Білім беру саласы: «Денсаулық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Доғаның астынан еңбектеп өту».
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды доғаның астынан дұрыс еңбектеп өтуге үйрету. Өздерін еркін ұстауға дағдыландыру. Ойын тәртібін сақтап,сапта өздерін еркін ұстауға баулу, дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, спорттқа деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың ақыл-ойын, қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа бір-бірімен тіл табыса білуге тәрбиелеу және баулу.
Көрнекілік құралдар:Доға, қуыршақ театрының кейіпкерлері- әтеш, аю, қоян, үн таспа, кедергілер, гимнастикалық орындық.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
Мотивациялық іс-әрекет
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Қорытынды.
Мадақтау.
-Қане балалар, шаттық шеңберін құрайық:
Жалқаулықты тастаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Ырғағымен әуеннің
Жаттығуды бастаймыз.
Тосын сәт. Үн таспадан бір дыбыс естіледі.
Тәрбиеші:
-Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу? Көмекке шақырған дыбыс сияқты. Кенеттен есік ашылып, Әтеш жылап кіреді.
-Балалар, бұл Әтеш қой? Неге жылайсың? Не болып қалды?
Әтеш: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқашан ән айта алмаймын.
Сендерді кім оятады?
Тәрбиеші:
-Әтеш, қиналма. Мүмкін біз саған көмек бере алармыз. Не қалайсың?
Әтеш: Маған сиқырлы дәрумен ғана көмектеседі. Ол дәрумен тек қана Қоянда бар. Қоянға жету үшін көптеген кедергілерден өту керек.
Тәрбиеші:
-Балалар, біз кедергілерден қорықпаймыз ғой! Ал балалар, сапарға шығу алдында күш жинап алайық. Әтеш сенде бізбен дене жаттығуын жаса.
(Музыка әуенімен жаттығулар жасау.)
Балалар, енді бас жаттығуынан бастап аяқ ұшы жаттығуына дейін жасаймыз.
1.Басты алға, артқа, оңға, солға ию.
2.Қолды иыққа қойып, алға, артқа айналдыру.
3.Қолды кеуде бойына қойып, жоғары, жанына, төмен түсіреміз.
4.Қолды кеуде бойына қойып, қайшылаймыз
5.Қолды белге қойып, оңға, солға жантаю.
Қолды белге қоямыз
Үлкен болып өсеміз,
Жұлдызға да жетеміз
Тышқан сияқты аяқтың ұшымен жүреміз, (тышқан сияқты жүру)
Қоян сияқты секіреміз, (қоян сияқты секіру)
Аю сияқты қорбаңдап жүреміз.(аю сияқты қорбаңдап жүру).
Бір – екі - үш,
Жинаймыз біз күш!
Иілеміз оңға,
Иілеміз солға.
Бір отырып, бір тұрып,
Жинаймыз біз күш!
Тәрбиеші балалармен бірге сапарға аттанады. Алдынан көпір кездеседі.
-Балалар, алдымызда көпір тұр, сол көпірден өтейік. (Балалар гимнастикалық орындықтың үстінен өтеді.)
-Енді қайда барамыз? Алдарынан Арыстан шығады.
Арыстан:-Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар?
Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, Арыстан! Біз балабақшадан келе жатырмыз. Біздің Әтешіміз ауырып қалды, Қояннан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік.
Арыстан:
-Мен сендерге жолды көрсетейін, бірақ сендер менің бір шартымды орындауларын керек. Екі топқа бөлініп, доғаның астынан ешбір кедергісіз еңбектеп өтулерің керек.
(Балалар доғадан өтеді).
«Кім жылдам» ойыны.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, доғаның астынан еңбектеп өтеді.
Арыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер менің шартымды орындадыңдар. Енді осы жолмен тура жүрсеңдер, Қоянға да жетесіңдер.
Тәрбиеші:
-Балалар, міне Қоянға да жеттік.
-Сәлеметсіз бе, Қоян!Біздің Әтешіміз ауырып қалды. Сізден сиқырлы дәрумен сұрауға келдік.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жарайсыңдар! Сендер достықтың, ұйымшылдықтың, шапшаңдықтың арқасында көп кедергілерден сүрінбей өтіп, маған жеттіңдер. Дәруменді алып, тезірек Әтеш достарыңа жетіңдер. Үнемі көмек беруге дайын болыңдар.
Тәрбиеші:
-Рахмет саған, Қоян!
-Әтеш, міне біз келдік. Балалар саған сиқырлы дәрумен алып келді. (Әтеш дәруменді жеп, ауруынан жазылады.)
Әтеш: Рахмет балалар! Енді мен.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай.
Ку-ка-ре-ку!
Ку-ка-ре-ку!
Енді мен ешқашан ауырмаймын. Сендер де ауырмаңдар. Бүгін сендер маған көмек көрсеттіңдер. Әрдайым мейірімді болып, қиын сәттерде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер.
Сабақты 5 түрлі-түсті кеглимен қорытындылау.
1.Балалар біз бүгін қандай жаттығуларды жасадық?
*Қолымызды созып неге жеткіздік?
*Нелер сияқты жүрдік?
2.Қонаққа не келді?
3.Әтеш не үшін келді?
4.Біз қандай қимылды ойын ойнадық?
5.Дене тәрбиесі сабағының бізге пайдасы бар ма?
Жарайсыңдар балалар! Сендер сабаққа белсене қатыстыңдар.
Балалар тәрбиешімен бірге залға музыка әуенімен кіреді.
Сәлеметсіз бе, әтеш.
Тәрбиешімен бірге жаттығуларды қайталайды.
Сәлеметсіз бе, Арыстан!
Балалар екі топқа бөлініп, доғаның астынан ешбір кедергісіз өтеді.
Сәлеметсіз бе, Қоян!
Рахмет, Қоян.
-Бас жаттығуынан бастап, аяқ ұшы жаттығуына дейін жасадық.
Қолымызды жұлдызға жеткіздік.
Тышқан,аю,қоян
Қонаққа Әтеш келді?
Бізден көмек сұрап, Қояннан сиқырлы дәрумен алуға келді.
«Кім жылдам» ойынын ойнадық.
Әрине, денсаулығымыз мықты болады.