kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

:«Қарттарым - асыл қазынам»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадан слайд көрсету.
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

Деніміз сау болсын!

Күніміз күлімдесін!

Еліміз аман болсын!

Ата - анамыз қасымызда болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!

Аспанымыз ашық болсын!

- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін  Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін Қадірлі ата – әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз  құтты болсын  Хош келіпсіз ақжаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Тәрбиеші:

 Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз.
Тәрбиеші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.

Балалар, бүгін ата - әжеміздің аулына жайлауға барғыларың келе ме?
Олай болса, кешімізді орындауындағы «Біз жайлауға барамыз» әнімен ашамыз.

(Балалар ата - әженің аулына барады. Олармен амандасады)
Әже:

Балаларым, амансыңдар ма, қош келдіңдер. Төрге шығыңдар. Сендер алыстан шаршап келеді деп, мен сендерге арнап, дәмді бауырсақ пісіріп, шұбат дайындап қойдым. Қане, ауыз тиіңдер.)

Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер Бақтығұл атамызға сөз береміз.
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Балалар:

 ата сіз не жасап отырсыз?
Ата:

 Өзінің қамшысы туралы айтып береді.
Тәрбиеші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Балалар:

 - Әже сіздің қолыңыздағы не нәрсе?
Әже:

 Бұл құрақ көрпеше. Мұнда көптеген ою - өрнектер бар. Мен оны безендіріп әдемілеп тігіп отырмын.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында ән «Әжетайым» әнін қабыл алыңыз.
Ән:

«Әжетайым»
Тәрбиеші:
Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Тәрбиеші:
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Тәрбиеші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді? Нұрәлі:.

Тәрбиеші:

 Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?
 

Сабина:
Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз.
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
 

Айбар:
Ақ жаулықты әжемді
Ай нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.

Қымбат:
Ата - үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.
Әже:

- Ой, балаларым, бәріңде өнерлі екенсіңдер. Бәрің де шаршаған боларсыңдар.
Олай болса, аталарың екеуміз сендерге қазақтың ұлттық ойындарын дайындап қойдық ойнаймыз ба?
Әже:

«Айгөлек» ойынын ұйымдастырады.
Ата:

 «Арқан тартыс» ойынын ұйымдастырады.
Бәріміз «Қошақаным!» әнін қосылып айтайық.
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар.
Қабыл алыңыздар! Кеш соңында үлкен алғысымызды білдіре отырып, саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
Тәрбиеші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған - дей келіп, мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз. Естелік ретінде суреттерге түсу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«:«Қарттарым - асыл қазынам»»



Тақырыбы:«Қарттарым - асыл қазынам»
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадан слайд көрсету.
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

Деніміз сау болсын!

Күніміз күлімдесін!

Еліміз аман болсын!

Ата - анамыз қасымызда болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!

Аспанымыз ашық болсын!

- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін Қадірлі ата – әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер..
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын Хош келіпсіз ақжаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Тәрбиеші:

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз.
Тәрбиеші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.

Балалар, бүгін ата - әжеміздің аулына жайлауға барғыларың келе ме?
Олай болса, кешімізді орындауындағы «Біз жайлауға барамыз» әнімен ашамыз.

(Балалар ата - әженің аулына барады. Олармен амандасады)
Әже:

Балаларым, амансыңдар ма, қош келдіңдер. Төрге шығыңдар. Сендер алыстан шаршап келеді деп, мен сендерге арнап, дәмді бауырсақ пісіріп, шұбат дайындап қойдым. Қане, ауыз тиіңдер.)

Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер Бақтығұл атамызға сөз береміз.
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Балалар:

ата сіз не жасап отырсыз?
Ата:

Өзінің қамшысы туралы айтып береді.
Тәрбиеші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Балалар:

- Әже сіздің қолыңыздағы не нәрсе?
Әже:

Бұл құрақ көрпеше. Мұнда көптеген ою - өрнектер бар. Мен оны безендіріп әдемілеп тігіп отырмын.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында ән «Әжетайым» әнін қабыл алыңыз.
Ән:

«Әжетайым»
Тәрбиеші:
Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Тәрбиеші:
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Тәрбиеші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді? Нұрәлі:....

Тәрбиеші:

Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?


Сабина:
Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз.
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.


Айбар:
Ақ жаулықты әжемді
Ай нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.

Қымбат:
Ата - үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.
Әже:

- Ой, балаларым, бәріңде өнерлі екенсіңдер. Бәрің де шаршаған боларсыңдар.
Олай болса, аталарың екеуміз сендерге қазақтың ұлттық ойындарын дайындап қойдық ойнаймыз ба?
Әже:

«Айгөлек» ойынын ұйымдастырады.
Ата:

«Арқан тартыс» ойынын ұйымдастырады.
Бәріміз «Қошақаным!» әнін қосылып айтайық.
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар.
Қабыл алыңыздар! Кеш соңында үлкен алғысымызды білдіре отырып, саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
Тәрбиеші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған - дей келіп, мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз. Естелік ретінде суреттерге түсу.































«Тексерілді»

«Ерке-Наз» балабақшасы

МКҚК әдіскері

__________Б.Ж.Муханова

«______»________ 2018ж












Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Қарттарым - асыл қазынам »















Дайындаған: Таңатова А.Ж











2017-2018 оқу жылы








































Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Тәрбиеші:

Балалар, бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.

Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Күніміз жарық болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз тыныш болсын.

Досымыз көп болсын.

Балабақшамыз жайнап тұрсын.

Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық. Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.

Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

  Ғажайып сәт:

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.

Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы -Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын

.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Айбар:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Назгүл:

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.

Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Арсен:

Тіл тасжарады,

Тас жармаса бас жарады.

Алтай:

Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

Нұршат:

Өнер алды — қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс



Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.



Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті.



Құрастыру ойыны.

Қорытынды.

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Рахмет сендерге.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.















«Тексерілді»

«Ерке-Наз» балабақшасы

МКҚК әдіскері

__________Б.Ж.Муханова

«______»________ 2018ж












Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!»















Дайындаған: Жәңгірова А.М









2017-2018 оқу жылы

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
:«Қарттарым - асыл қазынам»

Автор: Танатова Амангул Жеткизгеновна

Дата: 15.04.2019

Номер свидетельства: 507188

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?арттарым - асыл ?азынам" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(31) "karttarymasylkazynamsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271529"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451580441"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам "
    ["seo_title"] => string(38) "urok-na-tiemu-k-arttarym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "205840"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430041323"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?арттарым-асыл ?азынам. "
    ["seo_title"] => string(26) "k-arttarym-asyl-k-azynam-2"
    ["file_id"] => string(6) "236439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444064627"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты : "?арттарым асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatykarttarymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "291863"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455194524"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Т?рбие са?аты"?арттарым - асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(33) "trbiiesagatykarttarymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "301140"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456854932"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства