kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Атамекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігі»

«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Койшина Гаухар Маратовна

Ән-күй жетекшісі

ортаңғы топ




«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігі


Мақсаты: Балаларға тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Атамекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Жалаушалар. 

2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.  

 («Атамекен» әні әуеніне, музыкамен қолдарына жалаушалар ұстап залға кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар! Біздің бүгінгі «Ботақан» тобының "Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

- Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 

Жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Ең алдымен біздің мақтанышымыз рәміздеріміз. Ал ендеше бәріміз бір адамдай тұрып гимнімізді орындайық.

ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады

(Балалар орындарына отырады)

Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге орай бүлдіршіндердің Отан, туған жерге арнап жаттаған тақпақтарына кезек берейік.

Отан – туған еліміз, Туған жерім, кең далам,

Отан – туған жеріміз. Сенен қуат, нәр алам.

Отан-ортақ үйіміз, Мақтан етем белдеріңді,

Көңілді ән, күйіміз. Мөлдіреген көздеріңді.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Ән: «Отан – Ана!»

Жүргізуші: 16-желтоқсан біздің ең басты мемлекеттік мерекеміз – Республикамыздың тәуелсіздік алған күні! Балалар өздерінің өлең жолдарын біздің Қазақстанымызға арнайды.

Отан – біздің әніміз, Тәуелсіздік жолында,

Отан – біздің сәніміз. Талай – талай тер тамған.

Ер жетеміз туған ел, Билігің өз қолыңда,

Сені сүйіп бәріміз. Еркіндігім – Елтаңбам.


Отан -менің ата-анам,

Отан -досым, бауырым.

Отан -өлкем Астанам

Отан -аудан, ауылым.

(Музыка жүріп, залға Ерден ата кіреді)

Ерден ата: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым – Ерден ата! Мен осы жақтан мереке болып жатқанын естіп, келіп қалдым. Мерекелеріңмен! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мен сендерге бүгін батырлар туралы айтып беруге келдім. Бұл – ертеде болған, ол кезде қазіргідей зәулім әдемі ғимараттар, биік үйлер болмаған, қазақ халқы көшіп-қонып өмір сүрген кез. Сол бір кезде жоңғарлар біздің мемлекетімізге шапқыншылық жасайды. Шапқыншылық кезінде жауға қарсы тұрған – біздің батырларымыз болатын! Олар жеріміздің еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі үшін күресті. Сендердің алдарыңдағы экранға назар аударсаңдар, сол елін, жерін қорғаған батырларымызды көре аласыңдар! Қазақтың танымал батырлары: Қобыланды батыр, Жәнібек батыр, Өтеген батыр.

(экранға слайд көрсетіледі)

Ерден ата: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, батырлар қандай болу керек?

Балалар: Батыл, ержүрек, қайсар, мықты.

Жүргізуші: Ендеше біздің болашақ батыр жігіттеріміз күш сынасып көрсін.

Ойын: «Арқан тартыс»

Ойын шарты: ұл балаларды екі топқа бөліп, арқан тартыстыру.

Ерден ата: Бәрекелді, балалар сендердің араларыңда мықты, батыр балалар шынымен де көп екен.

Жүргізуші: Ерден ата, біздің жігіттердің биін тамашалағыңыз келе ме?

Ерден ата: Әрине.

Би: «Жігіттер»

Ерден ата: Балаларым сендерге рақмет! Менің жолға шығатын уақытым келді, сау болыңдар! Халқымыздың үлгі тұтар ұл-қызы болып өсіңдер!

(музыка жүріп, Ерден ата шығып кетеді)

Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық, тағы тақпақ арнайық.

Көк аспандай көкпеңбек Тәуелсіздік жолында,

Неткен әйбат,әдемі. Талай – талай тер тамған.

Көк емес ол тектен – тек Билігің өз қолыңда,

Елдің ашық қабағы. Еркіндігім – Елтаңбам.

Отан-халық жүрегі, Қуат алған өзінен,

Әр кеудеде тұр ұрып. Туған елдің ұлымын.

Анаң болып күледі, Бақытты етіп өсірген,

Келе жатсаң жүгіріп. Отанымның гүлімін.

Жүргізуші: Біз тәуелсіздік мерекемізді көңілді тойлау үшін тағы бір қонақты ортаға шақырайықшы.

