Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа райы қалай өзгереді?
Балалар: Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, гүлдер өседі.
Тәрбиеші: Адамдар көктем мезгілінде қалай киінеді?
Балалар: Қалың киімдерін шешіп, жұқа киінеді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше бүгінгі жаңа сабақтың барысымен танысайық.
Сабақ барысы: Балалар, бүгін біз коллаждан жұмыс жасаймыз, кім айтады, коллаж деген не? (табиғи материалдардан, тұрмысқа қажетті заттардан, бояулардан, бояулар мен желімдерді қолдана отырып жасалатын жұмыс)
Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (әтеш, тауық, балапан, көрке, үйрек,қаз)
Жұмбақ жасыру:
Күн бата қонақтап
Таң ата жерден жем аңдыған
(тауық)
Қиқу салып бақырып
Айғайлауды тауыпты
Қыт-қыт дейтін шақырған
Кім біледі
(тауықты)
Тәрбиеші: — Бүгін бізге шұбар тауық қонаққа келген екен. Ол көгалда жүр.
-көгал дегеніміз не? Қане, кім айтады?
Балалар: -шөбі бар, суы бар жайылым
Тәрбиеші: -кім айтады, тауықтың үстінде не болады?
Балалар: -жүн
Тәрбиеші: -жүннен не жасаймыз?
Балалар: -жастық, бөстек
Тәрбиеші: -Тауық бізге не береді?
Балалар: -жұмыртқа
Тәрбиеші: -Тауық бізге қандай дыбыс шығарады?
Балалар: -Қыт-қыт
Тәрбиеші: -Тауықтың етін,жұмыртқасын жейміз бе?
Балалар: -ия
Тәрбиеші: -Тауықтың жанында не жүреді?
Балалар: -Балапан
Тәрбиеші: -ол өзінің балапанын көгалда жоғалтып алыпты.
Ең алдымен дайын план көрсетіледі. Балалар оны мұқият қарап шығады.
Жұмыс барысы: дайын балапан үлгісіне (боялған) жапсырылады, оны көгалдағы тауықтың маңына орналастырады. Тұмсығы көзін, аяқтарын жасайды. Жұмыс еркін жүріп-тұрып атқарылады, көмек көрсетіледі.
Балалар, тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұр, кім екен? Біздің хат тасушы апайымыз екенғой бізге бір қорапша әкелген екен ашып көрейікші, қорапшаның ішінде не бар екен. Қорапшаны ашу үшін тапсырмалар берілген екен, солардың шешімін тапсақ қорапшаны ашуға мүмкіндігіміз бар екен.
Тапсырма: 1.Осы жыл бойы қандай ертегілермен таныстыңдар?
Балалар: «Қызыл телпек», «Түлкі мен ешкі», «Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Түлкі мен торғай», «Түлкі мен тырна», «Аққу қаздар», «Тапқыр бала», «Түлкі мен қоян», т.б ертегілермен таныстық.
2.Қандай мерекелік шаралар өттіңдер?
«Алтын күз», «Жаңа жыл» . «8-Наурыз халықаралық аналар мейремы», «22-Наурыз Ұлыстың ұлы күнін тойладық». т.б мерекелерді атап өттік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар , біз Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар , біз 3-сұраққа да толық жауап бердік ендеше қорапшаны ашайық. (қорапшадан балапандар шығады).
Дидактикалық ойын: « Үй құстар мен жануарларды ажырату».
Мақсаты: Үй жануарлар мен құстар туралы білімдерін бекіту. Оларды қорғауға баулу.
Шарты: Тәрбиеші балаларға конферт дайындайды. Конферттің бір бетінің шеті дөңгелене қиылған. Жануардың суреті конфертке салынады. Ойықтан көрінген дене мүшелері арқылы қандай жануар қандай құс екеін ажыратады
Қорытынды: балаларға өздері жасаған әдемі коллажды көрсетіп, бағалау, мақтау, мадақтау.
Тауық ризаылығын білдіріп сендерге сиқырлы жұмыртқа сыйлайды (киндерсюрприз)