kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарыш әлеміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғарыш  әлемімен таныстыру.Аспан  әлемі  денелерімен  таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарыш әлеміне саяхат»

 

Тақырыбы:«Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

-Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Көңіл – күйлерің қалай.Қане осы көтеріңкі көңіл – күймен шаттық шеңберіне тұрып бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

Тәрбиеші:

- Балалар жарайсыңдар орнымызға жайғасайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

--Қазір көктем мезгілі

Тәрбиеші:

- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

Балалар:

-Көктемде күн жылынып, жыл құстары қайта оралады.
Тәрбиеші:

- Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

Балалар:

- Көктем мезгілінде 3 ай бар.Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші:

- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

Балалар:

-Сәуір айында біз Ғарышкерлер күнін атап өтеміз
Тәрбиеші:

- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Тәрбиеші:

-Балалар біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?
Балалар:

- Жер ғаламшарында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев жақында ғарышқа ұшып келген ғарышкер Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. 
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
- Күн,ай,бұлттар болады.
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.сендер жұмбақтың жауабын тауып көріңдер.

1.Бір тілім болып туады,
   Күннен күнге толады, 
   Дөп-дөңгелек болады.        (Ай)

2.Көк жиекті көмкеріп,
   Шатыр жайдым кең керіп.       (Аспан)

3. Басшысы жалғыз,
   Сақшысы сан жүз.      (Ай мен жұлдыз)

4.Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)

Күміс қанат сұңқарды,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттанда тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?

Балалар:

-Бұл ғарышкер

Тәрбиеші:

-Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?

Балалар:

- Біз жерде өмір сүреміз

Тәрбиеші:

-Біз нені басып жүрміз?

Балалар:

- Біз жерді басып жүреміз.

Тәрбиеші:

-Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?

Балалар:

-Аспан, ғарыш

Тәрбиеші:

-Дұрыс балалар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс,   Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. (суреттері көрсетіледі) Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

Балалар:

- Иа көрдік.

Тәрбиеші:

-Сендерге ұнай ма?

Балалар:

- Иа ұнайды.

Тәрбиеші:

- Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

Балалар:

- Зымыранмен ұшамыз.

Тосын сәт:

Залға ғарышкер келеді.

Ғарышкер:

-Сәлеметсіздерме балалар.

Мен сендерді ғарыш әлеміне жеткізуге келдім,дайынбыз ба,

Ендеше балалар дайындалайық.

Арнайы киімдерді киіп алайық.

Балалардың бәрі зымыранға жайғасады.

Тәрбиеші:

-Міне,балалар зымыранымыз да дайын.

Енді дайындалыңдар./музыка ойналады/.

Балалар зымыранға жайғасады.

Тәрбиеші:

-Ғарышқа да келдік.Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар.Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар екен.

Ғарышкерлер ұшар алдында өздерінің арнайы киімдерін киеді,оны скафандер деп атайды.Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынымызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік.

Жұлдыз:

-Сәлеметсіздерме балалар. Аспан әлеміне қош келдіңіздер!

Балалар:

- Салеметсізбе Жұлдыз

Жұлдыз :

-Балалар аспан әлемімен таныссасыңдарма?

Балалар:

-Иа

Жұлдыз:

- Аспан әлеміне нелер бар?

Балалар:

-Аспан әлемінде ғалам,жұлдыздар бар.

Жұлдыз :

- Аспан әлеміне немен келдіңіздер?

Балалар:

- Біз аспан әлеміне зымыранмен келдік

Видеоролик көрсету.9 ғаламшармен танысу.Аспан әлемін таныстырып өту.

Тәрбиеші:

- Балалар енді біз ғарышкерлер күніне арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.




1- бала:

Сырын аштың ғарыштың
Ақылменен төзіммен
Ұшып,зерттеп,таныстың
Аймен,күнмен,жұлдызбен
Алғыс айтамыз жылы лебізбен

2 – бала:

Дамир атты баламын,
Таудай менің талабым.
Үлкен болып өскенде
Мен ғарышкер боламын.

