Просмотр содержимого документа
«Дала жануарлары туралы »
Ұйымдастыру кезеңі : Сәлеметсіңдер ме, балалар !
Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр (қонақтармен амандасу).Сабаққа деген көңіл -күйді көрсету.
Шаттық шеңберіне тұру:
Жаңа сабақ:балалар ,біз нені көріп тұрмыз?
Орманды.
Қазір бір ұяшық таңдайық.1-ші ұяшық тапсырмасы:Дала жануарларына байланысты жұмбақ шешу.
1. Сыбдыр шықса қашады.
Қырдан бірақ асады. ( қоян)
2.Қыс бойында жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
2-ші ұяшықтың тапсырмасы:Дала жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер-?
1- бала(қасқыр) Мен көкжал қасқырмын.
Малшыны да састырдым.
Аш болсам ұлимын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын.
2-бала(қоян)
Мен өте қорқамын,
Естіп қалсам сыбдырды.
Жүрегім дірілдеп.
Елең етіп тұрамын.
3-і ұяшықтың тапсырмасы: дидактикалық ойын «Пантонима»
Шарты: бір бала сиқырлы сандықтан бір жануарды алып, қалған балаларға қимыл -қозғалыспен көрсетеді немесе сипаттап айтады.
1-бала:зебра, керік.
2-бала:арыста,қоян.
3-бала:кірпі,тиін.
Тақтадағы барлық дала жануарларының ойыншықтарын қойғаннан кейін,тура және кері санату.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Қазір дала жауарларының аттарын буынға бөлейік.
Аю,кір-пі,ти-ін
4-і ұяшықтың тапсырмасы: «Не артық?» ойыны.
Дала жануарларына жатпайтын суретті алып тастау . Мысалы:қой,ешкі,сиыр т.б (қасқырды ашу)
5-ұяшықтың тапсырмасы: «Кубизм»әдісі.
Кубиктің жан- жағындағы дала жануарларының атын атау.(тиінді ашу)
6-ұяшық ортақ тапсырма:
1-бала:Қыс қарлы болса -жаз жаңбырлы болады,қыс аязды болса- жаз ыстық болады.
2-бала:Тұман түссе- күн жылынады.Аспанда жұлдыз көп болса -күн
Тыйым сөздер:
1-бала: Гүлді үзбе
2-бала:Құмырсқаның илеуін бұзба.
3-бала:Құстың баласына тиіспе,қарғысына қаласың.
Тәрбиеші:Балалар, міне біз барлық ұяшықтың тапсырмаларын орындадық.Олай болса, жасырынған дала жануарларын да таптық.
Сұрақ- жауап: Әрқайсына жеке тоқталу.
Тиін қандай аң?
1-бала:Кішкентай, жүні қалың,үлпілдек,құйрығы ұзын,түсі қызыл сары.Ағаштың басында жүреді,жаңғақ пен саңырауқұлақ жегенді жақсы көреді.
Аю ше?
2-бала: Аю-қорбаңбай,аяғын балпаң басып жүреді,балды жақсы көреді,баласы қонжық.
Дидактикалық ойын: «Не бар,не жоқ» ойыны.
Іс-әрекеттерін бағалау
Тапсырма: Суретте берілген аңдардың түсін келтіріп бояу және жапсыру.
Мысалы:Сұр қасқыр,қызыл сары түлкі,қоңыр аю.
Қорытынды: Міне,балалар қоршаған ортаны аялап,бағалау қажет.Осы дала жануарларының көбі жойылып,мүлдем азайып кетуде.Солар жойылып кетпес үшін аңдарды«Қазақстанның Қызыл кітабына»енгізген.