kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғажайып құм еліндегі күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды сумен ойналатын ойындарды ойнату арқылы қызығушылығын арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып құм еліндегі күз»

Күні: 24.11.17ж

Тақырыбы: «Ғажайып құм еліндегі күз»

Мақсаты: 

Білімділігі:  Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін ояту; Жыл мезгілдерінің ауысу, ерешеліктерімен танысу. Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту, қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік : Құмсалғыш (құм тақтайшасы); ылғал құм, түрлі – түсті құм, құмға арналған формалар (жапырақ, жемістер, жеміс – жідектері бар себет)

Қос тілдік компонент:  Құм – песок, Күз - осень, жаңбыр - дождь, салқын - прохладно, бұлттар - тучи, жапырақтар – листья, көкөністер - овощи, жемістер - фрукты.

Сабақтың барысі:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Көңіл – күйлерің қалай? (Балалардың жауабы)

Балалар, бүгінгі күніміз қызықты болмақ.
Шаттық шеңбері:

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыңмен бір жүру.

Балалар бір - біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады. Балалар, бүгінгі күніміз қызықты болмақ.

Тәрбиеші: Қазыр жылдың қай мезгілі? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс балалар, қазір - күз мезгілі.
Балалар, күз мезгілі сендерге ұнай ма? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Балалар, бір дыбыс естіледі. Бұл ненің дыбысы...

Күз ханшайымы: Балалар, мен бір елді білемін...Ол қандай ел дейсіздерғой?! Ғажайып құм елі ... Бырақ менің бір шартым бар...

Тәрбиеші: Күз ханшайымының тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?!

(Балалардың жауабы)



Тәрбиеші: Олай болса, сіздер күз мезгілін құм елінде өткізгілерің келе ме? Балалар, бүгінгі күніміз қызықты болмақ.

Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Ғажайып құм еліндегі күз» деп аталады.

Қәне, Құм еліне саяхатқа баруға дайынсыздар ма?! (Балалардың жауабы)

Олай болса, Құм еліне саяхатқа аттанайық.

Құм еліне «кіру» салт – жоралғысы:

(Музыка ойнайды. Бірінің артынан бірі жүреді)

Тауып алып Мейірім мен махаббат, 
Жеңу үщін қатыгездік, зұлымды, 
Бәрін білу, біле білсең, ол тым аз 
Болу керек пысық әрі белсенді, 
Ержүрек, күшті, мейірімді, 
Сонымен бірге, 
Болу керек зейінді! 



Тәрбиеші: Көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, біз құм еліне келдік.
Ал енді ғажайып құм елінің ережесін қайталап айтып көрейік. 
Бұл жерде ұрысып керісуге болмайды! 
Құмды рұқсатсыз алып шашуға болмайды! 
Достарымен ақылдасып, 
Пікір айтып, жасасуға бірақ болады. 
Тәрбиеші: Қәне, балалар құмзарға жақындайық. Алдымен құммен амандасып алайық. Енді құмнің бізбен амандасқысы келеді, іштей құммен қалай амандасқысы келеді, солай амандассын.

(Екі қолымызды қумның бетіне қоямыз).

Қәне балалар саусақтарымызды жаттықтырып алайық, күз мезгілінде ауа – райы қандай болушы еді. Жел соғады, жаңбыр жауады, жаңбыр қатты жауады.

Тәрбиеші: Күз мезгілі - ол байлық, молшылық айы.Сондықтан берекелі, алтын күз деп атаймыз. Күз ханшайымы бізде сенімен бірге болғанды ұнатамыз.

Күз ханшайымы: Балалар, қыс мезгілі болса жақындап қалды, ал менің көңіл –күйім жоқ. Менің бақшамда гүлдер ашылып, жеміс – жідектер,көкөністер пісіп тұрғанын қалаймын.

Балалар, біз Күз ханшайымының көңілін көтеру үшін құммен сурет салып берейік. Біздің ойымызша күз мезгілі қалай өтіп жатыр. Несімен ерекшеленді. (Балалар құммен сурет сала бастайды.)

Ал енді айнек бетіне құрғақ құмды себелеп саусақтың көмегімен «Алтын күздің» суретін салып көрейік. Ауелі ағаштарды содан соң бұтақтарына жапырақтар мен жемістерді қайтаруымыз керек. Ағаштарды алмалармен және алмұрттармен безендіреді, ағаштардың астына саңырауқұлақтар салады. Адамдар да, аңдар да азықтарын жынап қысқа дайындалады.


«Сәбіз салаты» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды).

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары төмен қозғайды).

Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді).

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Қәне, сіздердің не жасағандарыңды бақылап шығайын.

Ақтолқын: Көкөністермен жемістерді санап берейін.(үш тілде санайды). Жасұлан: Күздегі жаңбырлы күнді ұнатамын. жаңбыр – дождь – rain

Жәния: Көкөністермен жемістердің пішінін салдым.алма– жасыл apple green, жүзім – күлгін greaps, алмұрт – pear yellow сары, құлпынай – қызғылт.

Айзере: Мен алма туралы тақпағымды айтып берейін...

Дария:Мен жүзімді жақсы көремін.

Мен жүзіммін, жүзіммін, моншақ болып төгілдім.

Мейрамбек: Мен құмнан күз бейнесін салдым. Күз - осень - outumn


Жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші балаларға қолдарын сүртуды ұсынады. 

Құм елінен «шығу» салт – жоралғысы. 
Сабақ рефлексиясы: Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр...»

 (Монтессори әдісі бойынша)

- Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады?

- Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
- Ауа райы қандай болады?
- Аспан бұлттанып, жаңбыр көп жауады.
- Балалар қалай киінеді?
- Балалар жылы киінеді.
- Құстар не істейді?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

- Көкөністермен жемістер піседі.

- Алтын астық жиналып қамбаға құйылады.

Жарайды, күз мезгілінің ерекшеліктерін өте жақсы біледі екенсіздер.


Балалар, бүгін біз қайда бардық? 

Кіммен кездестік? 

Біз Күз ханшайымына көмектесе алдық па? 
Ол үшін біз не істедік? 
Сендер бүгін мейірімді жасаушылар болдыңдар. 
Менің көңіл – күйім өте жақсы, Ал сендер не білдіңдер? 
Сендердің көңіл – күйлерің қандай? (Смайліктер арқылы көрсетеді). 
Енді менің сүйкімділерім, Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды қайталаңдар. 
«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істі үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!» Сау болыңыздар! Келесі кездескенше!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғажайып құм еліндегі күз

Автор: Онайбаева Агибаш

Дата: 25.04.2019

Номер свидетельства: 508447

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Ғажайып құм еліндегі күз""
    ["seo_title"] => string(26) "gazhaiyp_ku_m_elindegi_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "506862"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555047290"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Ертегілер еліндегі шалқан" ертегісі бойынша ашық көрініс"
    ["seo_title"] => string(69) "iertieghilier_ielindieghi_shalk_an_iertieghisi_boiynsha_ashyk_korinis"
    ["file_id"] => string(6) "389799"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486636764"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ертегілер еліндегі ғажайып математика"
    ["seo_title"] => string(47) "iertieghilier_ielindieghi_g_azhaiyp_matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "419587"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496162663"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Эссе: Елін с?йген ж?рек"
    ["seo_title"] => string(25) "essieielinsuighienzhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "325118"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462859313"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "открытый урок на тему:  "Ертегілер" елінде "
    ["seo_title"] => string(45) "otkrytyi-urok-na-tiemu-iertieghilier-ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "171069"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423638896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства