kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Драмадан сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топ балаларына арналаған технлогиялық карталар жинағы.Бірнеше сабақ жинағы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Драмадан сабақ жоспары»

Білім беру саласы «Қатынас» Драма ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: (5-6 жас) «Қуыршақ» тобы

Тақырыбы: Қазақ халық ертегісі: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Ертегіні оқи отырып, балалардың қызығушылығын арттыру. Кейіпкерлерімен таныстыра отырып, рөлге бөлу. Ертегі бойынша өз ой-пікірлерін айтуға үйрету. Тілдік шеберлігін молайтып, нақты сөйлеуін қалыптастыру. Ертегіні тыңдап мазмұндауға үйрету.

Билингвалдық компонент: мысық-кошка, сиыр-корова, ағаш-дерево..

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, қандай-қандай ертегілерді білесіңдер?


Дұрыс айтасыңдар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.


Бауырсақ, үйшік, т.б.

Ұйымдастырушылық

ізденіс

Балалар осы ертегілердің мазмұнын білесіңдер ме?

Олай болса осы ертегі-лерден үзінді айтамын, ал сендер қай ертегі екенін айтасыңдар.

Ерегілерден үзініді айту:

-Домалап келе жатты, алдынан қасқыр шықты, Бұл қай ертегі?

-Мен шиқылдауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, кел қоян сенде бізбен бірге тұр. Бұл қай ертегі?

Балалар бүгін біз тағы бір ертегімен танысамыз. ол үшін автобусқа мініп, ертегі театрына барамыз. Міне ертегі театрына жеттік, енді ертегі көрейік.

Тәрбиеші ертегіні оқи отырып, балалардың қызығушылығын арттырады.

Ертеде Мақта қыз бен мысық дос болыпты, Бір күні Мақта қыз үйін сыпырып жатып, мейіз тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады, мысық келмейді, біраздан соң мысық келеді... (жалғасады).

Балалалр бұл ертегі қалай аталады екен? Ертегі сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады?

Сөздік жұмыс:

Мысық-кошка, сиыр-корова, ағаш-дерево.



Сергіту сәті

Енді балалар осы ертегіні кім маған айтып береді?

Слайд көрсету.

Ойын: «Суретіне қарап, таны».

Иә, бұл ертегілердің мазмұнын білеміз.


Зейін қойып тыңдайды.


Бұл Бауырсақ ертегісі.


Үйшік ертегісі ғой.




Автобусқа мініп ертегі театрына келеді.






Мұқият тыңдайды.







Ұнады.

Ертегі бойынша өз ой-пікірлерін айтады.


Тілдік шеберлігін молайтып, нақты сөйлеуін қалыптастырады.

Қимылмен көрсету.



Балалалр ертегінің мазмұнын айтады.

Ойынға белсенді қатысады.

Рефлекстік түзету

Бүгін қай ертегімен таныстық?


Ертегі кейіпкерлерін рет-ретімен кім айтып береді?

Мақта қыз бен мысық ертегісімен таныстық.

Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.


Күтілетін нәтиже:

Ертегіні тыңдап, мазмұндай ұғынады.

Ертегі бойынша өз ой-пікірін айтып жеткізу қабілеті түсінеді.

Қолданады: суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері






























Білім беру саласы «Қатынас» Драма ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: (5-6 жас) «Қуыршақ» тобы

Тақырыбы: Е.Чарушиннің «Торғай» әңгімесі

Мақсаты: Балалардың торғай туралы түсінігін кеңейту. Әңгіме бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық: «Торғай» туралы тақпақ оқу

Сөздік жұмыс: торғай, құстар, шымшық торғай, жыл құсы

Билингвальдық компонент: Торғай-воробей, құстар-птицы, шымшық торғай-синичка.

Дидактикалық материал: «Торғай» әңгімесі, құстардың суреті


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың басқарымдық әрекеттері

Балалардың әрекеті

І кезең-мотивациялық-қозғаушы

Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?

Құстар шыбын, маса, шіркей сияқты жәндіктермен қоректенеді. Олар өзінің жемін ауада ұшып жүріп жейді. Құстардың екі қанаты және екі аяғы бар. Денесі мамықпен жабылған. Құстардың түрлері өте көп. Мен сендерге «Торғай» туралы тақпақ оқып беремін.

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын,

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Торғай, көгершін, қарға, шағала, көкек туралы түсініктерін кеңейту.

ІІ кезең-

проблемалық- ізденушілік

Балаларды өзіме қаратып, бүгінгі өтетін «Торғай» әңгімесін оқып беремін. Соңынан ауызша әңгімелеп беремін. Сұрақ-жауап арқылы әңгімеден не түсінгендерін сұраймын.

  • Әңгіме қалай аталады?

  • Әңгімеде не туралы айтылған?


  • Әңгімедегі баланың аты кім?

  • Сережаға құс аулайтын тор жәшікті кім? Не үшін әкеп берді?


  • СережағаАнасы құстарды неге қинайсың дегенде ол не деді?


  • Шымшық торғайды қалай

ұстады?


  • Сережа торғайды неше күн бақты, не берді?



  • Сережа анасының айтқанын тыңдады ма?

  • Торғай қалай тордан шығып кетіп, жараланды?

  • Сережа шымшық торғайды не үшін алды?






Торғай.

Торғай құсы туралы айтылған.

Баланың аты Сережа.

Сережаның туған күніне нағашысы әкеп берді.

Мен құстарды торға қамап қоямын, олар маған ән салады мен жем беріп асыраймын.

