«Көктем аруы» 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
«Көктем аруы» 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Мақсаты: 1. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Көктем аруы» 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий»
«Көктем аруы»
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Мақсаты: 1. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.- дегім келеді. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақстаында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!.
Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген жұрт алдына,
Бишілер ғажап еді биің қандай. Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесіне биші қыздарымыз: (Нұрай, Даяна, Дильназ, Мадина) «Көктем арулары» биін тарту етеді.
Би: «Көктем арулары»
Тәрбиеші:
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі-деп бүгінгі мерекеге арнап: (Нұрдәулет, Ернар, Серікбол,Даниал) «Мерекесі мамамның» ән шапшуын барлық аналардың құрметіне тарту етеді.
Ән: «Мерекесі мамамның»
Тәрбиеші:
Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар ортаға шығады)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық. (Ортаға сайысқа қатысушы бүлдіршін қыздарымыз шығады)
Байқаудың шарттары төмендегідей: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Зерделінің ойы озық» (Лездік сұрақтарға жауап беру,тақпақ айту) 3. «Қыз еркем – кестесімен көркем» (Әр қыз өзінің анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді) 4. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Аналарқыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу) 5. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту) 6. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету) 7. «Тату отбасының асы тәтті»
(Әр қыз өзінің анасымен бір ас мәзірі салат түрін дайында)
Тәрбиеші:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. Мукаримова М. – балабақша меңгерушісі. 2. Амангелдиева Ж- –әдіскер.
3. Баймаханова Гүлзада-ата-ана Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың ерекшелігі осындай қызғалдақтай қыздарын жан-жақты баптап, үкілеп алып келген аналарымызда сайысымыздың құрметті қонағы болмақ. (музыка әуенімен аналар ортаға шығып, өздерін таныстырады)
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
БайқаудыңІкезеңі «Менқазақтыңқызымын». Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Тәрбиеші: Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады. БайқаудыңІІІкезеңі «Қызеркем – кестесіменкөркем» (Әр қыз өзінің анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
Ән:«Меніңаннамалтын» (Ержан,Мансур,Ақниет,Нәдір)
Жадыра:
Менің анам «айым» дейді, Менің мұнайсам уайымдайды. Менің анам «күнім» дейді, Менің қуансам күлімдейді.
Нұрай:
Ана деген асыл жандар ардақты, Ана деген мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.
Арайлым:
Асыл анам-алтын жан, асқар тауым, Арайланып алдымнан атқан таңым. Әлпештедің, әлдилеп, аяладың, Әр кез менің ән-күйім, сая, бағым.
Даяна:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым, Баулуға мені сан азап көріп шыдадың. Тілерің болса алдағы жерде анашым, Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.
Дильназ:
Анашым сенсің менің тірегім, Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің. Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені, Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.
Мадина:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан, Анам менің мәпелейді жасымнан. Мен қуансам қуанады ол бірге, Мен қиналсам табылады қасымда.
Тәрбиеші: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған тамам жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІV кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады. Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аналарымыз сынға түседі
1. «Қыздың жиған жүгіндей» 2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» 3. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» 4.« Шеше көрген тон пішер» 5. «Қыздың жасауын жеті жастан жинасаң жетеді,
Алты жастан жинасаң асады»
6. «Қыз-қонақ»
7. «Шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без»
Ән: «Әжетайым әжешім»
Тәрбиеші: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.
V кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады. (Ән айту, би билеу, күй тарту)
VІ кезең «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету) Ай көркі биіктерге таласады. Болмаса сұлу қыз, ару әйел Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
VІІ-кезең «Тату отбасының тамағы тәтті»
(Әр қыз өзінің анасымен бір ас мәзірі салат түрін дайында)
Тәрбиеші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік. «Әрқашан күн сөнбесін» Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!