kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, ??тты ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Оразова ?арлы?аш Рысдаулетовна осы саба?ты жіберудегі ма?сатым ?зім сия?ты бас?а да ?стаздар?а с?лде болса пайдасы тиер деген ойдамын, мені? осы жіберіп отыр?ан  т?рбие са?атымны?  бастауыш сынып м??алімдеріне ?ліппемен ?оштасу кешіне пайдасы ?те зор, о?ушылар?а т?рбиесі ?те к?п. !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, ??тты ?ліппем!»

«Мәдениет жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тәрбие сағат

Қош бол, құтты әліппем!



Бастауыш сынып мұғалімі: Оразова Қарлығаш





Қош бол, құтты Әліппем!

Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сіздерді «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті,міне бойларың,

Өсті,міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Мұғалім сөзі: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

Мұғалім сөзі: - Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол-сүйікті Әліппе!

Оқушылар хормен: «Әліппе» әні орындалады.

Мұғалім сөзі: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе ортаға шығады:

- Армысыздар жас достар!

Армысыңдар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім сөзі: Балалардың әліппеден үйренген тақпақтарын айтамыз.

Асад: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Бұның сыры неде түсінші.

Севинч: Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның қызымын,

Мен оқушы боламын.

Рамазан: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Гүлназ: Іші толы әріпке,

Мынау - әйбат Әліппе.

Барлық ілім - білімнің,

Әжесі - осы дліппе!

Озод: Ата-анаға еркелеп,

Ортасында өстік біз.

Жақсы оқып қуантып,

Бестік күнде алдық біз.

Азиза: Мама, папа атын сен,

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге жақын нағыз сен,

Сенен білдік әріпті.

Чарос: Ана келші тезірек,

Ана тілін бастадым.

Өзіңе айтар тағы да,

Дайын менің тақпағым.

Шабнам: Мектебің мынау классың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Мұғалім сөзі:- Балалар,біздің Отанымыз қай Республика?

- Қазақстан Республикасы.

Тәуелсіздік алған қай күн? 16- желтоқсан

Мұғалім сөзі: - Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!

Ана-біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Би «Вальс»

Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақытта жақындады.

Қош бол, құтты Әліппем,

Қош бол, құтты Әліппем!

Мұғалім сөзі: - Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына Ана тілі келеді. Ана тілі сөйлейді:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымымын.

Түсіндірер бәріне.

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

- Балалар,енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама /кітап/

2. Тақтада жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған /бор/

3. Үйреткен ілімді,

42 білімді /алфавит/

Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

«Кім жылдам» ойыны

Қыздар биі «Қамажай»

«Шалқан» ертегісі көрініс.

Ата-аналар ойыны. «Өз баласын табу».

Өзбек биі «Үш батыр».

Ұлдар биі «Моряк».

«Бай мен Алдаркөсе», «Қызыл телпек» көрініс.

Бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош бол, ??тты ?ліппем!

Автор: Оразова ?арлы?аш Рысдаулетовна

Дата: 18.03.2016

Номер свидетельства: 307230

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ош бол, ??тты ?ліппем! 1-сынып "
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "236886"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444188021"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "сценарии "?ош бол, ??тты ?ліппем!""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienarii-k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "297262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456158481"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ош бол, ??тты ?ліппем!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-2"
    ["file_id"] => string(6) "169231"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423389371"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "283740"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881450"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem2"
    ["file_id"] => string(6) "283741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства