Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Аяулы жан анашым"»
«Ақбота» бөбектер бақшасы
Аяулы жан анам!
ІІ кіші тобы
Тәрбиеші: А.М. Акшабаева
2016-2017 оқу жылы
8 наурыз аналар мерекесіне арналған
Аяулы жан анам!
Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар! 1-бала: Армысыздар мейірімді әжелер! 2-бала:Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар! Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын! 1-бала: Құрметтейік балалар аналарды Бізді өмірге әкелген даналарды Себебі ана деген асыл жан ғой Ойлауменен істелік әр қадамды. Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! 2-бала: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі, Қазақ қызы әдепті де әдемі. Қазақ қызы –ақылына көркі сай, Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! 1-бала:----------,білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ. 2-бала: Неге, сиқыршы келе ме? 1-бала: -Жоқ, таппадың. 2-бала:-Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар? 1-бала: -Жоқ------------, Бүгін біз бала бақшамыздың ең сұлу,ашық жүзді аруын таңдамақпыз.Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жүргізуші : Ия, дұрыс айтасыңдар,Құрметті қонақтар бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздардың ,асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!Көңіл сарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын! 1-бала: Арулар асыл жандар, Шуақ боп шашылғандар-деп отырып,ақ маңдай,ашық жүзді,бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз» 2-бала –Қарсы алыңыздар! Жеребе таратылады. Жүргізуші: -Әділдікпен баға берер аруға Әділдікпен қара қылды жаруға. Алқасын қазылырдың біз сайлайық Ақ аруды таңдап бүгін алуға- Деп,бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық. ----------------------------------------------------------, ----------------------------------------------------------, ----------------------------------------------------------, ---------------------------------------------------------, Жүргізуші : Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі: 1-бөлім: «Өзін таныстыру»-деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты,жүріс тұрысы сынға түседі. 2-бөлім: «Өз өнері»деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту,би билеу,ертегіден үзінді т.б өнерлерін көрсетуге болады) 3-бөлім:»Үй тапсырмасы» 4-бөлім:шаш үлгісі 5-бөлім сән үлгісі «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз,сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады. Айдай сұлу арулардың өнерін, Сәлемдесу рәсімінен көрейік. --------------------------------------, 1-бала: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер. Келесі бөлімге дайындалу үшін аруларымызды қошеметпен шығарып салайық. Жүргізуші. –Асқар тау,биігіміз сенсің- әже Жүрегің теңіздей кеңсің- әже Ұл қызың армансыз болар еді Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже 2-бала: О,балалар,алақай! Әжеміз келе жатыр.Жоғары шығыңыз отырыңыз. 1-бала : Сізге арнап,бүлдіршіндер өлең шумуқтарын айтып береді. 1.Әжем менің әлі де Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді Қажет болса бәріне (Қолын аяғын уқалайды). 2.ұмсайды әжем мені де, Тауыққа жем беруге Ауырады кей кезде, Аяғы да белі де (одеял жабады) 3.Біз дәрісін табамыз Қамқорлыққа аламыз Әжемізді өзіміз Демде емдеп аламыз. (Дәрі беріп,су береді) Жүргізуші. Жарайсыңдар бүлдіршіндер! «Ақ әжем» әнін әжелеріне арнап орындап береді. 2-бөлім: Жүргізуші. –Ана дегеніміз-өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар. 1-бала: Ендеше,біздің балалар,ана туралы ән айтып берсін. 1.Менің анам ақылшым, Күн секілді білгенге Шашырайды шуағы Үйімізге кіргенде 2.Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз 3.Мәпелейсің мені анам, Қолыңдағы құсыңдай Құлпыра өсіп дем алам Құшағыңда қысылмай 4.Бізді өсірген апатай, Еңбегіңде зор екен Құтты болсын апатай Құтты болсын мерекең 5.Аялағеан саялаған, Бар бақытым берекем Апатайым құттықтаймын Бүгін сенің мерекең. 6.Мақтаным апа Шат әнім апа Өзіңе тақпақ Жаттадым апа. Жүргізуші. -Аяулы да алтын нұрлы анашым Жүрегімнен мәңгі бірге боласың Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің Сен дархансың сен жомартсың данасың «Анашым қартаймашы» әні 3.бөлім: 1. Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін күнде мен Құттықтаймын анашым Сегізінші мартыңмен. 2. Әлпештеген аялаған Ақсүт берген апатайым Тақпақ айтып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын. 3. Жарқын жүзді жан анам Сендей болса бар адам. Шаттық кетпес баладан. 4. Ана өмір шырағы Ана өмір бұлағы Бесігімнің жыр әні Жүрегімде тұрады. 5 . Біз доспыз гүлдермен Тек оны жұлмаймыз. Той күні бірбірден Анаға силаймыз. 6 .Еркелеймін шаттанам, Жарқын күлкің бақ мағепан Ақ бетіңнен сүйейін Келші кеплші ақ мамам 7.Бал бөбегін баптаған Мамам үшін мақтанам Ақ бетіңнен сүйейін Келші келші ақ мамам. 3.бөлім: 1-бала: ------- сен домбырамен ән айтасыз ба?,күй тартасыз ба? 2-бала:-Мен ән айтсам сені қашып кетеме деп қорқып тұрмын.Одан да бізге «Балдаурен» ансамбілі «Айналайын анашым» әнін орындап берсін!Ортада «Балдаурен» ансамбілі. Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Аналарды құттықтап, Би билейміз бәріміз. Сүйікті аналар сіздерге арнап би билейді. Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі Мейірлене күледі Үйдегі бар шаруаға Үлгіреді бір өзі Аналар сіздермен ойын ойнасақ. Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек Жүргізуші: Өнеріміз сайыста Жетелейді алысқа Бүгінгі күннің жеңісі Достық болып қалуда-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз(Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды.(Көркем ару,әдемі ару, білімді ару.) 1-бала: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 2-бала: Қош болып тұрыңыз көріскенше Осымен сайысымыз аяқталды. Жүргізуші. Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік,көріскенше күн жақсы болсын ағайын