3 – бала:

Әубәкіров ағаның,
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.


4 – бала:

Тоқтар ағам жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Мен де батыр ағадай,
Ұшқым келеді ғарышқа.


5 – бала:

Оқуды жақсы оқысам,
Білімді ойға тоқысам.
Алла мені қолдаса,
Жетермін деп ойланам.

6 – бала:

Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанғақараймын,
Мен ғарышкерболамын.


Жұлдыз :

-Жарайсыңдар балалар,тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер.

-Балалар сендермен мен жұмыс жасағым келіп тұр. Менімен жұмыс жасайсыздарма?

Балалар:

-Иа жасаймыз

Жұлдыз:

- Балалар олай болса, Сендер ұшып келген зымыранды қағаз бетіне түсіреміз.

Балалар зымыранды қағаз бетіне түсіреді./Зымыранның суретін салу./

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.

Дидактикалық ойын:«Кім жылдам »

1.Күн:кемпірқосақта неше түс бар?

2.Жер:Бағдаршамда неше көз бар?

3.Ай:қолда неше саусақ бар?

4.Шолпан :Адамда неше көз бар?

5.Марс:Жұлдыздың неше бұрышы бар?

6.Сатурн:Аспанда неше неше күн бар?

7.Нептун:Бір жылда неше ?

8.Плутон:Бір аптада неше күн бар?

9.Уран:Адамда неше саусақ бар?

Жұлдыз:

- Жарайсыңдар балалар маған сендердің өнерлерің ұнады.

Тәрбиеші:

- Жұлдыз біздің балабақшаға оралуымыз керек. Сізбен қоштасамыз.

Ғарышкер:

-Олай болса балалар,мен сіздерді жер ғаламшарына жеткізейін.

-Балалармен бәрі зымыранға жайғасып жер ғаламшарына келеді.

Тәрбиеші:

-Ғарышкер ағай біздің балалардың сізге арналған әндері бар,балаларымыздың әнін қабыл алыңыз:

Ән: «Мен ғарышкер боламын».

Байқоңырдың даласы

Күн көкжиек арасы

Мен қазақтың киелі

Арда туған-баласы

Биіктерден қараймын

Жұлдыздарды санаймын

Ғарыш әлем көкжиегі

Арманы ғой талайдың.


Жер жиһанды шоламын

Алыстарға барамын

Ғаламат ғаламды танитын

Мен ғарышкер боламын

Таудай батыр баламын

Таусылмайды талабым

Тоқтар мен Талғат ағамдай

Мен ғарышкер боламын.

Ғарышкер балаларға алғыс айтып,қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:

-Балалар бізді аспан әлемінен жер әлеміне кім алып келді?

Балалар:

-Ғарышкер

Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
- Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
- Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
- Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
- Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
- Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
- Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
- Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

/Балалардың жауабы/

Қорытынды:
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді. Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек. Осымен «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін!










































Маңғыстау облысы білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім

бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






«Бекітемін»

«№35 Балдырған бөбекжайы» директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

«05» сәуір 2021 жыл







«Ғарыш әлеміне саяхат»

/Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі/








Дайындаған:№ 10 МАД топ тәрбиешісі:

Оразшаева У.О.
Өткізген:№ 10 МАД топ тәрбиешісі:

Оразшаева У.О.
















Ақтау

2021ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ғарыш әлеміне саяхат

Автор: Оразшаева Улмекен Оракбаевна

Дата: 07.04.2021

Номер свидетельства: 577657

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?арыш   ?леміне  саяхат. Т?рбие ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(51) "g-arysh-lieminie-saiakhat-t-rbiie-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "164172"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422603471"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?арыш ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(25) "g-arysh-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134767"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416805940"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Ғарыш әлеміне саяхат" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(41) "g_arysh_lieminie_saiakhat_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423294"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1498581167"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?арыш ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(22) "garyshlieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "279327"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453217521"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?арыш ?леміне саяхат."
    ["seo_title"] => string(27) "g-arysh-lieminie-saiakhat-3"
    ["file_id"] => string(6) "307396"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458322729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства