдің сабағымен, жапырағымен таныстырып, иіскетіп, оның «герань» деп аталатынын айтамын. Суретпен жұмыс: «Ажырату» - Гүл - өсімдік, ол табиғатқа жатады? - Тірі табиғатқа жатады. - Балалар, гүлдер не үшін керек? - Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады, денсаулыққа пайдалы. Гүлдер қайда өседі? (бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету) - Далада, бөлмеде, алаңда, орманда. Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдер, бөлме гүлдері. - Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет? - Гүлді балшыққа отырғызуға болама? - Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен? Гүлді күтеміз Гүлге күтім жасау жолы. Алдарына алжапқыш байлап, гүлге су құйғызады, жапырақтарын сүрткізеді. - Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Гүлдер туралы тақпақтар 1.Ұмытпай күнде, Су құямын гүлге. Тұрады гүлім Құлпыртып түрін. 2.Үйде тұрып өсетін, Әкеп гүлдің көшетін. Топырақты салдымда, Отырғыздым қалбырға. Сергіту сәті Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған Сабақтары салалы, Желмен бірге ырғалған. Іс-тәжірбие: Стол үстіне 5 ыдыс қойылады. -Балалар біз не көріп тұрмыз? бірінші 5 бала топырақты қопсытады, 5 бала топырақты жұмсартады, келесі 5 бала гүлді отырғызады. Сөздік жұмысы: Гүл-цветок- flower Дыбыстық жаттығу Ыз-ыз-ыз – гүлдермен доспыз, Ыш-ыш-ыш – мен әкелдім су құйғыш. Үл-үл-үл – құмырады өсті гүл, Ыз-ыз-ыз – гүлді жұлмаймыз. «Нені ұнатады?» ойын Мақал – мәтел Гүл – жердің көркі. Мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. | Дарияны гүлмен таныстыруға келіседі. Бөлме гүлін мұқият қарайды. Сұрақтарға жауап береді. Экраннан суретті тамашалау. Мұқият тыңлайды. Топырақ, күннің көзі, су қажет. - жоқ. -сумен, ауамен. Алжапқышты киіп, бөлме гүлін күту жолдарын үйренеді. Тақпақты тыңдайды. Сергіту сәтін іс-қимыл мен қайталайды. 5 бала шығып топырақты қопсытты, 5 бала шығып су құйды, 5 бала гүлді отырғызды. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Дыбыстарын дұрыс, анық айтады. Ойынға белсене қатысады. Мақалдың мағынасын талдайды. |
Рефлексивті-түзетушілік | Дария алғысын білдіріп, өз үйіндегі гүлдерді күтуге баптауға уәде береді. Қоштасады Сұрақ қоя отырып, талдап, қорытындылау. -Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық? -Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? -Гүлдің сырт келбеті қандай? Балаларды мадақтап, ашық ұйымдастырылған ашық оқу қызметін аяқтау. | Дариямен қоштасады. Сұрақтарға жауап береді. Марапатталады. |