Просмотр содержимого документа
«Елін сүйген - Елбасы»
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. «Президент күні» туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Слайд-щоу, суреттер, буклет-альбомдар, елтаңба, ту, көрме.
Күннің жарқыраған нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
«Алақай!» деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.
Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?
Жоғарыдан аспан, күн, бұлтты көреміз
Төменнен жер, шөп, суды көреміз.
- Ендеше біз де, аспанға, жерге, күнге және бүгін бізге қонаққа келген апайларға сәлем берейік.
Шеңберге тұрып:
Сәлем саған, Алтын күн!
Сәлем саған, Жер Ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын,
Сәлеметсіздер ме , қонақтар!
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасында.
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер
Елтаңба, Ту, Әнұран.
Біздің Президентіміз кім, білесіңдер ме?
Ия, біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
Иә, балалар. Бүгін біз Елбасы туралы айтамыз. Себебі, 1-желтоқсан ең бірінші тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.
Балалар, Нұрсұлтан атамыздың өмірбаянына назар аударайықшы.
Слайдшоу. «Елін сүйген Елбасы»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы. «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Енді балалар елбасына жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?
Көркем: Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Жанель: Шықты тарап ой данадан.
Өзі қалап ,сайлап алған.
Елімнің бар- президенті
Ол-Нұрсұлтан Назарбаев.
Каусар: Толқиды тебіренер жүрек үні,
Қазақстан деп дүрсілдеген келер үні.
Аспанымыз ашық болғай бейбіт күнде.
Елбасымыз басқарған бүгін күні.
Мирас : Бар әлемге шын танылдық міне біз.
Елін сүйген елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Мадина: Елбасымыз саған мәңгі разымыз.
Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлыжан.
Сіз -біздердің піріміз де, әніміз.
Бексұлтан: Ауыр күнді артымызға тастады,
Қиын сәтте қиындықтан қашпады.
Тілім, дінім, ұлтын қайта көтерген.
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Елбасы елін қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды
Нұрислам: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп.
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік.
Сергіту сәті. «Мен қазақпын»
Балалар, біздің бас қаламыз қалай аталады?
-Астана.
Осы Астана қаласында Президентіміз жұмыс жасайды. Мынау Елбасы отыратын резиденция. Одан кейінгі Хан шатыр ойын-сауық орталығы. Ал, мынау бәріміз білетін Бәйтерек. Бәйтеректің ең жоғары қабатында Президентіміздің қолтаңбасы бар. Сол қолтаңбаға қолымызды қойып, тілегімізді айтсақ, орындалады. Олай болса өз қолымызды қойып тілек айтайықшы.
Балалар тілек айтады.
Балалар, сендерге үлкен рахмет. Сендер бүгін өте белсенді болдыңдар. Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды.