Мотивациялык-козғаушылық | Сәлемдесу. -Ауа-райы қандай? -Балалар,сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? -Кімиің қандай ойыншығы бар? -Балалар,бүгін ьізге қуыршақтар қонаққа келіпті. Педагогтің үстелінің үстінде қуыршақтар отырады.Педагог олардың атын Әйгерім және Динара деп таныстырады. | Балалардың жауабы тыңдалады. |
Үйымдастырушылық-ізденістік | -Бізде бүгін Әйгерім мен Динара қонақта.Қуыршақтар әртүрлі екен.Қайсысының жасы үлкен, қайсысының жасы кішкентай? -Әйгерімнің жасы кішкентай. -Әйгерімнің көйлегінің түсі қандай? -Аяқкиімнің түсі қандай? Ол аяғына не киген? -Кәне,барлығымыз қайталаймыз. -Екінші қуыршағымыздың аты-Динара. -Балалар,бізге келген Әйгерім мен Динара сендермен танысқаныңа өте қуанышты. Билингвальды компонент: көйлек-платье,аяқкиім-обувь,шаш-волосы. Сергіту сеті: Тербеледі ағаштар, Алдымнаң жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі. -Балалар,сендермен қонақ күту ойынын ойнаймыз. «Қонақ күту» дидактикалық ойыны.Педагог қоңақтарға шай даярлап,қонақ күту мәдениетін ұйретеді.Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үйлерінде қонақтарды қалай күтетіні туралы сұрау. | Әйгерімнің жасы кішкентай. -Көйлегінің түсі қызгылт. -Аяқкиімінің түсі қызыл.Ол мәсі киген.Басына тақия киген -Динара. -Динараның жасы үлкен. -Көйлегінің түсі көк,аяқкиімі күлгін түсті. Балалар қайталайды:көйлек-платье,аяқкиім-обувь шаш-волосы. Бірге қайталап сәйкес қимыл жасайды. Балалар педагогтің көмегімен қонақ күту ойынын қызыға ойнайды. |