Тазша бала – жылдам, әрі көңілді, билегенді, ән салғанды жақсы көретін бала. Ол өмірге құштар, әрқашан адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлағанды ұнатады. Ендеше сол қонағымызды бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: Тазша бала! Тазша бала!

(Музыка жүріп залға Тазша бала келеді)

Тазша бала: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тазша бала: Мен көңіл көтергенді өте жақсы көремін. Бүгін бізде үлкен мереке, сондықтан менің ән салғым келіп тұр. Сендер «Балдырғандар» әнін білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз

Тазша бала: Ендеше сол әнді бәріміз бірге, хормен шырқайықшы!

(Тазша бала қолындағы таяқшасымен, балаларға жоғары төмен көрсетіп сермеп хор жүргізген болады)

Ән: «Балдырғандар әні»

Жүргізуші: Тазша бала, сенің қолыңдағы не?

Тазша бала: Бұл – дирижер таяқшасы. Бұнымен мен сендер сияқты балалармен хор жүргіземін.

Жүргізуші: Өзің біраз нәрсе біледі екенсің.

Тазша бала: Иә. - Балалар, қазір менімен «Сөйлемді аяқта» ойынын ойнауға қалай қарайсыңдар? Мен сендерге сөйлемді бастап оқимын, сендер оны жалғастыруға тырысыңдар. (Мысал келтіреді: біздің туымыздың түсі – .... көк). Түсіндіңдер ме? (Екі топпен кезектесіп ойынды ойнайды.)

Балалар: Иә, түсіндік, ойнаймыз.

Жүргізуші: Сөйлемді аяқта:

1. Біздің мемлекетіміз – .......

2. Біздің Елбасымыз – ..........

3. Қазақстан Республикасының бас қаласы – ...........

4. Біздің ана тіліміз – ..........

5. Ал, ұлттық валютамыз (ақшамыз) – ............

Тазша бала: Ия, жарайсыңдар балалар, сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.

Жүргізуші: Тазша бала сізге көптен көп рақмет! Біздің мерекемізді көңілдендіріп, балаларды қуантып тастадың. Енді біздің ару қыздарымыздың биін тамашала!

Би: «Сағынышым туған үй»

Тазша бала: Сіздердің балаларыңыз да өте өнерлі, ақылды, батыл екен. Еліміздің елеулі азамматтарының бірі болыңдар! Қазақстанымыз өркендеп, жасай берсін, Еліміз тыныш болсын, сау

болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш – дей отырып, балалардың, туған жер, Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.

Отан деген – атамекен, Отан осы, достарым,

Отан деген – туған жер. Көңілге мұны түйе біл.

Отан – ана, «Отан» деп өс, жас қауым,

Отан – өлкең, Оны ардақтап, сүйе біл.

Қазақстан – туған ел!


Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Еңбегі еленген

Атақты ерім бар.

Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың білімін тексеріп көрейік, кім Отан туралы, туған жер, туған ел туралы мақал-мәтел біледі екен.

Мақал-мәтелдер

1. Отан –елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. Отанды сүю отбасынан басталады.

4. Отан оттан да ыстық.

5. Ел іші – алтын бесік.

6. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

7. Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.

8. Сағынған елін аңсайды,

Сары ала қаз көлін аңсайды.

9. Жат жердің қаршығасынан,

Өз еліңнің қарғасы артық.

10. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Келесі қазақтың мың бұралған қыздарының биін тамашалайық!

Би: «Айгөлек»

Жүргізуші: 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

Ал енді келесі біздің балалардың орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Отаным»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Тәуелсіз мемлекетте жайбарақат өмір сүріп жатқанымыз әрине Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі деп білейік. Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке».

Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігіміз осымен тәмәм. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігі

Автор: Койшина Гаухар Маратовна

Дата: 30.10.2018

Номер свидетельства: 482682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ерте?гілік "Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!""
    ["seo_title"] => string(58) "iertien-ghilik-ielimnin-bak-ytyn-tierbietkien-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "273649"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452254303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!"
    ["seo_title"] => string(43) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "366139"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480956779"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Разработка внеклассного занятия на тему: "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (мерекелік кеш)""
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_vnieklassnogho_zaniatiia_na_tiemu_ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_ui"
    ["file_id"] => string(6) "386949"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486036881"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тәуелсіздік тұғырың"
    ["seo_title"] => string(24) "t_uielsizdik_tu_g_yryn_1"
    ["file_id"] => string(6) "418560"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495727920"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства