Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:01.04.2019ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Пән:Мүсіндеу.
Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»
Тақырыбы: Еңбек құралдар.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Кескішті қолдана білу.
Дамытушылық: Тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылығын арттыру.
Оқыту:Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,денсаулық-сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.үлгі,ермексаз,кескіш,тақтайша,сүлғі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса,жаса, алтын күн!
Жаса,жаса жарқын күн.
Сәлеметсізбе!Балалар бүгін тәнертенң мен балабақшаға кележатқанда бір нәрсе тауып алдым .Мен білмедім бүл қандай нәрсе екен.Мүмкін сендер айтып бересіңдер .(Күректі көрсетемін)
2.Негізгі бөлімі:
-Кім біледі екен?
-Бүл не үшін қажет?
-Біздің балабақшаға қайдан келді?
-Кім күректі тастап кетті?
-Дала сыпыратын адам не істейді?
Балалар біз ермексаздан күрек жасаймыз.Тәрбиеші балаларға түсіндіреді және корсетеді,қалай ермексаздан күрек жасауға.Алдымен қажет алақанның арасында жұқа таяқша жасау керек-бүл таяқша болады .Енді шағын доп жасаймыз,алақанның арасына қысамыз,содан кейін кескішпен үш жағынан кесіп аламыз.Содан кейін ортаға мықтылап таяқша мен дөнгелекті жалғаймыз.Осылай күрек шағады.Балаларға корсету илектеу және тегістеу ермексазды ауада қол қозғалысымен.
Саусақ жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Балалар жасаған жұмыстарын үстел үстіне апарып қояды.
3.Қорытынды:
Балалар біз ермексаздан не жасадық?
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.