Ғажайып сәт: Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі. -Балалар, қандай дыбыстар естідіңдер? -Дұрыс. Балалар бүгін біз оқу қызметінде құстар жайлы білеміз. Құстар дала және үй құстары болып бөлінеді. -Қандай дала құстарын білесіңдер? -Қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан (сурет көрсе-тіледі). Дала құстары ағаш түбіндегі құрт, құмырсқалар-мен қоректенеді. Ағаштардың жақсы, жайқалып өсуіне , түрлі жәндіктерден тазаруына көмектесе-ді. -Қандай үй құстарын білесіңдер? Үй құстары туралы жұмбақтар: Ерте тұрады, жар шақырады. (әтеш) Күн бата қонақтап,қалғыған , Таң ата жерден жем аңдыған. (тауық) Кеудесі қайқаңдап, Жүреді байпаңдап. (қаз) Үй құстары туралы мағмұлат: Үй құстарының дыбыстарын балалар шығарады. -Әтеш қандай дыбыс шағарады? -Тауық қандай дыбыс шығарады? -Үйрек қандай дыбыс шығарады? -Қаз қандай дыбыс шығарады? Үнтаспадан ұй құстарының дыбыстарын тыңдайды. -Неге үй құстары дейміз? Өйткені оларды біз үйдің жанында асыраймыз, күтіп бағамыз, қамқор жасаймыз, сөйтіп пайдасын аламыз. -Балалар сендер ертегі ұнатасыңдар ма? - Ендеше ертегі көреміз. -Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? -Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? -Тауық әжеге не тауып береді? -Балалар, тыңдаңдаршы қандай дыбыс естіледі? (үнтаспа қосып, тауықтың даусын шығарады) -Ой, балалар мынау жаңа ертегіден көрген тышқан ғой. - Cәлеметсіз бе, Тауық? Неге көңілсізсің, саған не болды? Тауық: -Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен алтын жұмыртқа тауып едім, тышқан жарып тастады. Жай жұмыртқа тауып, балапан шығарып едім, балапандарымды тышқан ұрлап кетті. Тышқан тапсырмалар берді. Тышқанның тапсырмасын орындасам маған балапандарымды қайтарып береді. Осы тапсырмаларды орындауға көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе? 1- тапсырма Дидактикалық ойын: «Не артық?» 2- тапсырма Ойын қысқыштармен. Қысқыштар арқылы құстардың құйрықтарын жасайды. -Балалар менің қолымда не бар? -Құстарда не жоқ? -Сендерге не жасау керек? 3- тапсырма Дидактикалық ойын: « Енелерін тап». Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Енелерін тауып жұптастыр. Сергіту сәті: Үнтаспадан «Құстар әні» орындалады(балалар бірге құстар биін билейді). 4- тапсырма Балапандардың суреттерін бояу және құстарға жем жасау. Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топ балапан-дардың суреттерін бояйды, екінші топ құстарға ермексаздан жем жасайды. |