Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет.
Тақырыбы: Қызыл-сары жапырақтар.
Мақсаты:
а) ата-аналармен бірлесе отырып алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды үйрету;
ә) негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;
б) балаларды алақанмен сурет салуда ұқыптылыққа тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: алақан арқылы сурет салу. Ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материялдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздан жасалған сары, қызыл жапырақтар, қызыл, сары гуашь бояулар, №4 қылқалам, дымқыл қол сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: қызыл, сары, қызғылтсары.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбишенінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші балаларға бүгін бірнеше ата-аналардың қонаққа келгендігі жайлы хабарлайды. Олардың балаларға арнап қызықты ойын ала келгендігі және алақан арқылы сурет салуға көмектесетіндерін айтады.
Балалардың қызығушылығы оянады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші аналарының алып келген жапырақтарын көрсетеді.
Балалардан олардың түстерін сұрайды.
Кәнекеи, бәріміз бірге қайталайықшы. Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды.
Күз мезгілінде жапырақтар түсінің өзгеретінін түсіндіріп өтеді.
Балалар мен ата-аналарына өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасатады.
Сергіту сәті.
Жел соқты, жел соқты,
Ағаштар желмен шайқалды.
Жел соқты, жел соты,
Жапырақ түскен байқалды. (Ф.Н)
Соңынан «Жапырақтар шоғыры» көрмесін ұйымдастырып, ата-аналар өз балаларының жұмыстары жайында әңгімелеп береді.
(Аналары балаларының қолын дымқыл орамалмен сүртіп отырады).
-Қандай тамаша, әдемі қызыл, сары жапырақтарды бейнеледіңдер, жарайсыңдар! Қане, балақайлар жасаған жұмыстарыңды қолдарыңа алып, бір-бірлеріңе көрсетіңдерші.
Аналары балаларыиен қоштасады. Тәрбиеші өлең жолдарымен жасалған іс-әрекеттерді қорытады.
Қызыл, сары, жасыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
О, Алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Балалар қимыл қозғалыстарымен көрсетеді.
Балалар түрлі түсті жапырақтарды лақтырып ойнайды. Бұл балалар үшін өте қызықты және көңілді ойн түрі секілді.
Балалар алақандарын сары, қызыл бояуға батырып, түрлі түсті жапырақтардың бейнесін салады.
Салған суреттерін бір-біріне көрсеіп, қызыға тамашалайды.
Балалар аналарымен қоштасады.
Өлең жолдаарына сәйкес қимылдарды көңілдене жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Тәрбиеші балалардың көмегімен алақан арқылы салған түрлі жапырақтар суреті жайлы әңгімелеп, мадақтап, көрме ұйымдастырады.
Балалар өздері салған жұмыстарын таңқала қызықтайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі жапырақтардың түсінің өзгеретінін.
Игереді: алақан арқылы күзгі жапырақтардың суретін сала білуді.
Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей білу дағдыларын.
Тәрбиеші: Қасымова Камила
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт