kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коммуникация, Сөйлеуді дамыту, Тақырыбы: "Тазалықтың достары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланың жеке бас гигиенасын туралы түсінік беру.Өздерін ұқыпты, таза жүруге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коммуникация, Сөйлеуді дамыту, Тақырыбы: "Тазалықтың достары"»

Жұмагүл Қаженова

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Шөптікөл ауылы

«Шұғыла» бөбекжайы- балалар балабақшасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тазалықтың достары

Мақсаты: балалардың тазалықтың достары(су,сабын,сүлгі,тарақ,тіс щетка,айна) жайында білімдерін толықтыру; баланың жеке бас тазалығының сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту; өздерін ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Сүлгі,сабын,тарақ,тіс щеткасы,айна.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

«Тілек шоғы»

«Өзгелерге денсаулық тілеп,жақсылық жасаса,ол өзіне қайтып оралады»деп тәрбиеші қорытынды жасайды.


Балалар дөңгелене тұрып шеңбер құрады. Тәрбиеші өзі бастап сәлемдесіп,балалар қол -дарындағы гүлді бір-бірі -не тілек айту арқылы ұсынады.Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, тәрбиешінің өзіне бір құшақ «Тілек шоғы» болып оралады.


Іздену –

ұйымдастыру

Қонаққа Кірқожалақ келеді.

Амандасады.

-Балалар,мына Кірқожалақты қараңдаршы, үсті-басы қандай кір!

Кірқожалақ: Балалардың киімдері,денелері қандай таза.Ал мен болсам...

(ұялып қалады).

-Кірқожалақ,біз бүгін саған таза жүруді үйретеміз.Ең алдымен сені тазалықтың достарымен таныстырай- ық.

Ол үшін біз жұмбақтар шешейік.

Жылт-жылт етеді,

Жылғамен өтеді.

(Су)

Дымқылдап күнде сен

Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір,ласың

Тап-таза боласың.

(Сабын)

Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?

(Сүлгі)

Мынадай бір асыл бар,

Басы жоқ,шашы бар.

Болса ондай бұйымың,

Ластанбайды тісің.

(тіс щеткасы)

Қарасаң ол да қарайды,

Шашыңды бірге тарайды.

(айна)

Аузы бар,көзі жоқ,

Тілі бар,сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

(тарақ)


-Дұрыс,балалар! Біз тазалықтың достарын тақтаға ілдік.Енді осы заттардың қызметімен танысайық.

-Су – бұл тазалықтың ең негізгі құралы.

Сумен біз не істейміз?


Сабынмен жуынсақ кіріміз бірден кетеді және денеміздегі микробтар өледі.

Сүлгі- тазалықты сақтауға өте қажетті зат.

-Иә,біз тісімізді тіс щетка- сымен күніне 2 рет тазалап жүрсек тісіміз аппақ,сау болады.

-Айна не үшін керек?


-Ал,тарақ ше?


Дұрыс айтасыңдар,балалар! Бұл заттар болмаса біз Кірқожалақ секілді кір-кір болып жүрер едік.

Сергіту сәті

Азамат боп өсеміз,

Шынықтырып денені.

Армандарға жетеміз,

Шынықтырып денені.

Кел жаттығу жасайық,

Қол-аяқты созайық.

Шынықтырып денені,

Денсаулықты сақтайық.

Ойын: «Не артық?»







Ойын: «Не жоқ?»





Кірқожалақ: Балалар, сендердің арқаларыңда мен тазалықты сақтауға

арналған заттармен таныстым.Мен енді олар -ды күнделікті пайдаланып жүремін.Сендер сияқты таза,әдемі болым жүремін. Сендерге көп-көп рахмет! Сау болыңдар!









Кірқожалақ қарайды, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.




Топпен,кейін жеке-жеке қайталайды.

Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен судың суретін тауып тақтаға іледі.

Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен сабынның суретін тауып тақтаға іледі.

Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен сүлгі-нің суретін тауып тақтаға іледі.

Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен тіс щеткасының суретін тауып тақтаға іледі.


Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен айнаның суретін тауып тақтаға іледі.

Үстел үстінде тұрған суреттердің ішінен тарақтың суретін тауып тақтаға іледі.




Сумен біз денемізді,күнде беті-қолымызды жуамыз.Сонда біздің денеміз,беті-қолымыз таза болады.

-Сабынмен біз денемізді, күнде беті-қолымызды жуамыз.


-Сүлгімен біз жуынып болған соң сүртеміз.


-Тіс щеткасымен біз тісімізді тазалап жуамыз

.


-Айнаға қарап біз киімімізді ұқыпты киеміз.

-Тарақпен біз шашымызды тарап ұқыпты жүреміз.


Топпен,кейін жеке-жеке қайталайды.




Шеңберге тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айта отырып,қимыл-қозғалыс -тар жасайды.




Балалар тақтада ілініп тұрған заттардың ішінен тазалықтың достарына жатпайтын затты табады. Ойынға белсене қатысады.


Балалар тақтада тұрған тазалықты сақтауға арналған заттардың ішінде не жетіспейтінін тауып тақтаға іледі.







Кірқожалаққа «Сау болыңыз» деп айтып шығарып салады.

Рефлексті - коррекциялау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып үй -ренгендерін пысықтайды.

-Балалар,бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Оны біз қандай заттармен таныстырдық?

-Тазалықтың достарына қандай заттар жатады екен?

-Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Осымен біздің «Тазалықтың достары» атты ашық оқу іс-әрекеті аяқталды. Бағалау.

-Сау болыдар!

Балалар жауап береді.



-Кірқожалақ.

-Тазалықтың достары-мен.

-Су,сабын,сүлгі,тіс щеткасы,айна,тарақ.


-Иә.





- Қуанады.

-Сау болыңыз!





Күтілетін нәтиже.


Біледі: тазалықтың достарына қандай заттар жататынын;

Игереді: тазалықтың денсаулыққа пайдалы екенін;

Меңгереді:сұрақ-жауап арқылы тілдік қорларын дамытады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Коммуникация, Сөйлеуді дамыту, Тақырыбы: "Тазалықтың достары"

Автор: Қаженова Жұмагүл Хасанқызы

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411784

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Конспект урока на тему "Киімдер""
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt_uroka_na_tiemu_kiimdier"
    ["file_id"] => string(6) "380831"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484736099"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства