kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балалармен “бір және көп” ұғымын пысықтау. Геометриялық пішіндерді тани білуін көрсету. Түстерді атау. Кеңістікте өз орнын тауып, қай бағытта тұрғанын ( алдында, артында, оң, сол жағында) ажырата білуге жаттықтыру. Тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) ажыратып, атай білуге жаттықтыру. Өздеріне таныс заттарды салыстыру нәтижесесінде көлемдері әр түрлі заттарды салыстыра білуге үйрету. Зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚҰМҚ

Тақырыбы: Бір және көп ұғымымен қалыптастыру.

Мақсаты: Балалармен “бір және көп” ұғымын пысықтау. Геометриялық пішіндерді тани білуін көрсету. Түстерді атау. Кеңістікте өз орнын тауып, қай бағытта тұрғанын ( алдында, артында, оң, сол жағында) ажырата білуге жаттықтыру. Тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) ажыратып, атай білуге жаттықтыру. Өздеріне таныс заттарды салыстыру нәтижесесінде көлемдері әр түрлі заттарды салыстыра білуге үйрету. Зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Құралдар: Үлкен, кіші шыршалар, ағаштар, сәбіз салынған себет, ойыншықтар, геометриялық пішіндер.

Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ- жауап.

Сабақ барысы: Топ орман көрінісі етіп жабдықталады. Шыршалар, ағаштар, ойыншықтар қойылған.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қане, қонақтарға амандасып алайық. (Балалар амандасады).

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Ерекше күнді бастамас бұрын көңіл- күйімізді көтеріп алайық.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Бір- бірімізге біз бүгін,

Қайырлы күн!- дейміз.

-Ал, балалар бір- бірімізге сәттілік тіледік, енді орнымызға отырайық.

  • Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

  • Көктемде неше ай бар? (Үш ай бар).

  • Қане, атап беріңдерші? ( Наурыз, сәуір, мамыр).

  • Дұрыс, балалар, күн жылынып, асыға күткен көктем мезгілі келді.

Күннің көзі шуағын шашып, жерге жылу береді. Біз жеңіл киіндік. Көктемде көңілді, ағаштар бүршік атып, жерде гүлдер шыға бастайды. Құстар ұшып келіп жатыр. Ауылда адамдар малдарды далаға көк шөпке шығарып жаяды. Сонымен қатар ормандағы аңдар да ұйқыдан оянып, көңілдене бастайды. Қазір біз сендермен сол орманға серуенге барамыз. Ормандағы аңдардың көңілді кездерін барып көрейік.

(Балалармен орманға серуенге бару).

Орманға келеміз. Талдардың арасында қоян отырады.

  • Ой, балалар, қараңдаршы ағаштың түбінде қоян отыр. Кәнеки, жақын барайық. Жанына барып қоянды көтеріп, балаларға көрсету.

  • Сәлеметсің бе, қоян? (Балалар қоянмен амандасады).

  • Балалар қоянның қолындағы себетін қараңдар. Ішінде не бар екен қарайықшы?

  • Себетінде көп сәбіз бар екен. Бірақ нешеу екенін білмеймін? Санап көрейікші. (Балаларға сәбіздерді үлестіріп беру).

  • Салтанат сенде неше сәбіз бар?

  • Әміржан сенде неше сәбіз бар? (Әр баладан сұрау).

  • Ал, себетте неше сәбіз бар? (Себетте сәбіз жоқ).

  • Балалар, себетте көп сәбіз болу үшін не істейміз? (Саламыз).

  • Дұрыс айтасыңдар, бір- бірден саламыз. Енді қараңдаршы, себетте қанша сәбіз болды. (Көп сәбіз болды).

  • Жақсы, балалар, енді қоян туралы тақпақ айтып берейік.

Ұзын құлақ сұр қоян.

Ұзын құлақ сұр қоян, Қарап еді артына,

Естіп қалып сыбдырды Қиығын сап көзінің.

Ойлы- қырлы жерлерден, Келе жатқан томпаңдап,

Ытқып- ытқып жүгірді Көжегі екен өзінің.

  • Ал, қоян біз серуенімізді әрі қарай жалғастырайық, рахмет саған сау бол.

  • Балалар жүріңдер тағы не кездеседі екен?

( Түлкі кездеседі).

- Балалар, қараңдар мынау түлкі ғой. Сәлеметсіңбе, түлкі?

Түлкімен амандасады.

  • Балалар, қараңдаршы түлкінің үстінде әдемі көйлегі бар екен. Түймесі қандай пішінге ұқсайды? ( Шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке).

  • Жақсы балалар, мына шыршаға қараңдаршы, көп ойыншықтар ілініп тұр екен. Мынау қандай ойыншық? Түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды?

Балалардан ойыншық түстерін, пішіндерін сұрау.

  • Дұрыс, балалар енді серуенімізді жалғастырайық.

Аюға кездеседі.

  • Сәлеметсің бе, аю? (Амандасады).

  • Аю, сен қыс бойы ұйықтап жатасың, ал көктемде оянып жатасың. Бірақ өзің тәулік мезгілін білмейсің. Ал, біздің балалар, жақсы біледі. Мен жұмбақ жасырамын, балалар сендер шешуге тырысыңдар. Аю да тыңдасын.

Ұйқымыздан оянамыз Серуенде жүреміз.

Беті- қолды жуамыз Ән айтамыз, күлеміз

Папамызға біз еріп, Апамызды күтеміз

Бақшамызға келеміз. Апай сау болыңыз,- деп,

Бұл қай уақытта? (таңертең) Үйге қарай кетеміз.

Серуеннен қайтамыз Қай уақытта? (кешке).

Тамақ ішіп аламыз Үйлерде шам жанады,

Біз тәртіпті баламыз Маңай тастай қараңғы,

Тәтті ұйқыға батамыз. Ертегіні тыңдап алып,

Қай уақытта? (түсте) . Тәтті ұйқыға батамыз.

Қай уақытта? ( түн).

  • Балалар аю туралы тақпағымызды айтып алайық.

Аю.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


  • Дұрыс, балалар жарайсыңдар. Ал, енді әрі қарай жүрейік.

  • Ой, балалар, мына әдемі шыршаларға қараңдаршы. Өздері әртүрлі екен.

  • Қалай ойлайсыңдар, қайсысы үлкен, қайсысы орташа, қайсысы кіші? Салыстырып көрейікші. (Салыстыру: үлкен, кіші, орташа).

  • Балалар енді осы шыршаның қасында ойын ойнап алайық.

  • Бізбен бірге орман аңдары да ойнасын.

  • Аяулым қоянды алып, ортаға қойшы, ал, Айдана сен аюды алып, қоянның оң жағына отырғыз.

  • Аяжан, сен түлкіні қоянның сол жағына отырғыз.

  • Ал, қасқырды Бекнұр қоянның алдына, Ал, Даяна арыстанды қоянның артына отырғыз. (Балалар отырғызады)

Балалардан қайталап сұрау.

  • Балалар, енді серуенімізді аяқтап, балабақшамызға келейік.

(Келіп, орындарына отыру).

Қорытынды: Балалар, біз бүгін қайда бардық?

Орманда нелерді кездестірдік? Қоянның несін санадық?

Шыршалардан нелерді көрдік?

Тағы не істедік? Бүгінгі күн ұнады ма?







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Хопаш Ай-Бобек

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466565

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства