Просмотр содержимого документа
«Біз кішкентай сиқыршымыз»
Сабақтың тақырыбы: Зұлым бақаның сиқырлары
Сабақтың мақсаты: Проблемалық ситуацияны туғызып ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларға ойын арқылы еліктеу дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту, берілген сұрақтарға толық жауап қайтаруға үйрету.
Сабақтың көрнекі құралдары: Түрлі-түсті картоннан жасалған сиыр, мысық, ат, ит, қой, аю, түлкі, қоян, кірпінің суреттері. Ағашпен, бақшаның суреттері салынған үлкен кітап. Алма, алмұрт, шие, қызылша, сәбіз, шалканың суреттері.
Сабақтың барысы:
Балалар, бізге қонаққа апайлар келіп отыр, кәне амандасайық.
Саламатсыз ба?
Қараңдаршы, мына жерде кім отыр екен. Сен кімсің? Қайдан келдің?
Балалар мынау Айгуль. Ол сиқыршылар әлемінен келді. Ол әлемде балалар бір жаман сиқыршы Айгулдің ойыншықтарын тығып тастаған. Балалар Айгулге көмектесеміз бе?
Жарайды, бірақ немен жетеміз? Онда кәне ұшақты оталдырайық, р-р-р-р деп дауыс шығарамыз.
Енді қолымызды соғып у-у-у-у деген дауысты шығарып ұшамыз.
Балалар, қараңдаршы сендерде түрлі түсті ұшақтар бар. Олардың әр қайсысының үйі бар. Кәне бәріміз ұшақтың үйлерін табайық.
Жарайсыңдар, балалар, қараңдар мына жануарлармен жабайы аңдарды сиқыршы адастырып жіберген. Кәне қайсы үй жануары, қайсы жабайы аң екенін анықтап орналастырайық.
Балалар сендер мысық туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәне айтып берейік.
Біздің үйде мысық тұрады,
Мысық беті-қолын жуады.
Мысық сүт ішеді,
Мысық доп ойнайды.
Мысық тырнақ қайрайды,
Мысық тышқан аулайды.
Жақсы балалар, ал енді мына үйшіктерге назар аударыңдар. Жаман сиқыршы мына үйшіктердің терезелерін құлатып тастаған. Оны жабуы үшін мына үш пішінің біреуін таңдау керек.
Жарайды балалар, бәрін дұрыс орындадыңдар.
Келесі дайындап қойған тапсырманы орындайық. Сиқыршы ата мен әженің бау-бақшасында жемістермен көкөністерін жұлып араластырып жіберді. Ата мен әжеге көмектесеміз бе?
Мына көкөністерді жерге отырғызып, жемістерді ағаштарға орналастырыңдар.
Жарайсыңдар балалар, ал әже туралы қандай тақпақ білесіңдер?
«Алақай-ау, алақай»,
Алақай-ау, алақай,
Қайда болдың балақай?
Барып келдім әжеме.
Әжең саған не берді?,
Малта берді, май берді,
Қаймақ қатып шәй берді,
Сипап тұрып басымнан,
Кетпе деді қасымнан.
Мен ұшқан құс болдым,
Осында келіп қондым.
Балалар мына құмның астында сиқыршы сиқыршы Айгульдің ойыншықтарын тығып тастаған. Кәне қыл қалам алып, құмның астындағы ойыншықтарды табыңдар.
Жарайсыңдар, енді Айгуль қуанып қалады.
Айгул қалай қуанады? Қалай жылайды? Қалай ашуланады?
Балалар Айгул Сендерге рахметін айтып мынандай сиқырлы гүлін сыйлайды. Ол гүлдің балын жеп әр адам күліп қуанып жүреді.
Балалар бүгін біз не істедік? Кімге және неге көмектестік?
Рахмет, балалар, сендер сабаққа қатыстыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Біз кішкентай сиқыршымыз

Жүргізуші: Жаңа жылдың таны неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды манайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына жаңа жылы.
Тақпақтар: Дильнара, Дана, Әділ, Назерке, Нұрталап, Настя, Владик.
Жургізуші: Біз жаңа жыл мерекесінқарсы алуға жиналып отырмыз. Ал сен Аққала қайдан келе жатырсын?
Аққала: Мен балалар көрші Ресей елінде болып, өзіммен бірге қонақтарды әкелдім, қарсыалыңдар.
Орыс биі.
Жүргізуші: Рақмет балалар , рақмет аққала билерін қандай әдемі,енді сендер отырып демалындар, балалардың дайындаған тақпақарын тыңдандар.
Тақпақтар: Назым, Амина, Руслан, ра; Ғали.
Аққала: Балаар мен сендермен жүріп ұмыттып кеттім, мені сендерге Аяз ата жіберді. Ол сендерге сиқырлы сағат беріп жіберді ( іздейді) Қайда екен? Мен барып Ақшақардың көмегін сұракймын.
Шыршаның жанынан Ескі жыл шығады.
Ескі жыл: Қара оны сиқырлы сағатты Аяз атаға бергісі келеді. Бермеймін сиқырлы сағатты, болмайды жаңа жыл.
Жүргізуші: Саламатсыз ба, сіз кім боласыз? Неге жаңа жыл болмайды?
Ескі жыл: Мен ескі тышқан жылмын, бәріде менімен қоштасқысы келеді. Бірақ мен ешкімге сағатты бермеймін. Жаңа жылды болдырмаймын.( Осы кезде Сайқымазақ кіреді)
Жүргізуші: Балалар мынау кім? Қайдан келген қонақ?
Сайқымазақ: Мен, Сайқымазақпын, күлгенді ойнағанды жақсы көремін. Ал сендер неге таласыптұрсыңдар
Жұргізуші: Ескі жылы Аяз атаның сағатың бермеймін дейді.
Ескі жыл: Иә, бермеймін, сендер мені жақсы көрмейсіңдер, менің кеткенің қалайсыңдар, ал мен балалардың айтқан тақпақтарын,өленің, билеген билерін көргім келеді.
Жүргізуші: Жарайды, біздің балалардың дайындаған тақпақтарын тында. Кәне балаар Ескі жылға тақпақтарымызды айтып берейік, мүмкүн онда ол бізге сиқырлы сағатың береді.