Торды бақтың ішіне апарып, шымшық торғайды ұстап алды.

Ол торғайға екі күн жем беріп, су беріп торды тазалап отырды.


Жоқ.



Сережа торды жабуды ұмытып кеткен, сол кезде торғай тордың есігін тауып алып әйнекті көрмей шыныға соғылды.

ІІІ кезең

Рефлекстік –түзету

  • Балалар әңгіме не туралы?



  • Торғайды кім ұстап алды?

  • Құс ұстайтын торды кім сыйлады?

  • Құстарға қандай қамқорлық көрсету керек?




  • Сережа анасының айтқанын тыңдады ма?

  • Торғай қайда жарақаттанды?


  • Әңгіме сендерге ұнадыма?

Торғай деген құс туралы.


Сережа ұстап алды.


Сережаның нағашысы.


Оларға жем шашып, су беру керек, оларға тас ағаш лақтыруға болмайды.

Жоқ.


Ол терезенң әйнегіне соғылды.

Ұнады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: «Торғай» әңгімесін түсіну.

Түсінеді: Құсқа деген дұрыс көз қарасын қалыптастыру.

Қолданады: Қойылған сұраққа жауап беру.








































«Торғай»

(Е.Чарушин)


Сережаның туған күні еді, жұрт оған көптеген сыйлықтар әкелді: ойыншық қасқыр деймісің, ат деймісің, суреттер деймісің-бәрі бар. Бірақ соның бәрінен ең қымбат сыйлық нағашысынікі болды: ол Сережаға құс аулайтын темір тор жәшік тарту етті.

Тордың жоғарғы жақтауына жұқа тақтай орнатылған да, үстіңгі беті қайырылып қойылған. Сол тақтайшаға жем салып, торды далаға қоясың. Әлдебір құс ұшып келіп, тақтайшаға қонады, сол кезде тақтайша түсіп кетеді де, тор өзінен-өзі жабылып қалады.

Сережа қуанышы қойнына сыймай, торын көрсетпек болып, анасына жүгіріп келді. Анасы айтты:

Мынауың онша жақсы ойыншық емес екен. Саған құстардың қажеті

қанша? Несіне қинайсың оларды?

Мен оларды торға қамап қоямын. Олар ән салады, мен жем беріп

асыраймын!

Сережа біраз дән тауып алып, тақтайшаға төкті де, торын бақтың ішіне апарып қояды. Сонсоң құстардың келуін күтті. Бірақ құстар одан қорқып, торға жоламай қойды.

Сережа торын орнына қалдырып, өзі тамақ ішуге кетті. Қайтып келіп қараса, тордың қақпағы жабылып қалыпты, ішінде аласұрып бір құс жүр. Сережа қуана-қуана құсты ұстап алып, үйіне әкеледі.

Апа! Мына қарашы, мен бір құс ұстап алдым, сірә, бұлбұл ғой деймін!

Жүрегі қалай дүрсілдеп тұр дейсің өзінің!

Бұл шымшық торғай ғой. Ққинама оны, одан да қоя бер,-деді анасы.

Жоқ,мен оған жем беремін, су беремін.

Сережа шымшықты торға қамап, екі күн бойы оған жем шашып, су беріп, торын тазалаумен болды. Үшінші күні ол торғай туралы ұмытып кетіп, суын да ауыстырмады. Анасы оған:

Міне, көрдің бе, сен құсыңды ұмытып та үлгердің, қоя бер оны,-деді.

Жоқ, ұмытпаймын, мен қазір оған су әкелемін, торын тазалаймын.

Сережа қолын тор ішіне жүгіртіп тазалай бастады, шымшық болса, қорыққанынан торға соғылып, елпек қақты. Сережа торды тазалап болып,

су әкелуге кетті.

Оның торды жабуды ұмытып кеткенін байқап қалған анасы:

Сережа торды жауып кет, әйтпесе құсың ұшып шығады да, бірдеңеге

соғылып опат болады!-деді.

Анасы аузын ашып-жиғанша болмады, торғай тордың есігін тауып алып, қанатын бір қақты да, ауызғы бөлмеден терезеге қарай ұша жөнелді.

Бірақ әйнекті көрмей, шыныға соғылысып, терезе алдына құлап түсті.

Сережа жүгіріп келіп, құсты көтеріп алды да, қайтадан торға әкелді.

Торғай әлі тірі екен, алайда қанатын жайған қалпы етпетінен түсіп, ентігіп жатыр. Сережа оған қарап біраз отырды да, бір кезде жылай бастады.

Апа! Енді не істеймін?

Енді ештеңе істей алмайсың.

Сережа күні бойы тордың қасынан кетпей торғайын күзетті. Ал торғай сол бұрыңғы етпетімен түскен қалпы ентіге дем алып жатты да қойды.

Сережа ұйықтауға кеткенде торғай әлі тірі болатын. Сережа көпке дейін ұйықтамады. Көзін жұмса-ақ,торғайы елестеп, соны ойлай берді.

Таңертең Сережа торға келгенде, торғайының енді шалқасынан жатып, аяғын бауырына қысқан қалпы өліп қалғанын көрді. Содан бері Сережа ешқашан құс аулаған емес.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Драмадан сабақ жоспары

Автор: Бижанова Перизат Галимжанкызы

Дата: 21.09.2017

Номер свидетельства: 429084

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "М.?уезов "Е?лік-Кебек" трагедиясы саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(53) "m-uiezov-ien-lik-kiebiek-traghiediiasy-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "212336"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431834788"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства